Қатысуға құжаттарын тапсырған үміткерлердің болмауына байланысты:
- Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті ақпараттық жүйелерді цифрландыру мен интеграциялауды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 7 тамызға дейін) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына арналған конкурс өтпеді деп есептелсін.
Әңгімелесуге қатысқан үміткерлердің болмауына байланысты:
- Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына арналған конкурс өтпеді деп есептелсін.
Комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің болмауына байланысты:
- Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік);
- Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбекті нормалау және ұлттық біліктілік жүйесін дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік);
- Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбекақы төлеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған конкурс өтпеді деп есептелсін.
Конкурстық комиссия ШЕШТІ:
- Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік);
- Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік);
- Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбекті нормалау және ұлттық біліктілік жүйесін дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік);
- Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті ақпараттық жүйелерді цифрландыру мен интеграциялауды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 7 тамызға дейін);
- Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті еңбекақы төлеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына бос және уақытша бос мемлекеттік лауазымдарына жалпы конкурс жариялансын.