Меню

Страницы

Статья

KZSJ-1.3/CS-01-CQS - МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ СҰРАУ САЛУ

 

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

 

Тапсырма атауы: Қызметкерлердің біліктілігін растау және сертификаттаудың әдістемелік құралдарын әзірлеу жөнінде, соның ішінде формалды емес және информалды білім беруді тану жөнінде консультациялық қызметтер көрсету

 

№: KZSJ-1.3/CS-01-CQS келісім-шарты

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын iске асыру үшiн қаржыландыруды алды және консультациялық қызметтер үшiн қаражаттардың бөлiгiн пайдалануға ниет етуде.

Консультациялық қызметтердің мақсаты қызметкерлердің біліктілігін растау және сертификаттаудың әдістемелік құралдарын әзірлеу, оның ішінде формальды емес және информалды білім беруді тану бойынша консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

  • Мемлекеттік органдардың, салалық кеңестердің, «Атамекен» ҚР ҰКП, оқу орындары мен қызметкерлердің біліктілігін сертификаттау және растау жүйесі бойынша басқа да қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі, оның ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен келісілген негізгі өкілеттіктерді анықтау бойынша;
  • «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен келісілген қызметкерлердің біліктілігін растау және сертификаттау жүйесі бойынша әдістемелік құралдарды құқықтық бекіту бойынша ұсынымдар жобасы;
  • ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісілген формалды емес және информалды білім беруді тану бойынша ұсыныстар жобасы;
  • Сертификаттау жүргізу және қызметкерлердің біліктілігін растау тәртібі;
  • Қызметкерлердің біліктілігін растау бойынша сарапшы-бағалаушыларды даярлау тәртібі;
  • Қызметкерлердің біліктілігін растау және сертификаттау жүргізу және даярлау механизмдерінің блок-схемаларының альбомы;
  • және техникалық тапсырманың мақсаттарына қол жеткізу бойынша т.б.

 

Тапсырманың күтілетін ұзақтығы 7 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.

Іріктеуге арналған критерийлер мынадай болып табылады:

 

  • Консультант білім беру және/немесе еңбек қатынастары және/немесе кәсіби сертификаттау жүйесі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
  • Консультант Ұлттық біліктілік жүйесі элементтерін әзірлеу және/немесе енгізу бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
  • Консультанттың кадрлық құрамы білім беру және/немесе еңбек қатынастары жүйесі бойынша өзінің жинақталған кәсіби тәжірибесі, ұлттық біліктілік жүйесінің элементтерін әзірлеу және/немесе енгізу тәжірибесі бар мамандарды қамтуы тиіс. Өз кезегінде, сертификаттау және қызметкерлердің біліктілігін растау жүйесі бойынша жинақталған кәсіби тәжірибе артықшылық болып табылады.

 

Тәжірибе мен құзыреттілікті растау ретінде конкурстық өтінімге орындалған жұмыстардың шарттарын/актілерін/ұсыным хаттарды қоса беру қажет. Консультант суб-консультантты/тарды немесе серіктесті/серіктестерді консорциум мүшелері ретінде тартуға құқылы.

Мүдделілік білдіру кері мекенжайы бар ілеспе хатпен, орындаушының байланыс деректерімен ресімделуге тиіс. Қосымша ретінде консультанттың заңдық мәртебесін құжатталған растамамен ұсыну қажет (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру). Тәжірибені растау үшін шарттарды, орындалған жұмыстың актілерін, әзірленген бағдарламаларды, сараптамалық қорытындыларды және қажет болған кезде басқа да құжаттарды қоса беру қажет.

Мүдделілік білдіру титулдық беті бар брошюралар түрінде (конкурстық тапсырманы, өтінім беруші компанияны, кері мекенжайын, электрондық поштасын және орындаушының телефонын көрсете отырып) ресімделуі тиіс, берілген өтінімнің мазмұны болуы тиіс, әрбір бет нөмірленуі және тігілуі тиіс. Сондай-ақ, флэш немесе дискіге тиісті түрде ресімделген өтінімнің электрондық нұсқасын қоса беру қажет.

Мүдделі консультанттардың назарын мүдделер қақтығысы мәселесінде Дүниежүзілік банктің саясатын реттейтін «Дүниежүзілік банк басшылығы: ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері бойынша Дүниежүзілік банк қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) («Консультанттардың басшылығы»)  1.9-параграфына аударамыз.

Консультант Консультанттар Басшылығында көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеу әдісімен (КБІ) іріктелетін болады.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде келесі мекен-жай бойынша (жеке, пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы) 2020 жылғы 10 шілдені қоса алғанда кешіктірмей ұсынылуы тиіс:

 

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын басқару тобы (ЖБТ)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мәңгілік ел даңғылы 6, 4-кіреберіс, 837-кабинет

электрондық пошта: kzsj_zakup@mail.ru

тел.: +7701-993-2553

 

 

Дата публикации
19 июня 2020
Дата обновления
19 июня 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы