2025 жылдың аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша ақпарат

2025 жылдың

аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша

ақпарат

 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 496 бұйрығымен бекітілген 2025 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес (енгізілген өзгерістерді ескере отырып) ішкі аудит департаменті ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің сегіз (8) департаментінде аудиторлық іс-шаралар өткізді (бұдан әрі - Департамент) (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Абай облыстары және Шымкент қаласы бойынша), үш (3) ведомстволық бағынысты ұйымдарда –  ("Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (электрондық ішкі мемлекеттік аудит), "Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК (тиімділік аудиті), "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (электрондық ішкі мемлекеттік аудит).

Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторына қол жеткізбеу, бюджет қаражатын жоспарлау, жалақы есептеу және төлеу, іссапар шығыстарын өтеу, негізгі құралдар мен тауар-материалдық қорларды есептен шығару, негізгі құралдарды тиімді пайдаланбау бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтамауға жол берілген.

Анықталған бұзушылықтардың себебі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын лауазымды тұлғалардың сақтамауы болып табылады.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит объект басшыларына ішкі аудит нәтижелері туралы есепке Министрдің шешімі жіберілді және Қазақстан Республикасы заңнамасын одан әрі бұзушылықтарды жою және алдын-алу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі аудит объекті жұмысының тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп туралы заңнамасын үнемі зерделеу, қаржылық тәртіпті, оның ішінде министрліктің ведомствоішілік бұйрықтарын қатаң сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.

_________________________________________________________

Дата публикации
18 февраля 2026