«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топқа заңгер ваканттық позициясына орналасуға конкурс (Нұр-Сұлтан қаласы)
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» («Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 5 ақпандағы Заңы) Жобасын басқару тобында заңгер бос лауазымына конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Юриспруденция/құқықтану саласындағы жоғары және/немесе ЖОО-дан кейінгі кәсіптік білім, магистр немесе заң ғылымының кандидаты немесе докторы немесе PhD дәрежесінің болуы басымдық болып табылады;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын (оның ішінде «Еңбек кодексі», «Азаматтық кодекс», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жұмыспен қамту туралы», «Ең төмен әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері туралы», «Білім туралы» заңдар және басқалар), халықаралық құқықтың негізгі нормаларын білу және оларды тәжірибеде қолдана білу, Дүниежүзілік банктің рәсімдерін (сатып алу және/немесе қаржы бойынша) білу басымдық болады;
- ДК/БҚ (мәтіндер мен электрондық кестелерді өңдейтін стандарттық бағдарламалық құралдар, оның ішінде Microsoft Office) тәжірибелі пайдаланушы;
- Сауатты сөйлеу және жазу, логикалық ойлау, үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс жасай білу;
- Жеке/мемлекеттік секторларда немесе жобаларда заңгер болып кемінде 5 (бес) жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Орыс, ағылшын тілдерін білу міндетті;
- Ауызша және жазбаша қазақ тілін білу құпталады;
- Жақсы ұйымдастыру және басқару дағдылары, іскерлік қарым-қатынас пен хат алмасудың тиімді дағдылары, ұйымдастыру және презентациялық дағдылар;
- Командада жұмыс істей білу, қысқа мерзімдерде қажетті ақпаратты табу, тиімді шешімдерді қабылдау және ұсыну машығы.
Жеке консультанттарды іріктеу 2011 жылғы қаңтардағы ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы ірікту және жалдау жөніндегі Дүниежүзілік банктің нұсқаулығында (2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) көрсетілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.
Барлық конкурсқа қатысуға мүдделі және біліктілік талаптарына сәйкес келетін адамдарды 2020 жылғы 2 тамызға мерзіміне дейін ұсынылған нысан бойынша орыс және ағылшын тілдерінде түйіндемені, таңдалған тапсырмада біліктілікті көрсететін ақпаратты kzsj_zakup@mail.ru электрондық мекенжайға, хат тақырыбында позицияны міндетті түрде көрсете отырып ұсынуларыңызды сұраймыз.