Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурстың өткізілетін орны мен күні: Астана қаласы, Мәңгілік Ел, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты,  6 кіреберіс, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-32-45.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 65, телефоны: +7 (727) 279 80 91, 279 65 65.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыру. Протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмек көрсету бойынша мамандырылған медициналық-техникалық көмекті ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде әлеуметтік оңалтудың жаңа құралдарын енгізу, Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау саласындағы инновациялық технологиялар мен жобаларды енгізе отырып, ғылыми-зерттеу және әдіснамалық жұмысты дамыту.

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1) Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары бойынша жоғары білім не протездеу немесе жобалау саласындағы техникалық білім не қоғамдық денсаулық сақтау немесе ортопедия саласындағы медициналық білім. «Іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы құпталады;

2) мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының болмауы.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар  қабылданбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы  өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмелері не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсібиконсультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік  15 күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуға тиіс: Астана қ., Мәнгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс. Анықтама телефоны: 74-29-72.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әңгімелесуден өтеді.

Дата публикации
10 августа 2023
Дата обновления
10 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі аудит департаментінің аудиторлық іс-шараларының қорытындылары туралы ақпарат
Ақпарат
16 октября 2026
2026 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу туралы ақпарат
12 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай бағаланады?

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы