Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығын (42-шығарылым)
бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
Б. Нурымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 13.11.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 21630 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство труда и социальной защиты населения РК - Директор департамента Анжелика Борисовна Парсегова, 06.10.2020 16:16:23, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК - министр Бейбут Бакирович Атамкулов, 27.10.2020 15:23:33, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство образования и науки РК - Министр Асхат Канатович Аймагамбетов, 20.10.2020 18:55:48, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 09.11.2020 17:41:11, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нурымбетов, 10.11.2020 12:08:57, положительный результат проверки ЭЦП
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 438 |
|
бұйрығына қосымша |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (42-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
2-тарау. Керамика, фарфор және фаянс бұйымдарын өндіру жөніндегі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Ангоба мен глазурь дайындаушы, 3-разряд
жоғары білікті дайындаушының басшылығымен ангоба, глазурь және бояулар дайындау;
тартылған материалдарды өлшеу және оларды рецептураға сәйкес шар дирмендеріне тиеу;
ангобаны, шликер мен глазурьді шар диірменнен араластырғышқа немесе жинақтаушыға төгу және оларды елек пен феррофильтр арқылы өткізу;
шар диірмендерінің жұмысын қадағалау.
шикізат түрлерін;
материалдарды тарту режимін;
материалдарды өлшеу және диірмендерге тиеу қағидаларын;
ангобаны, шликер мен глазурьді төгу амалдарын.
2-параграф. Ангоба мен глазурь дайындаушы, 4-разряд
берілген рецептураға сәйкес ангоба, глазурь және бояулар дайындау;
ангоба материалдарының бөлігін гипстік қалыптарда қақтау, кептіру және капсельдерге төгу;
зертханалық таразыларда декстрина мен желатинді өлшеу;
декстрина мен желатинді ерітіп, ангобамен және глазурьмен араластыру;
жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.
ангоба мен глазурьдің құрамын;
дайындалатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою қағидаларын.
3-параграф. Ангобирлеуші, 2-разряд
бұйымдарды ангобамен (үстіне құйып, батырып, бүріккішпен) тұтас жабу;
ангобаны желімдеуші заттар компоненттерін қоса отырып, талап етілетін консистенцияға дейін сумен араластыру;
бұйымның бетін шаң-тозаңнан тазарту және жұмсақ ысқышпен ылғалдау.
ангобаның қасиеті мен түстерін, жағу тәсілдерін;
бұйымдарды ангобирлеуге даярлығын айқындау тәсілдерін;
бұйымдарды кептіру режимдерін және бұйымдарды тазалау қағидаларын.
4-параграф. Ангобирлеуші, 3-разряд
бұйымдарға трафарет бойынша бүріккішпен бір түсті суреттерді салу;
көркемдік-кәделік бұйымдарға резеңке нәкпен немесе жаққышпен контур бойынша көп түсті суреттерді салу;
бұйымның жиектері мен аяқтарын қайыру.
бұйымдарды айналмада орталықтандыру амалдарын;
ангоба жабынының шеттерін дәл сақтап, түсті ангобаларды жағу тәртібін;
бұйымның жиектері мен аяқтарын кесу тәсілдерін.
5-параграф. Ангобирлеуші, 4-разряд
көркемдік-кәделік бұйымдарға резеңке нәкпен немесе жаққышпен контур бойынша көп түсті суреттерді салу;
бұйымның бетіндегі жиектері мен аяқтарын қайыру;
«фляндрлеу» тәсілімен ыдыстарды көркемдік безендіру;
бұйымдарды тұздық ерітінділермен қолмен әшекейлеу.
ангоба ленталарын бұйымдардың бетіне бірқалыпты жағу және оюдың мәрмәр тәрізді симиллиметретриялық суретін құрастыру амалдарын;
тұз ерітінділерін айқындау тәсілдерін және олармен жұмыс істеу қағидаларын.
6-параграф. Ангобирлеуші, 5-разряд
бірегей, көрмелік және мүсіндік бұйымдарды үлгілер немесе эскиздер бойынша жаққышпен немесе резеңке нәкпен көп түсті ангобамен әшекейлеу;
бұйымның бетіне контур бойынша ангоба тұздарымен сурет оймалау;
бұйым бетін авторлардың эскиздері бойынша жаққышпен немесе рельефсіз нәкпен ангобамен еркін әшекейлеу:
суретті «сграфито» тәсілімен көп түсті қабатталған ангобамен салу.
бұйымдарды ангобирлеу амалдарын және оның сапасына қойылатын талаптар;
бұйымдардың бетіне ангобамен көп түсті суреттерді әшекейлеу амалдарын;
ангобадағы бояғыштың және түс гамиллиметраларының арасалмағы;
эскиздегі түске сәйкес келетін түсті алу үшін ангобаларды араластыру қағидалары;
бұйымдарды түрлі-түсті безендіру композициясын.
7-параграф. Араластырушы, 3-разряд
конструкциясы әртүрлі араластырғыштарда пластикалық материалдарды араластыру процесін жүргізу;
құймалы, пресс сүзгісінің және жаңа дайындалған шликерді араластыру;
электролиттерді дайындау, электролит пен суды араластырғыштарға құю;
електерді, ферросүзгілерді, төгетін науаларды, крандарды жұмысқа дайындау;
шликердің құюға даярлық дәрежесін айқындау, сынама алу;
шликердің төгілуін бақылау, құю ыдыстарының толтырылуын тексеру;
жабдық пен механизмдердің жұмысындағы келеңсіздіктерді жою;
канализация мен жабдықтарды шликерден тазарту.
қызмет көрсетілетін жабдықтар мен механизмдердің құрылысын және жұмыс істеу принципін;
шликерді дайындау рецептурасын;
шликерді араластырғыштарға тиеу және төгу тәсілдерін;
жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдерін.
8-параграф. Аэрографшы, 2-разряд
бұйымдардың бетіне аэрографтың көмегімен бір бояулы жабын жағу;
сурет контурларын трафарет бойынша тазарту;
эмульсия дайындау, трафаретті бояғыш қатпарларынан тазалау және жуу;
бір түсті глазурь дайындау.
аэрографтың жұмыс істеу принципін;
қолданылатын жабындардың қасиеттерін;
бір бояулы жабындарды жағу тәсілдерін;
қолданылатын трафареттердің жарамдылығын айқындау амалдарын;
ақаудың түрлерін, оның пайда болу себептері мен жою тәсілдерін.
9-параграф. Аэрографшы, 3-разряд
аэрографты жартылай автоматты: саткасы бар раманы орнату, мастиканы торға жағу және өзгелерге жұмысқа дайындау;
бұйымның бетіне үшеуге дейін бояулы, көлеңкелі және төмен түсетін жабындарды жағу;
аэрограф машинасының жұмысын бақылау;
торды маймен сүрту үшін және сурет салуға арналған мастиканы жеткізу;
торды мезгіл-мезгіл сүрту;
жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою.
жартылай автоматты аэрографтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
қолданылатын жабындардың қасиеттерін;
жабындарды жағу тәсілдері мен амалдарын;
ақаулықтардың түрлері мен оларды жою тәсілдерін.
10-параграф. Аэрографшы, 4-разряд
бұйымның бетіне трафарет жиынтығының көмегімен үшеуден артық көп түсті және көп бояулы өңі әр түрлі жабындарды жағу;
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін тексере отырып, көп түсті глазурьлерді дайындау;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау.
қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау қағидаларын;
бұйым бетіне өңі әртүрлі және көп өңді жабындарды жағу тәсілдері мен амалдарын.
11-параграф. Бедерлеуші, 2-разряд
массалық түржиынның нысаны бойынша қарапайым және ұсақ бұйымдардың бетіне, қажетті қалыңдық пен олардың арасындағы аралықты сақтай отырып, бедерлер салу;
бұйымдарды конвейерге орнату;
бояулар, сұйық алтын, күміс препараттарын, жаққыштарды дайындау.
қолданылатын материалдар мен дайын бұйымдарға қойылатын талаптар;
бұйымдарға бедерлер салу амалдарын;
бедерлерді салу кезінде суретті бүлдіріп алмау үшін тазалық режимін;
ақаулықтардың түрлері мен оларды жою тәсілдерін.
12-параграф. Бедерлеуші, 3-разряд
берілген үлгі бойынша бұйымдардың бетіне күрделілігі орташа бедерлерді, глазурьдің астын және үстін бояйтын бояуларымен, сұйық алтын, күміс препараттарымен құрамдалған әртүрлі өлшемді ленталарды салу;
бұйымдарды жай ғана соңына бояу.
құрамдалған бірқалыпты ленталар мен бедерлерді жағу кезінде орындалатын операциялардың жүйелілігін;
қолданылатын бояулардың, сұйық алтын, күміс препараттарының негізгі қасиеттерін;
салынатын бедерлердің сапасына және дәлдігіне қойылатын талаптар;
күйдіру кезінде бояулардың түсінің өзгеруін.
13-параграф. Бедерлеуші, 4-разряд
күрделі бұйымдардың бетіне: ірі габаритті, сопақ, декоративтік және сирек кездесетін ленталарды, глазурь астын және үстін бояйтын бояулармен әртүрлі енді сызықтарды, түрлі үйлесімдегі сұйық алтын мен күміс препараттарын салу;
бөлшектерді күрделі шұбарлау;
бедерлегіш жартылай автоматтың көмегімен берілген үлгі бойынша глазурьдің астын және үстін бояйтын бояуларымен, сұйық алтын, күміс препараттарымен құрамдалған әртүрлі өлшемді ленталар мен бедерлерді салу;
жаңа игеріліп жатқан бұйымдарды эксперименталды рәсімдеу.
ірі габаритті, сопақ, декоративтік және сирек кездесетін бұйымдарды жоғары көркемдік рәсімдеу үшін кешенді операцияларды орындау амалдарын;
ленталарды, сызықтарды салу, бояулардың түрлі түсін қолдана отырып, түрлі үйлесімде шұбарлау амалдарын;
бояулардың тондарын іріктеу тәсілдерін;
ақаулықтардың түрлері мен оның алдын алу шараларын.
14-параграф. Блоктарды жарушы, 3-разряд
блоктарды жару орнына тасу және қажетті жағдайда орнату;
блокты кескіш пен балғаның көмегімен жекелеген плиталарға жару және қалдықтарды шетке тастау;
плиткаларды тазалау және оларды өлшемдері, маркалары және сорттары бойынша қалау.
блоктардың механикалық қасиеттерін, кесу схемасын:
плиталардың түржиыны, ақаулықтардың түрлерін.
15-параграф. Бұйымдар мен қалыптарды жинақтаушы, 4-разряд
фарфордан, фаянстан, көркемдік керамикадан және өзге де материалдардан жасалған жұптарды, гарнитураларды, сервиздерді, массалық түржиынның қарапайым және күрделілігі орташа бұйымдарын жекелеген түрлері бойынша партияларды жинақтау;
жекелеген бөлшектерден гипс қалыптарын жинақтау;
сортталған бұйымдарды іріктеу және таңдау;
бұйымдарды түржиыны, типтері-өлшемдері, сорттары және сурет әшекейлері бойынша топтастыру;
гипс қалыптарын кептіруге тасымалдау;
қалыптарды кептіргіштерге орналастыру;
қалыптардың кебуге дайын дәрежесін айқындау;
қалыптарды орны бойынша келтіріп, стендтерге немесе кареткаларға орнату;
жинақталатын бұйымдардың есебін және ілеспе құжаттамасын жүргізу.
қалыптардың бұйымдарын іріктеу, таңдау және жиынтықтау қағидаларын;
жиынтықталған бұйымдарды тараға орналастыру тәртібін;
гипс қасиеттерін және қалыптарды кептірудің температуралық режимін;
қалыптарды стендтерге немесе кареткаларға орнату қағидаларын;
іліспе құжаттамаларды рәсімдеу қағидаларын.
34.Жұмыс үлгілері:
1) биіктігі 300 миллиметрге дейін барельефтер мен бюсттер, ұсақ анималистикалық және үстел үстінде тұратын – тұрмыстық мүсін – жинақтау;
2) барлық фасондағы табақшалар, бокалдар, сорпаға арналған сыйымдылығы 0,9 литрге дейін вазалар, ақжелек салғыштар, кружкалар, бұрыш салғыштар, күкірт салғыштар, жұмыртқаға арналған рюмкалар, бір ұяшықты сауыттар, қыша сауыттары, стандартты шыны аяқтар, сия сауыттары – жинақтау;
3) 12 адамға арналған шай сервиздері, қуыршақ сервиздері – жинақтау;
4) гипс қалыптар – жинақтау.
16-параграф. Бұйымдар мен қалыптарды жинақтаушы, 5-разряд
фарфордан, фаянстан, көркемдік керамикадан және өзге де материалдардан жасалған күрделі бұйымдардың жекелеген түрлері бойынша жиынтықтарды, гарнитураларды, сервиздерді жинақтау;
күрделі және сирек кездесетін бұйымдарды іріктеу және таңдау;
қажет болған жағдайда сортқа қайта таңбалау;
жинақталатын бұйымдарға есеп жүргізу және ілеспе құжаттаманы ресімдеу.
нысаны бойынша жоғары көркемдік және күрделі бұйымдарды іріктеу, таңдау және жиынтықтау қағидаларын;
жинақталатын бұйымдарды тараға орналастыру тәртібін;
іліспе құжаттамаларды рәсімдеу қағидаларын.
1) биіктігі 300 миллиметрден астам барельефтер және бюсттер, көп фигуралы және ірі анималистикалық мүсін – жинақтау;
2) барлық фасондағы табақшалар, сорпаға арналған сыйымдылығы 0,9 литрден астам вазалар, декоративтік және гүл салуға арналған вазалар, кофейниктер, құмыралар, май салғыштар, кеселер, тұздық құйғыштар, шайғыштар, салат салғыштар, қант салғыштар, селедка салғыштар, қаймақ салғыштар, екі ұяшықты сауыттар, кепкен нан салғыштар, тарелкалар, рельефті ақжелек салғыштар, шәйнектер, сыйға тартылатын шыны аяқтар – жинақтау;
3) 12 адамнан астам қолданылатын шай сервиздері – жинақтау;
17-параграф. Бұйымдарды арматуралаушы, 2-разряд
үстелдерде және діріл станоктарында қарапайым конфигурациялы оқшаулағыштарды арматуралау;
арматура бөлшектері мен бұйымдарды арматуралауға дайындау: тазалау, сүрту және оларды арматуралау орнына тасымалдау.
діріл станоктары мен айлабұйымдарының құрылысы мен оларды пайдалану қағидаларын;
арматураланатын бұйымдардың түржиыны;
қолданылатын арматура түрлерін;
әртүрлі типтегі оқшаулағыштарды арматуралау тәсілдерін;
ақаулықтардың түрлері мен оларды жою тәсілдерін.
1) 10 киловольтқа дейінгі кернеудегі тірек оқаулауыштары – арматуралау;
2) желілік аспалы оқшаулағыштар – арматуралау;
3) 6 киловольтқа дейінгі кернеудегі өтпелі оқшаулағыштар – арматуралау;
4) жоғары вольтті сақтандырғыштарға арналған патрондар – арматуралау.
18-параграф. Бұйымдарды арматуралаушы, 3-разряд
арнайы айлабұйымдардың көмегімен үстелдерде, діріл және пневматикалық станоктарда күрделілігі орташа пішінді оқшаулағыштарды арматуралау;
унитаздарды, қол жуғыштарды, су ағызатын бактарды арматуралау;
металл, пластмасса және ағаш арматураны фаянс, фарфор бұйымдарға монтаждау;
электр ваннада қорғасын мен сүрмені балқыту;
арматура мен бұйымдарды жұмыс орнына тасымалдау.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен пайдалану қағидаларын;
арматуралау және арматураланған бұйымдарды сынау қағидаларын;
арматура мен арматураланатын бұйымдардың түржиыны;
арматура тізбектерін монтаждау қағидаларын;
материалдарды арматуралау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін;
ақаулықтардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
1) 10 астам 15 киловольтқа дейінгі кернеудегі тірек оқшаулағыштары арматуралау;
2) 10 киловольт дейінгі кернеудегі негізгі тірек және тірек-қадалық оқшаулағыштар – арматуралау;
3) 6 астам 35 киловольтқа дейінгі кернеудегі өтпелі оқшаулағыштар арматуралау;
4) 10 киловольтқа дейінгі шиналық, колонкалы және қосарлама оқшаулағыштар – арматуралау.
19-параграф. Бұйымдарды арматуралаушы, 4-разряд
екі немесе одан көп бөлшектерден тұратын арматураны, әртүрлі ерітінділер мен қоспаларды жеке-жеке немесе белгілі бір қатынаста пайдалана отырып, күрделі пішінді оқшаулағыштарды арматуралау;
әртүрлі өлшеу құралдары мен шаблондарды пайдалана отырып, арнайы айлабұйымдарда экспорттық және тропикалық орындауда оқшаулағыштарды арматуралау;
унитазды су ағызатын бөшкесімен бір жиында, керамикалық бидэ, су ағызатын бөшкелерді унитазға тікелей қоса отырып, ауруханалардағы суағарларды (видуар) арматуралау;
химаппаратураны арматуралау-брондау;
арматураланған бұйымдарды гидравликамен сынау.
әртүрлі айлабұйымдарды, құралдар мен шаблондардың құрылысы мен пайдалану қағидаларын;
арматуралау және арматуралау бұйымдарын сынау қағидаларын;
су ағызатын бөшкелерді унитазға қосу қағидаларын;
сызбаларды оқу қағидаларын.
1) 15 киловольттан жоғары кернеудегі тірек оқшаулағыштары – арматуралау;
2) 10 киловольттан жоғары кернеудегі негізгі тірек және тірек-қадалық оқшаулағыштар – арматуралау, құрастыру;
3) 10 киловольттан жоғары шиналық, колонкалы және қосарлама оқшаулағыштар – арматуралау;
4) аспалы, тірек қабырғалы оқшаулағыштар – арматуралау;
5) артық кернеуді шектеуіштер – арматуралау;
6) 750 киловольтқа дейінгі кернеулі қақпақ – арматуралау.
20-параграф. Бұйымдарды арматуралаушы, 5-разряд
жүк көтергіш механизмдерді, әртүрлі өлшеу құралдары мен шаблондарды қолдана отырып, діріл станоктарында ірі көлемді қақпақтарды, май толтырылған кіріспелерді, бетонкерамикалық элементтерді арматуралау және монтаждау;
арнайы айлабұйымдарды қалыптан алу.
діріл станоктарын, жүк көтеру механизмдерін, әртүрлі айлабұйымдардың құрылысы мен пайдалану қағидаларын;
арматуралау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін;
ақаулықтардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
1) герметикалық қыстырма – арматуралау;
2) 750 киловольттан жоғары кернеуге арналған қақпақтар – арматуралау.
21-параграф. Бұйымдарды бақылаушы-қабыдаушы, 3-разряд
жартылай дайын өнімді, бұйымдар мен қарапайым конфигурациялы гипс қалыптарын технологиялық процесс сатысы бойынша өту кезінде бақылау, бракқа шығару және қабылдау;
жартылай дайын өнімнің одан әрі жұмысқа жарамдылығын айқындау;
брактарды ақаулардың түрлері бойынша сорт-сортқа айыру;
ішінара операциялық бақылауды жүзеге асыру;
жарамды және бракқа шығарылған бұйымдарға есеп жүргізу;
ілеспе құжаттаманы ресімдеу.
жартылай дайын өнімге және бұйымдарға қойылатын нормативтік құжаттардың талаптарын;
бұйымдардың түржиыны;
өнімнің жартылай фабрикатын бақылау тәсілдерін және қабылдау қағидаларын;
ақаулықтардың әртүрлі түрлерін, оның пайда болу себептерін және жою әдістерін;
есеп жүргізу қағидаларын.
22-параграф. Бұйымдарды бақылаушы-қабылдаушы, 4-разряд
күрделілігі орташа гипстік қалыптар мен күрделі конфигурациялы дайын бұйымдарды бақылау, бракқа шығару және қабылдау;
жартылай дайын өнімді конвейерден түсіру;
керосиндік бақылаудың көмегімен технологиялық және механикалық ақауларды анықтау;
ақауларды жою;
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес бұйымның сортын айқындау;
жарамды жартылай дайын өнімді келесі технологиялық операцияларға тапсыру;
бұйымның физикалық-химиялық көрсеткіштерін айқындау үшін сынамаларды партиядан іріктеу;
бұйым сортын таңбалау, сұрыпталған бұйымдарды конвейерлерге орнату, таңбалау үшін бояу дайындау;
есеп жүргізу және ілеспе құжаттаманы рәсімдеу.
қолданыстағы мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар, технологиялық регламенттер мен нұсқаулықтар;
операциялық технологиялық және қабылдау бақылауларының бақыланатын параметрлерін;
бақылау сынамаларының сапасына қойылатын талаптар;
таңбалау құралдарын және қағидаларын;
бұйымдарды буып-түю және қатарлау тәсілдерін, сызбаларды оқу қағидаларын.
23-параграф. Бұйымдарды бақылаушы-қабылдаушы, 5-разряд
модельдерді, күңгірт қалыптарды, каптарды, жалғамаларды, күрделі гипстік қалыптарды және ерекше күрделі конфигурациялы дайын бірегей бұйымдарды қабылдау, іріктеу және бақылау;
дайын өнімнің үлгілердің, суреттердің, сызбалардың мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкестігіне қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу;
өңдеу технологиялық операцияларын жұмыстау және орындау барысында ішінара бақылау;
бақылау сынамалары мен үлгілерін іріктеу;
аспаптарды, бақылау сынамалар мен үлгілерді сынауға дайындау;
дайын өнімді таңбалау және буып-түю сапасын бақылау;
есеп жүргізу және ілеспе құжаттаманы рәсімдеу.
бұйымдарды әзірлеу бойынша технологиялық процесін;
қолданыстағы мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар, технологиялық регламенттер мен нұсқаулықтар;
сызбаларды оқу қағидаларын;
операциялық технологиялық және қабылдау бақылауларының бақыланатын параметрлерін;
таңбалау құралдары мен қағидаларын;
өнімге есеп жүргізу жүйесін;
ақаулықтардың түрлерін, оның себептерін және жою тәсілдерін.
24-параграф. Бұйымдарды гипс қалыптардан шығарушы, 1-разряд
бұйымдардың қалыптан шығу даярлығын айқындау;
құрғату үшін бұйым қондырғыларына 35 киловольтқа дейін кернеу оқшаулағыштарды гипс қалыптардан шығару;
қалыптарды кептіру және ақаулыққа шығару.
гипстің қасиеттерін;
гипс қалыптарымен жұмыс істеу қағидаларын;
бұйымдарды қалыптан шығару тәсілдерін.
25-параграф. Бұйымдарды гипс қалыптардан шығарушы, 2-разряд
35 киловаттан астам кернеу жағдайында гипс шеңберлерін, тіреу мен көтеру жабдықтарын пайдалана отырып, оқшаулағыштарды қалыптардан шығару.
гипстің қасиеттерін;
бұйымдарды қалыптан шығару амалдарын;
көтеру жабдықтарын пайдалану қағидаларын.
26-параграф. Бұйымдарды және шикізатты кептіруші, 2-разряд
кептіргіш барабанда шикізатты кептіру;
кептіргіш барабанның оттығына отын мен ауаның берілуін реттеу, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша ауа температурасы мен күшін бақылау;
кептіргіш барабанды қосу және тоқтату;
шөмішті элеваторға, түтін сорғышқа, ленталы тасымалдағышқа қызмет көрсету және олардың жұмысын қадағалау;
қожды тазалау, сумен шаю және белгіленген орынға апару;
кептіргіш барабанның бір қалыпты сіңіруін қадағалау;
кептіргіш барабаннан шығарылатын саз бен шикізаттың ылғалдылығын тексеру;
желдеткіштер мен газ аппаратураларының жұмысын қарау және тексеру;
кептіргіш барабанның қажалған бөлшектерін және оған қатысты агрегаттарды майлау.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
шикізатты кептіру режимін және оны реттеу тәсілдерін;
бақылау-өлшеу аспаптарының мақсатын;
отын түрлерін, қасиеттерін және шығыс нормаларын;
көгілдір отынды жағу нұсқасын және газ желілерінің дұрыстығын тексеру тәсілдерін.
