«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 709 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 709 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«6. Ресурстар» деген бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.   

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі               Б. Нұрымбетов

                                              

                                              

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 709 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"
Дата публикации
03 декабря 2020