«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы ___ желтоқсандағы №______бұйрығының жобасы халықты жұмыспен қамту орталығы мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасындағы тікелей байланысты болдырмау және коронавирустық инфекцияның таралуын төмендету мақсатында көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз 2021 жылдың 1 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті автоматты түрде қалыптастыру мақсатында әзірленді.