27-параграф. Бұйымдарды және шикізатты кептіруші, 3-разряд
әртүрлі конструкциялы кептіргіштерде бұйымдарды кептіру;
кептіргіштерге берілетін жылуды реттеу және берілген температураны ұстап тұру;
бекітілген кестеге сәйкес жүк тиелген вагонеткаларды (кареткаларды) итеріп кіргізу және итеріп шығару;
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша камералардағы қысымды немесе бәсеңдеуін тексеру;
кептіргіште жартылай дайын өнімнің қаншалықты екенін және тиеуге даярлығын тексеру;
кептіргіштердің камераларына бұйымдар, капсельдер мен валюшкалар салынған вагонеткаларды тиеуді басқару;
кептіргіштердің есіктерін қарау және ауаның кебуін болдырмау;
қызмет көрсетілетін жабдықтың жағдайын қадағалау, оны жұмыс істейтін жағдайда ұстау;
кептіргеннен кейін бұйымдардың, капсельдер мен валюшкалардың ылғалдылығын айқындау;
қызмет көрсететін кептіргіштердің жұмыс туралы журналға жазу.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
кептірудің режимдері мен мерзімдерін;
әр түрлі бұйымдарды кептіруге отын шығысының нормаларын;
бақылау-өлшеу аспаптарының мақсатын;
кептіргеннен кейін бұйымдардағы ылғалдылықты айқындау;
газ шығуын болдырмау тәсілдерін;
ақаулықтардың түрлерін және оның пайда болу себептерін.
28-параграф. Бұйымдарды және шикізатты кептіруші, 4-разряд
жоғары білікті кептіргіштің басшылығымен мұнара кептіргіште және кептіргіш барабанда шликерді кептіру процесін жүргізу;
мұнаралы-тозаңдатқыш кептіргіштерді қосу, жылыту және берілген температуралық режимге жеткізу;
шликерді кептіргіш барабанға беретін мембраналы сорғыны қосу және тоқтату;
қабылдағыш бөшкенің толуын және артық қалған шликердің шығыс бассейінге қайтарылуын қадағалау;
шликерді кептіргіш барабанға берілуін және кептірілген массаның кептіргіш барабаннан шығуын реттеу;
аспаптардың көрсеткіштерін арнайы журналда тіркеп, кептіргіштің жұмысын бақылау.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
шликерді кептіру режимдерін;
шликерді кептіргіш барабанға беруді реттеу қағидаларын;
бақылау-өлшеу құралдарын қолдану қағидаларын.
29-параграф. Бұйымдарды және шикізатты кептіруші, 5-разряд
мұнара кептіргіште және кептіргіш барабанда шликерді кептіру процесін жүргізу;
газ жабдықтарының, тиекті арматураның, желдеткіш жүйенің және шликермен қоректену жүйесінің жағдайын және жұмыс істеп тұрғандығын тексеру;
шликермен қоректену жүйесін жұмысқа дайындау;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге және майлауға қатысу.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
отын шығысының нормаларын, оның шығындалуының себептерін және шығынды төмендету тәсілдерін;
шликердің сапасына қойылатын талаптар;
шликердің ылғалдылығын айқындау тәсілдерін.
30-параграф. Бұйымдарды желімдеуші, 2-разряд
капсельдер мен фарфордан, фаянстан жасалған бұйымдарды желімдеу;
желімделетін капсельдер мен бұйымдарды іріктеу;
белгіленген рецепт бойынша силикат массасының ерітіндісін дайындау;
бұйымдарды кептіру үшін қатарлап қою немесе тасымалдау құрылғысының сөрелеріне орнату.
желімделетін массаның құрамы мен қасиеттерін және оны дайындау тәсілін;
желімделетін капсельдер мен бұйымдардың түржиыны;
бұйымдарды желімдеу тәсілдерін.
1) капселдер, отқа төзімді құрал-жабдықтар – желімдеу;
2) сауыттар, күл салғыштар, сия сауыттары – желімдеу.
31-параграф. Бұйымдарды желімдеуші, 3-разряд
салмағы 30 килограмға дейін электр керамика бұйымдарын силикатты массамен және эпоксидті шайырмен желімдеу;
керамикадан, фарфордан, фаянстан бұйымдарды және электр қондырғы бұйымдарын қосарлап желімдеу;
бұйымдарды желімдеу үшін көзбен өлшеу және іріктеу;
сұйық шыны қосылған диабаз ұнынан және кремний фторлы натрийден жасалған тұрақты жағу кезінде бұйымдардың бетін желімдеуге дайындау.
бұйымдардың түржиыны;
желімделген түрде күйдіруге арналған бұйымдар мен касельдері іріктеу, өлшеу және дайындау амалдарын;
бұйымдарды ысқылаудың және қосарлап желімдеудің оңтайлы тәсілдерін;
қышқылға төзімді сылақтардың рецептурасын;
сапасыз желімдеуге байланысты бұйымдардың ақауларын және оларды жою шараларын.
1) табақшалар, май сауыты, кружкалар, шайынды кеселер, шыны аяқтар – желімдеу;
2) химиялық аппаратура бұйымдары: әртүрлі диаметрлі ретификациялық бағандар.
32-параграф. Бұйымдарды желімдеуші, 4-разряд
салмағы 30 астам 50 килограмға дейін электр керамика бұйымдарын және жекелеген элементтердің арнайы құрылғыларын, көтергіш механизмдерді және өлшегіш құралды пайдалана отырып, сода ерітіндісінде, эпоксидті шайырда және шликерде желімдеу;
сода ерітіндісі мен шликерді дайындау.
қолданылатын жабдықтардың, құрылғылар мен құралдардың құрылғысы мен пайдалану қағидаларын;
массаның құрамы мен қасиеттерін, ылғалдылығын және оны айқындау әдістерін;
сода ерітіндісінің, эпоксидті шайыр мен шликердің қасиеттерін;
желімделетін бұйымдардың түржиыны және олардың элементтерін.
Салмағы 50 килограмнан астам электр керамика бұйымдарын түсірілетін планшайбасы бар тік станоктарда желімдеу кезінде – 5-разряд.
33-параграф. Бұйымдарды кесуші, 2-разряд
қабыршықтарды қабыршық кескіштерде кесу;
станоктар мен престерде сыртқы және ішкі диаметрі 22 х 18 миллиметр дейін буын саны екіге дейін тік, тегіс, қисық сызықты фарфор құбырларының дайындамаларын кесу;
кескіш жабдықтарды жұмысқа дайындау, оны іске қосу, тоқтату;
кесуді қадағалау және бұйымдарды кесу сапасын ішінара тексеру;
құбырларды өлшемдері мен түржиыны бойынша қатарлау;
станокты тазалау, кесілген қабыршықтарды белгіленген тәртіппен және орынға салу, жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
бұйымды кесу сапасына қойылатын талаптар;
бұйымдарды кесу қағидаларын, кесетін құралдарды қайрау және түзету қағидаларын;
бұйымдарды қатарла тәсілдерін.
34-параграф. Бұйымдарды кесуші, 3-разряд
кесетін станоктарда керамика плиткаларын кесу;
станоктарда немесе престерде сыртқы және ішкі диаметрі 22х18 миллиметрден жоғары буын саны екеуден артық фигуралық, қырлы, бұрандалы, фарфор құбырлардың дайындамаларын кесу;
құбырларды кесудің сапасын іріктеп тексеру;
кесетін станоктардың дұрыстығын тексеру және оны тазалау;
кесілген плиталарды жәшіктер мен тасымалдағыштарға салу;
қалдықтарды жәшікке жинау және оларды арнайы бөлінген орынға апару.
кесетін станоктың құрылғысын;
кесілген бұйымдардың түржиыны және олардың сапасына қойылатын талаптар;
кесетін құралдарды қайрау және түзету қағидаларын.
35-параграф. Бұйымдарды кесуші, 4-разряд
блокты, кеуекті және сүзілетін плиталарды кесу;
кесетін станоктың арбасына блокты орналастыру және бекіту;
кесетін станоктың дұрыстығын тексеру және оны жұмысқа дайындау;
слесарьмен бірлесіп станокқа дискті орнату және ауыстыру, станокқа қорғаныс құрылғыларын бекіту;
желдеткіш жүйе жұмысының дұрыстығын қадағалау;
жарамсыз бұйымдарды бракқа шығарып, кесілген блоктар мен плиталарды белгіленген орынға салу;
станок жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;
станоктың қажалған бөлігін майлау және оны тазалау.
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын және оны пайдалану қағидаларын;
блоктар мен плиталардың түржиыны;
бұйымды кесу сапасына қойылатын талаптар;
станок жұмысындағы ұсақ ақауларды жою қағидаларын.
36-параграф. Бұйымдарды қалыптаушы, 2-разряд
пластикалық масса мен саздан жасалған нысаны бойынша қарапайым фарфор, фаянс және керамикалық бұйымдарды станоктарда немесе жартылай автоматта қалыптау;
қалыптайтын жабдықтарды жұмысқа дайындау;
майларды дайындау;
гипстік қалыптардың жағдайын, қалыптауға келіп түсетін массаның ылғалдылығын және сапасын бақылау;
қалыпталған бұйымдарды түсіру;
қарапайым құралдарды қолдана отырып, бұйымдарды түзеу, қабыршақтарын түсіру, жарықтарды бітеу және тазалау;
бұйымдарды кептіргіштердің сөрелеріне орнату;
жабдықтардың жұмысындағы ұсақ келеңсіздіктерді жою.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
бұйымдарды қалыптаудың технологиялық процесін;
қалыптау массасы мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
ақаулықтардың түрлерін және оны алдын алу тәсілдерін.
қалыптау:
1) дәріханалық банкалар, диаметрі 100 миллиметрге дейін бомзалар;
2) гүлдерге арналған диаметрі 200 текше сантиметрге дейін құмыралар, тарақшалар, қарапайым қыша сауыттары;
3) қарындаш салғыштар, қазықшалар, кресттер, шарлар, призмалар;
4) гүлдерге арналған құмыралардың тіреулері, қыша сауыттары;
5) стакандар, бір ұяшықты сауыттар, анималистикалық статуэткалар;
6) электр керамика бұйымдары: ішкі диаметрі 100 миллиметрге дейін, биіктігі 100 миллиметрге дейін капсельдер мен ернеушелер, отқа төзімді бүріккіштер.
37-параграф. Бұйымдарды қалыптаушы, 3-разряд
қалыптау станоктарында немесе жартыла автоматтарда орташа күрделі фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын қалыптау;
тік қалыптау станоктарда электр керамика бұйымдарын гипстік, металл қалыптарда итергішпен немесе еркін қалыптау әдісімен қалыптау;
шаблондар мен планшайбаларды орнату;
қалыпталатын роликті үлгіні солярий-стеаринді маймен майлау;
қалыптағыш станоктың үлгі ұстағышты жіберу дәрежесін реттеу;
қалыпталатын массаның ылғалдылығын және сапасын бақылау;
аспаптар мен өлшегіш құрал-саймандарды қолдана отырып, бұйымдарды түзеу, жазу, тегістеу, сүрту, жуу және тазалау;
бұйымдарды конвейерлі кептіргіштердің сөрелеріне орнату;
жабдықтың жұмысындағы ұсақ келеңсіздіктерді анықтау және жою.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
бұйымдарды қалыптаудың технологиялық процесін;
қалыпталатын массаға және дайын бұйымдарға қойылатын талаптар;
планшайбалар мен үлгілерді орнату тәсілдерін және қағидаларын;
бұйымдарды түзеу амалдарын;
ақаулықтардың түрлерін және оны жою тәсілдерін.
қалыптау:
1) диаметрі 100 миллиметрден астам бомзалар, шыны аяқ табақшалары;
2) диаметрі 400 текше сантиметрден астам гүл салатын құмыралар, рельефті қыша сауыттары;
3) сыйымдылығы 100 текше сантиметрге дейін кружкалар;
4) күл салғыштар, кеселер;
5) жұмыртқаға арналған рюмкалар, қуыршақ сервиздері;
6) көп ұяшықты сауыттар, ақжелек салғыштар;
7) электр керамика бұйымдары: диаметрі 150 миллиметрге дейін оқшаулағыштар, ішкі диаметрі 100 астам 200 миллиметрге дейін, биіктігі 100 астам 200 миллиметрге дейін капсельдер мен ернеушелер.
38-параграф. Бұйымдарды қалыптаушы, 4-разряд
конфигурациясы күрделі фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын қалыптағыш станоктарда, жартылай автоматтарда немесе қалыптағыш-кептіргіш агрегаттарда қалыптау;
тік қалыптау станоктарда орташа күрделі электр керамика бұйымдарын гипстік, металл қалыптарда итергішпен немесе еркін қалыптау әдісімен қалыптау;
гипстік және металл қалыптардың, қалыптағыш-кептіргіш агрегаттардың вакуумды сорғысының жағдайын және жұмысқа жарамдылығын тексеру;
гипстік және синтетикалық қалыптардың тозу және жұмысқа жарамдылық дәрежесін айқындау;
әртүрлі аспаптарды қолданып, бұйымдарды түзеу және өңдеу;
қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
бұйымдарды қалыптаудың технологиялық процесін;
қалыпты масса мен дайын бұйымдарға қойылатын талаптар;
бұйымдарды түзеу амалдарын;
ақаулықтардың түрлерін және оны алдын алу тәсілдерін.
қалыптау:
1) сыйымдылығы 400 текше сантиметрге дейін бокалдар, бөшкелер, шыны аяқтар;
2) тосап пен сорпаға арналған вазалар;
3) гүлдерге арналған диаметрі 400 текше сантиметрден астам құмыралар;
4) сервиз бұйымдары;
5) сыйымдылығы 100 текше сантиметрден астам кружкалар;
6) май салғыштар, мискалар, сүт құйғыштар;
7) тұздық құйғыштар, сыйымдылығы 750 текше сантиметрге дейін шайғыштар;
8) дөңгелек салат салғыштар, қарапайым кепкен нан салғыштар;
9) диаметрі 200 миллиметрге дейін тарелкалар;
10) электр керамика бұйымдары: диаметрі 150 астам 500 миллиметрге дейін оқшаулағыштар, ішкі диаметрі 200 миллиметрден астам, биіктігі 200 миллиметрден астам капсельдер мен ернеушелер.
39-параграф. Бұйымдарды қалыптаушы, 5-разряд
ерекше күрделі және сирек кездесетін фарфор және керамика бұйымдарын қалыптағыш станоктарда және жартылай автоматтарда қалыптау;
әртүрлі тік қалыптау станоктарда конфигурациясы күрделі электр керамика бұйымдарын ажырағыш қалыптарда 5-тен астам үлгіні қолдана отырып қалыптау;
қалыптардың жағдайын және қалыптауға жарамдылығын тексеру;
үлгіні жіберу дәрежесін реттеу;
қызмет көрсететін жабдықтарды баптау.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
бұйымдарды қалыптаудың технологиялық процесін;
қалыпталатын массаның және қалыпталатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
күрделі дайындамалар мен бұйымдарды қалыптау әдістерін және тәсілдерін;
ақаулықтардың түрлерін, оны жою тәсілдерін.
қалыптау:
1) табақша, сыйымдылығы 400 текше сантиметр бокалдар;
2) сорпаға, жемістерге, компотқа арналған және декоративтік вазалар;
3) кисэ, кофейниктер, құмыралар;
4) сыйымдылығы 750 текше сантиметрден жоғары шайғыштар;
5) қант салғыштар, селедка салғыштар, қаймақ салғыштар, рельефті кепкен нан салғыштар;
6) диаметрі 200 миллиметрден жоғары тарелкалар;
7) шәйнектер;
8) электр керамика бұйымдары: диаметрі 500 миллиметрден астам оқшаулағыштар.
