Ішкі аудит басқармасының ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне және Жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 2-тоқсанында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» және «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ-де (бұдан әрі – Департамент) 2 аудиторлық іс-шаралар өткізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу, жалақыны есептеу және төлеу, іссапар шығындарын өтеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары бар болуда. Департаменттердің қызметіне тиімділік аудитті жүргізу кезінде зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтары, сондай-ақ 2019 жылдың нәтижесі бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторына қол жеткізбеуі анықталды.
Анықталған бұзушылықтардың себебі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын лауазымды тұлғалардың сақтамауы болып табылады.
Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қаржылық бұзушылықтардың анықталған сомалары республикалық бюджет кірісіне өтелуде. Ақмола облысы бойынша департаментіне жолданған шешімнің орындалуы мерзімі аяқталмады.
Аудит объектілерінен ақпарат алынғаннан кейін аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша Басқарма ұсынған ұсынымдарды орындаудың қорытындылары туралы ақпараттың уақытылы мен толық болуына жүйелі түрде мониторинг жүргізілуде.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объектілердің басшыларына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімдері жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша аудит объектісі қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру, зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңнамасын тұрақты зерделеу, қаржылық әрі орындаушылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді.
Басқарма объектілерге ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.