|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 2025 жылғы 5 қарашадағы № 136
|
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Астана қаласы 2025 жылғы 11 қарашадағы № 571/НҚ
|
|
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2025 жылғы 4 қарашадағы № 347
|
|
Ақмола облысында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі бекітілсін.
1) әлеуметтік қызметтер порталына электрондық кезекті енгізуді;
2) пилоттық жобаны техникалық қолдауды, ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін;
3) электрондық кезекке жазылу процесінің бейне-нұсқаулығын жасауды;
4) Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар нормаларын сақталуын қамтамасыз етсін.
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі _______________ С. Жақыпова
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі _______________ А. Әлназарова |
|
|
|
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрі
___________________Ж. Мәдиев
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 5 қарашадағы № 136, |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2025 жылғы 11 қарашадағы № 571/НҚ мен |
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2025 жылғы 4 қарашадағы № 347 |
|
бірлескен бұйрығына қосымша
|
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
2) көрсетілетін қызметті алушы – куәландырылатын тұлға немесе оның заңды өкілі;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті;
4) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
5) МӘС бөлімі – уәкілетті мемлекеттік органның МӘС жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
6) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.
Көрсетілетін қызметке жазылу үшін МӘС бөлімдеріне әкімшілік-аумақтық бірліктерді салыстыру жөніндегі деректерді енгізу;
мамандардың іссапарларын ескере отырып, жыл соңына дейін МӘС бөлімдерінің қабылдау кестесін қалыптастыру міндетті.
Келесі күнтізбелік жылға арналған МӘС бөлімдерінің қабылдау кестелері мамандардың іссапарларын ескере отырып, Көрсетілетін қызметті беруші тарапынан жыл сайын ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін қалыптастырады.
1) Порталдағы электрондық кезек арқылы МӘС-ке жазылады;
2) МӘС бөлімдерінде тағайындалған куәландыруларға уақтылы барады.
2-тарау. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы куәландырудан өту күні, уақыты және орны туралы «МОДБ» ААЖ арқылы мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне жіберілетін SMS-хабарламалар негізінде тиісті түрде хабардар етілген болып есептеледі.
№ 031/у нысанының қолданылу мерзімі;
тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу;
бос күн мен уақыттың болуы автоматтандырылған режимде тексеріледі.
«МОДБ» ААЖ-да тексерулерден өту кезінде Көрсетілетін қызметті алушыға Порталда демалыс және мереке күндерін, МӘС бөлімдерінің іссапарларын ескере отырып, Көрсетілетін қызметке жазылу үшін бос күндер мен уақыт көрсетіледі.
Жазбадан бас тартқан жағдайда Көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі.
№ 031/у нысаны бойынша бір мезгілде бірнеше жазылуға жол бермеу мақсатында МӘС-ке электрондық кезекке қайта жазылу Порталдағы алдыңғы жазбаның күшін жойғаннан кейін мүмкін болады.
Қайта жазылу бос күндер мен уақыт болған кезде жол беріледі, не алдын ала жазылу бойынша келген адамдарды қабылдағаннан кейін сол күні жалпы кезек тәртібімен өту мүмкін болады.
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритміне
1-қосымша
Нысан
Құрметті аты-жөні!
Сіздің медициналық құжаттарыңыз тексеруден өтті, «https://aleumet.egov.kz/.../.../» сілтемесі бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға жазылуды сұраймыз.
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритміне
2-қосымша
Нысан
Құрметті аты-жөні!
Сіз № ___ медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға (күн.ай.жыл.) ___ күні (қала, көше, үй, кабинет) (сағ:мм) уақыты, мекенжайы бойынша жазылдыңыз, талон нөмірі _______.
Жазбаңыздан «https://aleumet.egov.kz/.../.../» сілтемесі бойынша бас тартуға болады.
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритміне
3-қосымша
Нысан
Құрметті аты-жөні!
Сіз № __ медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне (күн.ай.жыл.) күні, (сағ:мм) уақыты (қала, көше, үй, кабинет) мекенжайы бойынша куәландыруға жазылудан бас тарттыңыз.
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көзбе-көз көрсету кезінде электрондық кезекті қалыптастыру алгоритміне
4-қосымша
Нысан
Құрметті аты-жөні!
Сіздің медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне куәландыруға жазылуыңыз Сіздің белгіленген уақытта келмеуіңізге байланысты жойылды.
Сіз «жеке кабинетте» «https://aleumet.egov.kz/.../.../» сілтемесі бойынша куәландыруға қайта жазылуыңызға болады.