40-параграф. Бұйымдарды құйып жасаушы, 2-разряд
әртүрлі керамикалық материалдардан гипстік формаларда қарапайым конфигурациялы бұйымдарды құю;
саңылауларды тазарта отырып, пештабандарға ажыратқыш қабаттар, шликер мен глазурь сеуіп, қаптайтын тақталарды конвейерге құю;
гипстік қалыптарды құюға дайындау: оларды тазалау және сүрту;
шығын бөшкелерінде қаншалықты шликер бар екенін тексеру;
рецептураға сәйкес құю шликерін дайындау және оның жарамдылығын айқындау;
қалыптарды шликермен қолмен немесе жылжымалы конвейерде кесек қалыптарға құю;
қалыптарды ажырату және бұйымдарды шығару;
тақталарды пышақпен кескеннен кейін пештабандарды конвейерден түсіру;
құймалардың қалдықтарын кесу, үйінділерді жою және тазалау;
қабыршақтарды алу, жарықтарын бітеу және бұйымдарды түзету мен тазалау;
гипстік қалыптарды құрастыру;
тақталарды саңылау пештерге тиеу.
бұйымдардың құюдың технологиялық процесін;
құрастырудың жүйелілігін, қалыптарды бекіту және ажырату тәсілдерін;
пештабандары сұрыптау қағидаларын;
құйылған бұйымдарға қойылатын талаптар;
құрылғылар мен құралдарды тазалау амалдарын және пайдалану қағидаларын.
1) ақжелек салғыштар, кружкалар мен қарапайым стакандар, бұрыш салғыштар, бір ұяшықты сауыттар – құю;
2) электр керамикалық бұйымдар, бомзалар 2 килограмға дейін күйдірілген түрдегі массада оқшаулағыштар, сақиналар, аралық қалыптар, керамикалық конденсаторлар, платалар – құю.
41-параграф. Бұйымдарды құйып жасаушы, 3-разряд
үстелдерде, конвейерлер мен құю машиналарында гипстік қалыптарда фарфордан, фаянстан, көркемдік керамикадан жасалған күрделілігі орташа бұйымдарды құю;
диаметрі 600 миллиметрге дейін арматураларды орната отырып, гипстік қалыптарда электр керамика бұйымдарын құю;
металл қалыптарда қысым бойынша электр керамикалық бұйымдарды ыстықтай құю;
металл қалыптарды құрастыру, құю және салқындату;
қалыптарға шликер құю;
талап етілетін қалыңдықты черепка жиынтығын бақылау;
ауа қысымын және шликер температурасын реттеу;
қалыптарды ажырату және бұйымдарды шығару;
бұйымдардың үстіңгі бетін түзету, тегістеу, өңдеу, жазу, сүрту, жуу және тазалау;
бұйымдарды конвейер кептіргіштерінің сөрелеріне орнату.
бұйымдарды гипстік және металл қалыптарға құюдың технологиялық процесін;
қалыптарды құюға арналған қондырғылардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
қалыптарды бекіту және ажырату тәсілдерін;
құйылған бұйымдарға қойылатын талаптар;
қалыптарды тазалау тәсілдерін және ұсақ жөндеуді;
орындалатын жұмыс көлемінде сызбаларды оқу.
1) гүлдерге арналған және декоративтік биіктігі 200 миллиметрге дейін вазалар, рельефті қыша сауыттары, жалғамалы бөлшектер, барлық фасонды қақпақтар, биіктігі 200 миллиметрге дейін құмыралар, күл салғыштар, рельефті бұрыш салғыштар, тұздықтар, сыйымдылығы 100 текше сантиметрге дейін, жұмыртқаға арналған рюмкалар – құю;
2) екіге дейін құрама бөлігі бар мүсіндер – құю;
3) электр керамикалық бұйымдар: 2 астам 12 килограмға дейін күйдірілген түрдегі массада оқшаулағыштар және қару-жарақтар – қысым бойынша құю.
42-параграф. Бұйымдарды құйып жасаушы, 4-разряд
үстелдерде, конвейерлерде гипстік қалыптарда фарфордан, фаянстан, көркемдік керамикадан жасалған күрделі бұйымдарды құю;
диаметрі 600 миллиметрден астам көп ажырағыш қалыптарда электр керамикалық бұйымдарды құю;
көп ажырағыш металл қалыптарда қысым бойынша электр керамикалық бұйымдарды ыстықтай құю;
гипстік қалыптарды құюға дайындау, оларға шликер құю;
шликерді вакуумдау;
әртүрлі автоматтарда және жартылай автоматтарда металл қалыптарын құрастыру және құю;
әр түрлі құю автоматтары мен жартылай автоматтарда бұйымдарды құю;
қалыптарды ажырату және бұйымдарды шығару;
қозбаларды кесу және үйінділерді тазалау.
бұйымдарды гипстік және металл қалыптарға құюдың технологиялық процесін;
бұйымдарды құюға арналған жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
қалыптарды құрастыру және ажырату амалдарын;
бұйымдарға қойылатын талаптар;
ақаулықтардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін;
гипстік қалыптарды күрделі жөндеу қағидаларын;
күрделі сызбаларды оқу.
1) портретті және пейзажды барельефтер, анималистикалық және 2-ден 7 дейін құрама бөлшектері бар мүсіндер;
2) бокалдар, тосапқа арналған вазалар, гүлдерге арналған және декоративтік, биіктігі 200 астам 300 миллиметрге дейін вазалар, кружкалар, биіктігі 200 астам 300 миллиметрге дейін құмыралар, шырынға арналған жиынтықтар, сыйымдылығы 100 текше сантиметрден астам тұздықтар күрделі конфигурациялы білте салғыштар, шай және кофе ішетін сервиздер, қаймақ салғыштар, жиектері селдір тарелкалар, ақжелек салғыштар, шыны аяқтар – құю;
3) электр керамикалық бұйымдар: массасы 12 килограмнан астам күйдірілген оқшаулағыштар – қысыммен құю.
43-параграф. Бұйымдарды құйып жасаушы, 5-разряд
үстелдерде, конвейерлерде кесекті, құрама қалыптарда және қалыптардың бірінше жасалған түріне фарфордан, фаянстан, көркемдік керамикадан жасалған конфигурациясы күрделі және сирек күрделі бұйымдарды құю;
көп ажырағыш металл қалыптарда құятын автоматтар мен жартылай автоматтарда конфигурациясы ерекше күрделі электр керамикалық бұйымдарды қысым бойынша ыстықтай құю;
металл қалыптарды құрастыру, жуу және құю;
қырларына тесіктер жасайтын шпилькаларды теңшеу;
ыстық шликердің қатаюын бақылау;
берілген дәлдікті сақтай отырып, дайын бұйымдарға қойылатын сапаға дейін құйма бетінің фактурасын түзету және өңдеу.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
гипстік және металл қалыптарда бұйымдарды құюдың технологиялық процесін;
ерекше күрделі бұйымдарды құю қалыптарының құрылғысын және қолдану шарттарын;
құюдың температуралық режимін, сынықтың пайда болу мерзімін сақтау және құймалардың сапасын;
сызбаларды оқу.
1) барлық фасонды табақшалар, сыйға тартатын декоративтік бокалдар мен шыны аяқтар, сорпа мен компотқа арналған вазалар, гүлдерге арналған және декоративтік, биіктігі 300 миллиметрден астам вазалар, 300 миллиметрден астам құмыралар, май салғыштар, сүт құйғыштар, кеселер, шайғыштар, салат салғыштар, қант салғыштар, селедка салғыштар, кепкен нан салғыштар, нан салғыштар, шәйнектер – құю;
2) жұқа қабырғалы бұйымдардың сервиздері – құю;
3) 7-ден артық құрама бөлшектері бар мүсіндер.
44-параграф. Бұйымдарды құйып жасаушы, 6-разряд
құйма конвейерлерде фарфордан, фаянстан жасалған жалғамалы бөлшектері бар көркемдік керамика бұйымдарын құю;
конфигурациясы ерекше күрделі бұйымдарды, шеттерін, бұйымның бетіне және жанынан рельефтер кесіп, құю;
декоративтік жапсырмалы элементтерді жасау және оларды бұйымдарға жалғау;
құрамды шликерден жасау;
құймалардың бетін түзету және өңдеу.
жалғамалы бөлшектері бар бұйымдарды құюдың технологиялық процесін;
құю жабдықтары мен қалыптарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
қалыптарды құрастыру және ажырату амалдарын;
бұйымдарды бірнеше шликермен құю әдістерін;
қосалқы кескіш құралдармен жұмыс істеу амалдарын;
бұйымдарға қойылатын талаптар.
