Министрліктің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды.

Ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік-құқықтық актілері мен ұйымдық-басқару қызметі талданады. Талдау ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті адамдар талдау анықтамасын дайындайды, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Дата публикации
16 февраля 2026