Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 490 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит басқармасының 2022 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Ішкі аудит басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2022 жылдың 4-тоқсанында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де аудиторлық іс-шара өткізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторына қол жеткізбеу және бюджетті жоспарлау бөлігінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Анықталған бұзушылықтардың себеп-салдары аудит объектісінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақталмауынан туындайды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі аудит нәтижелері туралы есеп және ішкі аудит нәтижелері туралы есебіне қорытындылар мен ұсынымдарды қамтитын Министрдің шешімі ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жолданды.
Сонымен қатар, аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша ішкі аудит объектісі жұмысының тиімділігін арттыру үшін бюджеттік қаражатты жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының бұзушылықтарын алдын-алу, бұзушылықтарға жол беру тәуекелдерін төмендету туралы ұсынымдар мен басқа да ұсынымдар берілді.
Басқарма объектіге ішкі аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.