45-параграф. Бұйымдарды құрастырушы, 2-разряд
май толтырғыш кірмелердің жекелеген тораптары мен бөлшектерін, 5 бірлікті жиынтықтайтын электр қондырғы бұйымдарын, каркастарды, шиналарды, фланецтер мен серіппелерді құрастыру;
бөлшектерді құрастыруға дайындау;
компаунда құю және құрастырылған бұйымдарды майлау.
жиналатын бөлшектер мен тораптарға қойылатын талаптар;
құрастырылатын бұйымдардың мақсатын;
бөлшектер мен тораптарды құрастыру тәртібін.
46-параграф. Бұйымдарды құрастырушы, 3-разряд
электр керамика бұйымдары, 20 киловольтқа дейін кернеуде разрядтағыштардың жекелеген тораптарын, өтпелі оқшаулағыштарды, 5-тен астам 8 дейінгі бірлікте жиынтықтайтын электр қондырғы бұйымдарын құрастыру және жинақтау;
қарапайым және күрделілігі орташа фарфор және фаянс бұйымдарын құрастыру;
май толтырғыш кірмелердің төменгі бөлігінде каркастар мен конденсаторларды орнату, бекіту;
табандықтың жоғары қақпақшасын және май көрсеткіш консерваторды құрастыру;
фланецсіз май толтырылған кірмелерде қақпақшаларды орталықтаумен кірмелерді қысу;
өтпелі оқшаулағыштарда құрастырылған ток өткізгіш шиналарды орнату және бекіту;
фарфор және фаянс бұйымдарының: кружкалар, шыны аяқтар, қақпақтар және тағы басқа массалық түржиынын құрастыруға дайындау;
бөлік бекітілген бетті бітеу және өңдеу;
берілген рецепт бойынша желімделетін массаның ерітіндісін дайындау;
шәйнектер корпустарында торлы саңылауларды бұрғылау немесе тесу, жартылай фабрикатты бұйымдардағы шеттері мен жіктерін кесу;
тор тесіктерін тескеннен кейін орындарды бітеу;
бұйымдарды көлік құралдарына орнату.
бұйымдарды құрастырудың технологиялық процесін;
құрастырылатын бұйымдардың конструкциясы мен негізгі сипаттамаларын;
жекелеген бөлшектер мен тораптарды құрастыру тәртібін;
тор тесіктерді бұрғылау немесе тесу амалдарын;
жиектерді, тігістерді кесудің және тесіктердің жанын бітеудің оңтайлы тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
47-параграф. Бұйымдарды құрастырушы, 4-разряд
электр керамика бұйымдарын, 500 киловольтқа дейін кернеуде кірмелерді, разрядтағыштар мен асқын кернеулерді, антенналы стеатитті оқшаулағыштарды 20 астам 35 киловольтқа дейін кернеудегі өтпелі оқшаулағыштар мен 8 бірлікті жиынтықтайтын электр қондырғы бұйымдарын құрастыру;
төлкелерде цилиндрлер орнату және бекіту;
өлшегіш құралды дәнекерлеу және оқшаулау;
фланецсіз май толтырылған кірмелерді серіппелерде үстіңгі қақпақшаларын және табандықтарды орталықтаумен тарту;
конденсатор типті май толтырылған кірмелердің каркастарын құрастыру;
кірмелерді кептіргіштерге және вакуумды өңдеуге орнату;
май көрсеткіш консерваторды орнату;
үстіңгі мембрананы тығыздау;
май толтырылған кірмелердің компенсаторлы тораптарын құрастыру;
разрядтағыштардың ауыспалы кедергі (дискілер) вольтамперлі сипаттамасын тұрақтандыру;
разрядты кернеулерді келтіре отырып, айналмалы доғасы бар бірыңғай ұшқынды аралықтарды құрастыру, ұшқынды аралықтардың бағандарын монтаждау және оны шунтирлеу;
кірмелердің, разрядтағыштар мен асқын кернеулерді шектеулердің герметикалығын арнайы вакуумды қондырғыда тексеру;
күрделі фарфор және фаянс бұйымдарын: барлық фасондағы және өлшемдегі вазалар, кофейниктер, сыйға тартатын кружкалар, құмыралар, тұздық құйғыштар, қант салғыштар, сервиз бұйымдары, қаймақ салғыштар, шәйнектер және өзгелерді құрастыру;
жекелеп құйылған бөлшектерді (шүмектер, тұтқалар және тағы басқа) фарфор және фаянс бұйымдарына жалғау;
берілген рецепт бойынша желімдеу массасының ерітіндісін дайындау;
тігістерді алу және тегіс емес жерлерін кесу;
құю мен қалыптаудың қарапайым ақауларын өңдеу;
дайын бұйымдарды тасымалдағыш көліктерге орнату.
бұйымдарды құрастырудың технологиялық процесін;
құрастырылатын бұйымдардың негізгі конструкциясын;
құрастырылатын бөлшектер мен дайын өнімдерге қойылатын талаптар;
кірмелерді арқандау және тасымалдау тәсілдерін;
разрядтағыштарды герметикалау және оны сынау тәсілдерін;
жалғама бөлшектерді кесудің және тігістерді алудың түрлі тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
48-параграф. Бұйымдарды құрастырушы, 5-разряд
500 астам 750 киловольтқа дейін кернеуде кірмелерді, разрядтағыштар мен асқын кернеулерді, 35 астам 100 киловольтқа дейін кернеудегі өтпелі оқшаулағыштарды толық құрастыру;
кірмелерді сынақ стендтерге және бактарға монтаждау;
галлоидты және фрионды ағын іздегіштердің схемасын құрастыру;
вакуумды кептіргіш қондырғыларды құрастыруды және оларға кірмелердің нығыздалуын бақылау;
кірме вакуумдар мен кептіргіш агрегаттардың тереңдігін айқындау, арқаулардың негізгі оқшаулағыштарын өлшеу;
вольтамперлі сипаттамаларын түсіру және сызықтық емес коэффициентті айқындау;
модельдерді және басты разрядтағыштар мен кірмелерді құрастыру;
жоғары көркем және сирек кездесетін фарфор және фаянс бұйымдарды құрастыру.
диэлектриктер мен өткізгіштердің қасиеттерін;
құрастырылатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
«С» сыйымдылығын берілген шамаға дейін келтіруді есептелер;
вакуум кептіргіштерде термобуларды орналастыру және тексеру қағидаларын;
сирек бұйымдарды құрастыру амалдарын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
49-параграф. Бұйымдарды құрастырушы, 6-разряд
750 киловольттан астам кернеуде кірмелерді, разрядтағыштар мен асқын кернеулерді, 100 киловольттан астам кернеудегі өтпелі оқшаулағыштарды толық құрастыру;
келтіруші конденсаторларды кірмелердің негізгі сыйымдылығының тізбегіне және шунитрлеу сыйымдылығын разрядтағыштардың тізбегіне орнату;
кірмелер мен ажыратқыштардың тәжірибелі үлгілерін құрастыру;
разрядтағыштардың және салынған компенсаторлары бар кірмелердің герметикалығын тексеру.
құрастырылатын бұйымдардың конструкциясын және негізгі сипаттамаларын;
жинақталатын разрядтағыштардың типтерін және қызмет көрсететін аппараттардың схемаларын;
жоғары вольтты электр қондырғылардың құрылғысын және техникалық пайдалану қағидаларын;
импульсті кернеулердің, импульсті токтардың және жоғары вольтті электр техникалық бақылау-өлшеу қондырғылардың генераторларын калибрлеу;
термобулар мен екі сатылы вакуумды кептіргіштерді орнату және тексеру қағидаларын;
терең вакуум жабдықтары мен аспаптарын;
импульстік ток генераторындағы кедергіні анықтау тәсілдерін;
бұйымдарды тасымалдау және сынақ стендтеріне орналастыру қағидаларын.
50-параграф. Бұйымдарды сұрыптаушы, 2-разряд
фарфордан, фаянстан, көркемдік керамикадан жасалған қарапайым бұйымдарды сұрыптау;
нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес бұйымдарды тексеру, тазалау, сұрыптау;
сұрыпталған бұйымдарды белгіленген орындарға қатарлау.
сұрыпталатын бұйымдарға нормативтік құжаттардың талаптарын;
бұйымдарды сұрыптау тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
көркемдік керамика, фарфор және фаянс бұйымдары: гүлге арналған құмыралар, қыша сауыттары, тұздық құйғыштар, стакандар, жұмыртқаға арналған рюмкалар, сия сауыттары– сұрыптау.
