Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде әлеуметтік қызметкерлер еңбегінің қауырттылығына және қарқындылыға сәйкес келмейтін еңбекақының төмен деңгейіне байланысты білікті кадрлардың тапшылығы байқалады.
Кадрмен қамтамасыз ету, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандарды таңдау және даярлау мәселелері, олардың жұмысының нәтижелілігі, адамдық қасиеттері азаматтарға тиісті көлемдегі және жоғары сапалы әлеуметтік қызметтерді ұсыну кепілдіктерін қамтамасыз етуде бірінші дәрежелі мағынаға ие.
Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер халықтың әлеуметтік-әлсіз санаттары үшін әлеуметтік қызмет көрсету барысында контингенттің (мүгедектер, мегедек балалар, оның ішінде психоневрологиялық ауруы бар балалар, жалғызбасты қарттар) ерекшелігіне байланысты жоғары дәрежедегі психоэмоциялық жүктемені сезетінін атап өткен жөн.
Әлеуметтік қызметті өмір сапасының әлемдік стандарттар деңгейіндегі заманауи әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне айналдыру үшін әлеуметтік қызметкерлерді ынталандыруды арттыру жүйесін әзірлеу қажет.
Осыған байланысты әлеуметтік жұмысқа жоғары білікті қызметкерлерді тарту, кадрлардың тұрақсыздығын болдырмау мақсатында әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы белгілеу жолы арқылы арттыру қажет.
Қызметкерлерге қосымша ақы жұмыстың күрделілігі мен жоғары қауырттылығына қарай сараланып белгіленеді.
Шығыстар «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңының жобасында 2019 жылға - 25,1 млрд. теңге жыл сайын қарастырылған, оның ішінде:
2019 жылғы 26 шілдедегі № 19 РБК, 2019 жылғы 27 тамыздағы № 23 РБК