Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік

бағдарламаларын қайта бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодекcінің 168-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
  2. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аппарат басшысы Н.Т. Төлеевке жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                              С. Жақыпова

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 – 2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Дата публикации
26 декабря 2025