Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит басқармасының 2023 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2023 жылдың 4-тоқсанында «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Қоғам) және «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» (бұдан әрі – Департамент) республикалық мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шаралар өткізілді.
Департаментте өткізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша зейнетақы және өзге де төлемдерді тағайындау бөлігінде бұзушылықтар мен мүгедектігі бар адамдарды сырттай проактивті куәландыру бойынша рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Қоғамда өткізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесінде акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы нормаларының бұзылуы фактілері орын алды.
Анықталған бұзушылықтардың себеп-салдары аудит объектісінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақталмауынан туындайды.
Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі аудит нәтижелері туралы есептер және ішкі аудит нәтижелері туралы есебіне қорытындылар мен ұсынымдарды қамтитын Министрдің шешімдері жолданды.
Ішкі аудит объектілері жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзушылықтарын алдын-алу, бұзушылықтарға жол беру тәуекелдерін төмендету туралы ұсынымдар мен басқа да ұсынымдар берілді.
Ішкі аудитті жүргізу кезінде аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдануға қатысты Басқарма тарапынан консультациялық көмек көрсетілді.