Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған ішкі конкурстық комиссиясының
2026 жылғы 6 наурыздағы қорытынды отырысының № 6-1 хаттамасынан үзінді
Конкурстық комиссия ШЕШТІ:
- Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Әміржан Ардахұлы Тәжібеков ұсынылсын.
- Инклюзия департаментінің бас сарапшысы, 1 бірлік;
- Ішкі аудит департаментінің бас сарапшысы, 1 бірлік;
- Персоналды басқару департаменті персоналды бағалау, дамыту және тәртіптік өндіріс басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 27 қыркүйекке дейін), 1 бірлік;
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаментінің бас сарапшысы,
1 бірлік бос және уақытша бос мемлекеттік лауазымдарына Комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің болмауына байланысты жалпы конкурс жариялансын.