2020 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы № 332 (бұдан әрі – қаулы) қабылданды.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыруға әзірленді.
Қаулыда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған табыстардан (нақты алынған табыстан) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және төлеу кезінде төменгі шектеуді алып тастау жөніндегі нормалар, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын қызметкерлердің тізімін беру бөлігіндегі нормалар көзделген.