МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ
ҚАЗАҚСТАН
«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ
Қарыз № 8490-KZ
Тапсырма атауы: кәсіби біліктілікті дамыту мәселелеріне жауапты органды құру және жұмыс істеу үшін негіз қалыптастыру жөнінде консультациялық қызметтер көрсету
№: KZSJ-1.3/CS-10-CQS келісім-шарты
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.
Консультациялық қызметтердің мақсаты кәсіби біліктілікті дамыту мәселелеріне жауапты органды құру және оның жұмыс істеуі үшін негіз қалыптастыру жөнінде консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
- органның Ұлттық біліктілік жүйесі бойынша негізгі стейкхолдерлермен (Біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес, мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер қауымдастықтары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және т. б.) өзара іс-қимылының бизнес-процестерін әзірлеу, оның ішінде біліктілік жүйесі бойынша функциялардың аражігін ажырату;
- ұйымдастыру құрылымын әзірлеу;
- құрылымдық бөлімшелер арасында функционалды бөлу;
- әрбір құрылымдық бөлімшеде және тұтастай орган бойынша қызметкерлер санын есептеу;
- штат кестесін, біліктілік талаптарын және орган персоналына лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу;
- орган ішінде құрылымдық бөлімшелер арасында бизнес-үдерістерді әзірлеу (фронт-офис және бэк-офис);
- органның стратегиялық даму жоспарын әзірлеу (5 жылға);
- органды қаржыландыру көздері мен тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- органның жарғылық құжаттарын әзірлеу;
- органның қызметтері мен өнімдерін анықтау;
- қаржылық жоспар.
Тапсырманың күтілетін ұзақтығы 7 айды құрайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.
Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:
1) консультанттың білім беру және/немесе еңбек қатынастары және/немесе кәсіби сертификаттау жүйесі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
2) консультанттың Ұлттық біліктілік жүйесінің элементтерін әзірлеу және/немесе енгізу бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
3) консультанттың кадр құрамы білім беру және/немесе еңбек қатынастары жүйесі бойынша өзінің жинақталған кәсіби тәжірибесі, Ұлттық біліктілік жүйесінің элементтерін әзірлеу және/немесе енгізу тәжірибесі бар мамандарды қамтуы тиіс.
Тәжірибе мен құзыреттілікті растау ретінде конкурстық өтінімге орындалған жұмыстардың шарттарын/актілерін/ұсыным хаттарды қоса беру қажет. Консультант суб-консультантты/тарды немесе серіктесті/серіктестерді консорциум мүшелері ретінде тартуға құқылы.
Мүдделілік білдіру кері мекенжайы бар ілеспе хатпен, орындаушының байланыс деректерімен ресімделуге тиіс. Қосымша ретінде консультанттың заңдық мәртебесін құжатталған растамамен ұсыну қажет (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру). Тәжірибені растау үшін шарттарды, орындалған жұмыстың актілерін, әзірленген бағдарламаларды, сараптамалық қорытындыларды және қажет болған кезде басқа да құжаттарды қоса беру қажет.
Мүдделілік білдіру титулдық беті бар брошюралар түрінде (конкурстық тапсырманы, өтінім беруші компанияны, кері мекенжайын, электрондық поштасын және орындаушының телефонын көрсете отырып) ресімделуі тиіс, берілген өтінімнің мазмұны болуы тиіс, әрбір бет нөмірленуі және тігілуі тиіс. Сондай-ақ, флэш немесе дискіге тиісті түрде ресімделген өтінімнің электрондық нұсқасын қоса беру қажет.
Мүдделі консультанттардың назарын мүдделер қақтығысы мәселесінде Дүниежүзілік банктің саясатын реттейтін «Дүниежүзілік банк басшылығы: ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) («Консультанттардың басшылығы») 1.9-параграфына аударамыз.
Консультант Консультанттар Басшылығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеу әдісімен (КБІ) іріктелетін болады.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Нұр-Султан уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.
Мүдделілік білдіру жазбаша түрде келесі мекен-жай бойынша (жеке, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2020 жылғы 10 шілдені қоса алғанда кешіктірмей ұсынылуы тиіс:
«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару тобы (ЖБТ)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мәңгілік ел даңғылы 8, 6-кіреберіс, 837-кабинет
электрондық пошта: kzsj_zakup@mail.ru
телефон: +7701-993-2553.