2024 жылғы 16 ақпанда Бухарест қаласында (Румыния) Қазақстан-Румыния арасындағы Үкіметаралық Комиссияның (бұдан әрі – ҮАК) 17-ші отырысы өтті. ҮАК аясында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Румынияның Еңбек және әлеуметтік ынтымақтастық министрлігі арасындағы еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жобасы келісілді, оған жақын арада қол қойылатын болады.
Тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және Әлеуметтік қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы Келісімге қол қоюға келісті, ол әлеуметтік қамтамасыз ету үйлестірудің принциптерін, мысалы, зейнетақыларды экспорттау және сақтандыру кезеңдерін жинақтау сияқты мәселелерді ескеретін болады, мақсаты - Румыниядағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбек мигранттары және Қазақстан Республикасындағы Румыния азаматтары болып табылатын еңбек мигранттары зейнетақы құқықтарын қорғау, және Тараптар 2024 жылы онлайн форматта сарапшылар жиналысын өткізуге келісті.