Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы III тоқсандағы Ішкі аудит басқармасының аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары туралы ақпарат

2023 жылғы III тоқсандағы

Ішкі аудит басқармасының аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Ішкі аудит басқармасы 2023 жылдың III тоқсанында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ-де (бұдан әрі – Мекеме) аудиторлық іс-шараны өткізді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторына қол жеткізбеу, бюджеттік қаражатты жоспарлау, тауарлық-материалдық құндылықтарды кірісіне жеткізбеу, іссапар шығындарын өтеу және басқа да бұзушылықтар орын алды. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтамауға жол берілген.

Анықталған бұзушылықтардың себебі аудит объектісінің лауазымды  тұлғалары Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтамауы болып табылады.

Бюджет кірісіне өтеуге және қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар 1 543,7 мың теңге сомасын құрады, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 543,7 мың теңге өтелді және қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектісінің басшысына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімі жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объектісі жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.

Басқарма объектілерге ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық көмек көрсетілді.

Дата публикации
04 октября 2023
Дата обновления
04 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы