Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстық комиссиясының шешімі:
Қатысуға құжаттарын тапсырған үміткерлердің болмауына байланысты:
- Инклюзия департаментінің бас сарапшысы, 1 бірлік;
- Қаржы департаменті жиынтық есептілік және бюджеттің атқарылуы басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 5 қыркүйекке дейін;
- Қаржы департаменті бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған конкурс өтпеді деп есептелсін.
Комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің болмауына байланысты:
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаментінің бас сарапшысы, 1 бірлік;
- Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына арналған конкурс өтпеді деп есептелсін.
- Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті зейнетақымен қамсыздандыру басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Алтынай Сейтжаппаровна Усенбаева;
- Инклюзия департаментінің бас сарапшысы, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Бекзат Яхияевна Бейсбекова;
- Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Динара Мадениетовна Сарсембинова ұсынылсын.