Баспасөз релизі
«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801» бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес келтіру шеңберінде әзірленді («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер ескерілген).
Бірлескен бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты жұмыс берушімен қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпараттың енгізілуі, жұмыс берушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тексеру парақтарын толтыру болып табылады, сондай-ақ Еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуіне бақылау жүргізу.