2025 жылға Мемлекеттік қызметтер көрсету

Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтердің 49 түрі көрсетіледі, оның 45-і электрондық форматта («электрондық үкімет» порталы, «электрондық еңбек биржасы» платформасы, «eGov mobile» және ЕДБ мобильді қосымшалары, белсенді) және 4 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі. 

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 28 немесе 57%-ы проактивті форматта көрсетіледі.

2025 жылы «электрондық үкімет» порталында 2 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды:

1) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу»;

2) «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру».

Сондай-ақ, «Цифрлық құжаттар» сервисінде eGov-mobile мобильді қосымшасында «қорғаншылықты белгілеу туралы мәліметтер» цифрлық құжаты іске асырылды. 

2025 жылдың қазан айынан бастап Министрлік «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамынан төленетін әлеуметтік төлемдерді ақпараттық жүйемен автоматты түрде тағайындау, тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату жөніндегі пилоттық жобаны іске асырды.

Егер бұрын «МӘСҚ» АҚ-дан әлеуметтік төлемдер бойынша өтінімдерді қарау процесіне 8 адам қатысып, оны қарау уақыты 3-тен 5 жұмыс күніне дейін созылса, бүгінгі күні бұл жұмысты 1 жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе орындайды.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлығы 6,7 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 4,5 млн немесе жалпы санының 67,2% -ы электрондық түрде (оның ішінде 1,9 млн проактивті көрсетілген), 2,2 млн немесе 32,8% қағаз түрінде көрсетілген.

 

Дата публикации
12 февраля 2026