Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылау жүргізіледі, бюджеттің дұрыс жасалуына және атқарылуына мониторинг, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бұқаралық ақпарат құралдарында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.
Министрліктің веб-сайтының жұмыс істеуінің ашықтығы мен айқындылығы, онда Министрліктің блогына түсетін жарияланымдарды, баспасөз релиздерін, жаңалықтарды, баяндамаларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды уақтылы орналастыру жолымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі күні Министрліктің Интернет-ресурсында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі туралы арнайы бөлім жұмыс істейді. Министрлікте 2019 жылғы желтоқсаннан бастап «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобасының кеңсесі жұмыс істей бастады.
Жобаның миссиясы әлеуметтік еңбек саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, жалпыға бірдей сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың Министрлікке және Министрлікке бағынысты ұйымдарға сенімін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік сатып алулар бекітілген жопарға сәйкес жүргізіледі, мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар мемлекеттік сатып алу веб-парталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді анықтау мақсатында Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет ) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларына, сондай-ақ оларды жүргізу жөніндегі практикалық ұсынымдарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Комитеттің негізгі міндеттерінің бірі Аумақтық департаменттерінің ережелеріне сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыру, бекітілген зейнетақымен қамсыздандыру саласында, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, өкілеттіктер шегінде міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектік және еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін айқындай отырып, олардың себептерін, мерзімдерін анықтау болып табылады.
Еңбекке қабілетті жаста бірінші рет мүгедек деп танылған адамдарға композиттік қызмет көрсету толығымен енгізілді: медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде алғашқы куәландыру кезінде мүгедек әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау үшін құжаттарды тапсыра алады.
Аумақтық департаменттердің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде куәландыру жүргізу кезінде тұрақты негізде мүгедектерге сауалнама жүргізіледі. Сауалнамада қабылдауға келген адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасына да, медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының мінез-құлқына да жеке баға беруге мүмкіндік беріледі. Сауалнамалар қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде күту орындарында орналастырылған. Сауалнама нәтижелерін апта сайын басшының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары қарайды.
Сонымен қатар, Министрлік әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру аясында 2018 жылғы 11 маусымнан бастап 30 қыркүйекке дейін 7 өңірде - Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында электрондық форматта «Мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба өткізді.
Пилоттық жоба шеңберінде бетпебет куәландырумен қатар, ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы электрондық форматта келіп түскен медициналық құжаттар негізінде көрсетілетін қызметті алушының жеке қатысуынсыз, оған қатарлас сырттай куәландыру жүргізілді. Сырттай сараптама жүргізуді басқа өңірлерден медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары иесіздендірілген деректер бойынша жүзеге асырды. Пилот қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушының медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгінуін алып тастау көзделген. Қызмет берушімен тікелей байланысты қоспағанда, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады.
Сырттай куәландыруды сәтті енгізу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің дайындығына, медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама құжаттардың толық және сапалы толтырылуына байланысты болады.
Сондай-ақ, бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету, ұсынылатын техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында Министрлік Әлеуметтік қызметтер порталын (бұдан әрі – Портал) әзірледі.
Порталды енгізу шеңберінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін алып тастау және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін сатып алуды қаржыландыру жүйесін оңтайландыру көзделген. Бұл мүгедектігі бар адамдарға арналған тауарларды өткізу нарығына жағымды әсер етеді және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Портал әлеуметтік қызметтерді алушылар мен жеткізушілердің бірыңғай цифрлық алаңында біріктіреді. Бұл әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті арттырады, әлеуетті өнім берушілер қаражаты мен оңалту қызметтерін сатып алуға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылатынын атап өту қажет. Бұл алаң тиісті жобаны әзірлеу кезеңінде жұртшылықпен кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау мақсатында барлық зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде, холлдарда 2013 жылдан бастап бейнебақылау орнатылды.
Сондай-ақ, Комитеттің аумақтық департаменттері 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде 20 813,0 мың теңге сомасын аудиожазбасы бар бейнебақылау орнатуға өтінім берді, оны республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Комитеттің аумақтық департаменттері 2018 жылы 4 293 514 теңге сомасына материалдық-техникалық жарақтандыру сатып алды (келушілер үшін орындықтар, күту залына орындықтар, диспенсерлер, электрондық кезек, турникет, бейнероликтерді трансляциялауға арналған экрандар).
Сонымен бірге әлеуметтік салада көрсетілген мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру (мүгедектікті тағайындау, зейнетақы, жәрдемақы тағайындау) Министрлік жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шеңберіндегі қабылданған шара болып табылады.
Мәселен, қазіргі уақытта әлеуметтік-еңбек саласында бекітілудегі Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес 40 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде: 23 – орталық деңгейде, 17 – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, облыстық маңызы бар аудандар және қалалар көрсетілді.
Оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ВАК қарау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта 27 қызмет бойынша 21 Жол картасы бекітілді.
2019 жылғы 24 сәуірде Министрлік комитетінің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен өткен селекторлық кеңесте 2018 жылғы аумақтық департаменттердің жұмыс қорытындылары мен 2019 жылға арналған міндеттер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы тыңдалды. Осы кездесу аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласының Департамент басшысының орынбасары Ю. Ким, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
Сонымен қатар, 2019 жылғы ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құзыретті қызметкерлері Министрліктің, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.