«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2023 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Бұйрық жобасы)
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Бұйрық жобасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1-тармағын және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Аталған Бұйрық жобасының қабылдану мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2023 жылға арналған квотаны белгілеу туралы болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеліп соқтырмайды.
Бұйрық жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған.