Меню

Страницы

Статья

Вице-министр О. Ордабаев ТМД елдерінің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесіне қатысты

Сочиде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі-ТМД) қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік Кеңесінің 36-шы отырысы өтті. Іс-шара барысында Армения төрағалығы кезеңіндегі Кеңес жұмысының қорытындысы шығарылды.

Отырысқа Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, кәсіподақтардың жалпы конфедерациясының, ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің делегациясы қатысты.

Консультативтік Кеңестің отырысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев қатысып, Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ахуал, егде жастағы азаматтар арасындағы еріктілер қозғалысын дамыту тәжірибесі туралы, Қазақстан Республикасында қашықтықтан жұмысқа орналастыруды ескере отырып, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу процестерін қамтамасыз ету және автоматтандыру бойынша қабылданатын заңнамалық шешімдер мен құқық қолдану практикасы жөніндегі ақпарат ұсынды.

Вице-министр сондай-ақ Кеңестің қатысушыларына Қазақстан Республикасының «Отбасының цифрлық картасы» (бұдан әрі-ОЦК) «электрондық үкіметтің» (Smart Data Ukimet)  ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған Талдамалық шешімді таныстырды. Мемлекеттік органдардың 24 ақпараттық жүйесімен интеграциялау есебінен ОЦК отбасы құрамын анықтауға мүмкіндік береді және отбасылардың өмір сүру деңгейін бағалауды қалыптастырады, сондай-ақ отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша сегменттейді.

«Отбасының цифрлық картасы-біздің отбасыларымызды қолдауға және дамытуға бағытталған тиімді құрал. Бұл жоба біздің барлық азаматтарымыз үшін қолайлы және қолдаушы орта құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді» – деп қорытындылады өз сөзін Олжас Ордабаев.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік Кеңесінің келесі отырысын 2024 жылдың екінші жартыжылдығында өткізу жоспарлануда.

 

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
27 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы