«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының тармақтарын іске асыру шеңберінде әзірленді (бұдан әрі – Заң).

         Заңына сәйкес келтіру мақсатында спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынған адамдармен  қатар, құмар ойындары мен бәс тігуге салынған адамдар да әрекетке қабілеті шектеулі деп танылатын бөлігіне толықтыру енгізілді.

2020 жылғы 25 қазанда бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

         2020 жылғы 27 қазанда бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеске қарау және келісу үшін жіберілді.

Дата публикации
25 октября 2020