«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялауды көздейтін Әлеуметтік Кодексті іске асыру үшін әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау саласында кешенді аналитикалық-болжамды, іргелі-қолданбалы ғылыми-зерттеу және әдіснамалық жұмыс жүргізу мақсатында әзірленді.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысы «Әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау (2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауында) міндеттерін қойды.
Қаулы жобасы «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-ні «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ға атауын ауйстыруды көздейді.