«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 437 қаулысы (бұдан әрі – қаулы) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 13-13/Б-84 өз Ережелерін қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келтіру және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуге қатысты тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ жүргізілген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігінің Ережесін «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және өзге де қабылданған Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру бойынша түзетулер енгізілген.
Қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.