Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 168-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
- 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы Н.Т. Төлеевке жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр С. Жақыпова
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________________ Р
|
|
|