Меню

Страницы

Статья

KZSJ-1.3/CS-03-CQS - МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ

 

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

 

Тапсырма атауы: біліктілік жүйесінің толық циклін апробациялау және пилоттау жөнінде консультациялық қызметтер көрсету

 

№: KZSJ-1.3/CS-03-CQS келісім-шарты

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Консультациялық қызметтердің мақсаты біліктілік жүйесінің толық циклін апробациялау және пилоттау бойынша консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

  • Жаңа құралдар негізінде қызметкерлердің біліктілігін растау және сертификаттауды жүргізу туралы есеп;
  • Сала кәсіпорындарында персоналды іріктеу және басқарудағы біліктілік жүйесінің толық циклін апробациялау туралы есеп;
  • Біліктілік жүйесінің толық циклін іске асырудағы қиындықтарды талдау;
  • Біліктілік жүйесінің толық циклының қорытындысы бойынша жұмыс берушілерден сұрау нәтижелері;
  • Біліктілік жүйесінің толық циклын апробациялау қорытындылары бойынша ұсыныстар және мүдделі тараптармен келісім бойынша пилот нәтижелерін масштабтау бойынша одан әрі іс-шараларды анықтау;
  • Қаржыландыру көздерін, лауазымдық міндеттерін, біліктілік стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту рәсімін, апелляциялық комиссиялардың жұмысын, деректер тізілімін құру және жүргізуді және т. б. қамтитын сертификаттау орталықтарының жаңа моделінің жобасы.;
  • Сертификаттау орталықтары механизмдерінің, модельдерінің және процестерінің блок-схемаларының альбомы;
  • Техникалық тапсырманың іс-шараларын қоғамдық талқылау бойынша дөңгелек үстелдер өткізу нәтижесі.
  • және техникалық тапсырманың мақсаттарына қол жеткізу бойынша т.б.

 

Тапсырманың күтілетін ұзақтығы 7 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.

Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

 

  • Консультанттың білім беру немесе еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;
  • Консультант қызметкерлердің кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау (сертификаттау) саласында кемінде 3 жыл болуы тиіс •
  • Сертификаттау орталықтарының болуы - мүмкіндігінше.
  • Жоғары сапалы және уақтылы қызмет көрсету немесе танылған рейтингтермен немесе тәуелсіз бағалаумен расталған халықаралық танымалдылық үшін мінсіз беделдің болуы.
  • Консультанттың кадрлық құрамы білім беру және/немесе еңбек қатынастары жүйесі бойынша өзінің жинақталған кәсіби тәжірибесі, сертификаттау жүйесінің элементтерін әзірлеу және/немесе енгізу тәжірибесі бар мамандарды қамтуы тиіс. Өз кезегінде, сертификаттау және қызметкерлердің біліктілігін растау жүйесі бойынша жинақталған кәсіби тәжірибе артықшылық болып табылады.

 

Тәжірибе мен құзыреттілікті растау ретінде конкурстық өтінімге орындалған жұмыстардың шарттарын/актілерін/ұсыным хаттарды қоса беру қажет. Консультант суб-консультантты/тарды немесе серіктесті/серіктестерді консорциум мүшелері ретінде тартуға құқылы.

 

Мүдделілік білдіру кері мекенжайы бар ілеспе хатпен, орындаушының байланыс деректерімен ресімделуге тиіс. Қосымша ретінде консультанттың заңдық мәртебесін құжатталған растамамен ұсыну қажет (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру). Тәжірибені растау үшін шарттарды, орындалған жұмыстың актілерін, әзірленген бағдарламаларды, сараптамалық қорытындыларды және қажет болған кезде басқа да құжаттарды қоса беру қажет.

 

Мүдделілік білдіру титулдық беті бар брошюралар түрінде (конкурстық тапсырманы, өтінім беруші компанияны, кері мекенжайын, электрондық поштасын және орындаушының телефонын көрсете отырып) ресімделуі тиіс, берілген өтінімнің мазмұны болуы тиіс, әрбір бет нөмірленуі және тігілуі тиіс. Сондай-ақ, флэш немесе дискіге тиісті түрде ресімделген өтінімнің электрондық нұсқасын қоса беру қажет.

 

Мүдделі консультанттардың назарын мүдделер қақтығысы мәселесінде Дүниежүзілік банктің саясатын реттейтін «Дүниежүзілік банк басшылығы: ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) («Консультанттардың басшылығы»)  1.9-параграфына аударамыз.

Консультант Консультанттар Басшылығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеу әдісімен (КБІ) іріктелетін болады.

 

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Нүр-Султан уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

 

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде келесі мекен-жай бойынша (жеке, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2020 жылғы 10 шілдені қоса алғанда кешіктірмей ұсынылуы тиіс:

 

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару тобы (ЖБТ)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мәңгілік ел даңғылы 8, 6-кіреберіс, 837-кабинет

электрондық пошта: kzsj_zakup@mail.ru

телефон: +7701-993-2553.

 

 

 

Дата публикации
19 июня 2020
Дата обновления
19 июня 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы