Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабының 41-6) тармақшасына сәйкес «Қауіптілігі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізген кезде наряд –рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарында орындалатын қауіптілігі жоғары жұмыстарға наряд-рұқсаттарды ресімдеу мен қолдану тәртібін айқындау болып табылады.