«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 406 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 168-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының                                   65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 406 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» 001 бюджеттік бағдарламасы, «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу» 027 бюджеттік бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы
    Н.Т. Төлеевке жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің

міндетін атқарушы                                                                               А. Ертаев

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 406 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
20 февраля 2026