«Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сайкес әзірленді
Жобаны қабылдаудың мақсаты жаңа Абай және Ұлытау облыстарын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер қатарына қосу болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрон Үкімет» порталының ашық НҚА бөліміне орналастырылды.