«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
21-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спиртті ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, құмар ойындар мен (немесе) бәс тігуге қатысқан, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған кезде;
2) мүгедектер мен қарттар спиртті ішімдікке немесе есірткі заттарға, құмар ойындар мен бәс тігуге салынудың салдарынан соттың шешімі бойынша әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кезде шығарылуға жатады.»;
Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам осы Стандарттың 2-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылданады;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ішкі тәртіп қағидаларын жүйелі түрде (үш реттен артық) бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, құмар ойындар мен (немесе) бәс тігуге қатысқан, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.