51-параграф. Бұйымдарды сұрыптаушы, 3-разряд
мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес фарфордан, фаянстан, көркем қыштан және электрокерамикадан жасалған күрделілігі орташа бұйымдарды, құрылыс керамикасы бұйымдарын сұрыптары мен түрлері бойынша сұрыптау;
өнім ақауларын талдау;
жарамды бұйымдар мен брактарды белгілі орындарға қатарлау;
жарамды және бракқа шыққан бұйымдарға есеп жүргізу.
сұрыпталатын бұйымдарға нормативтік құжаттардың талаптарын;
бұйымдарды сұрыптау тәсілдерін;
бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
1) құрылыс керамикасының бұйымдары: санитарлық керамикалық, қабырғаның ішкі жағын қаптауға арналған керамикалық глазурьленген плиткалар, еденге арналған керамикалық плиткалар, керамикалық канализациялық құбырлар, қышқылға төзімді бұйымдар, фасад плиткалары және қарапайым керамика бұйымдары – сұрыптау;
2) көркемдік керамика, фарфор және фаянс бұйымдары: барлық өлшемдегі табақшалар, шай сервизі, май сауыт, тұздық құйғыштар, шайынды ыдыстар, кеселер, шыны аяқтар және мүсіндер – сұрыптау;
3) массасы 1 килограмға дейін электр керамика бұйымдары – сұрыптау.
Химиялық аппаратураны, фарфордан, фаянстан және көркемдік керамикадан жасалған (тарелкалар, сорпа құйғыштар, кофейниктер, құмыралар, сүт құйғыштар, кепкен нан салғыштар, шайнектер) күрделі бұйымдарды, массасы 1 килограмнан 2 килограмға дейін электр керамика бұйымдарын сұрыптау кезінде – 4-разряд.
Ерекше күрделі, бірегей және қымбат тұратын фарфор және фаянс бұйымдарын түрлі бояулармен, алтын және күміс препараттарымен, салмағы 20 килограмнан астам электрокерамикалық бұйымдарды көркемдік өңдеу үшін сұрыптау кезінде - 5 разряд.
52-параграф. Вагонеткалардағы бұйымдарды қоюшы-таңдаушы, 2-разряд
жоғары білікті қоюшының басшылығымен қажетті отқа төзімді құрал-жабдықтарды қолдана отырып, салындының құрамды тәсімін, габаритті және берілген тығыздықты сақтай отырып, бұйымдарды вагонеткаларға қою және таңдау;
арбаларды туннель пешіне жібере отырып, жүк тиелген вагонеткаларды беру;
вагонеткаларды бұйымдарды салу және түсіру орнына көшіру және қатарлау.
таситын арбалардың және электр шығырлардың құрылғысы мен пайдалану қағидаларын;
бұйымдарды вагонеткаларға орналастыру амалдарын.
53-параграф. Вагонеткалардағы бұйымдарды қоюшы-таңдаушы, 3-разряд
қажетті отқа төзімді құрал-жабдықтарды қолдана отырып, салындының құрамды тәсімін, габаритті және берілген тығыздықты сақтай отырып, ұсақ фарфор, фаянс және салмағы 3 килограмға дейін электр керамика бұйымдарын вагонеткаларға қою және таңдау;
вагонеткалардың дұрыстығын тексеру және оларды тазалау;
шегенге каолин ерітіндісін жағу немесе құм себу;
вагонетка оттықтарының арналарын тазалау.
ұсақ бұйымдарды вагонеткаларға салу схемасын және орнату тәсілдерін;
вагонетка оттықтарында арналардың дұрыс орналасуын;
дұрыс салынбағаннан және түсірмегеннен болатын брак түрлерін.
54-параграф. Вагонеткалардағы бұйымдарды қоюшы-таңдаушы, 4-разряд
фарфор, фаянс бұйымдарын және салмағы 3 килограмнан астам 20 килограмға дейін электр керамика бұйымдарын, құрылыс керамикасының қарапайым бұйымдары мен көркемдік керамика бұйымдарын вагонеткаларға қою және таңдау.
орташа өлшемді бұйымдарды, құрылыс керамикасының қарапайым бұйымдарын және көркем керамика бұйымдарын вагонеткаға орнату схемасы мен амалдарын;
ақаулардың түрлерін және оны алдын алу шараларын.
қою-таңдау:
1) санитарлық керамика бұйымдары – таңдау;
2) фасон керамикасы;
3) ішкі қабырғаны қаптауға арналған керамикалық глазурьленген қышқылға төзімді керамикалық кірпіштер мен плиткалар, еденге арналған керамика плиткалары;
4) сапталған сақиналар, диаметрі 300 миллиметрге дейін керамикалық канализациялық құбырлар.
Ірі фарфор, фаянс бұйымдарын және салмағы 20 килограмнан астам электр керамика бұйымдарын, құрылыс керамикасының қарапайым бұйымдары мен көркемдік керамика бұйымдарын вагонеткаларға қою және таңдау кезінде – 5-разряд.
55-параграф. Вакуумпрестеуші, 3-разряд
керамика бұйымдарын қалыптастыру үшін масса дайындау;
массаны вакуумдеу және диаметрі 0,1 және ұзындығы 0,3 метрге дейін вакуум-престерде дайындамаларды тарту;
массаның пресске, майдың – пресс багіне түсуін бақылау;
белгіленген мөлшердегі дайындамаларды кесу;
вакуум-камераны, мундштукты, перфорацияланған торды тазалау;
жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою.
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
керамика масса мен дайындамалардың сапасына қойылатын талаптар;
массаны вакуумдеудің оның қасиеттеріне тигізетін әсерін;
вакууметрдің көрсеткіштерінің мәнін;
ақаулықтардың түрлері мен оны жою тәсілдерін.
56-параграф. Вакуумпрестеуші, 4-разряд
массаны вакуумдеу және диаметрі 0,1 астам 0,3 метрге дейін, ұзындығы 0,3 астам 0,1 метрге дейін кеңейткіштері бар вакуум-престерде дайындамаларды тарту;
жабдықтарды жұмысқа дайындау;
массаның түсуін және вакуумделуін бақылау;
жұмыс қысымын реттеу;
мундштуктарды ауыстыру және өзекті орталықтау;
масса мундштуктан кірген кезде массаның сапасын анықтау;
жабдықты жөндеуге қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
мунштуктарды ауыстыру және өзектерді орталықтандыру тәсілдерін;
ақаулықтардың түрлері мен оны жою тәсілдерін;
жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтардың себептерін және оларды жою әдістерін.
57-параграф. Вакуумпрестеуші, 5-разряд
массаны вакуумдеу және күрделі құрылымды алмалы-салмалы мундштуктар мен өзекшелерді қолдана отырып, кеңейткіштері бар вакуум-престерде диаметрі 0,3 астам және ұзындығы 1 метрден астам дайындамаларды тарту;
массаның преске, майдың престің бас цилиндріне түсуін реттеу;
вакуум-камерада сиретуді, майдың температурасы мен қысымын бақылау;
көтеретін көлік механизмдері мен аударушы лотоктардың жұмысын басқару;
торды және пресстің мундштукты тазалау.
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу принципін;
әртүрлі пішінді дайындамаларды тарту тәсілдерін;
көтеретін көлік механизмдерін техникалық пайдалану қағидаларын;
сызбаларды оқу қағидаларын.
58-параграф. Гипстік қалыптарды калибрлеуші, 4-разряд
гипстік қалыптарды калибрлеу, оларды калибрлеу станогында әртүрлі жазықтықта тексеру;
қалыптардың сыртқы және ішкі өлшемдерін, қабырғалардың қалыңдығын салыстырып тексеру;
калибрлеген қалыптарды бақылау өлшеу;
кептіргішке тапсыру үшін гипстік қалыптарды жинақтау және орналастыру.
калибрлеу станогының құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
калибрленетін қалыптардың түржиынын;
қалыптарды калибрлеу кезіндегі технологиялық операциялар жүйелілігін, калибрленген қалыптардың өлшемдерінде жіберілетін ауытқушылықтар.
59-параграф. Гипстік қалыптарды құюшы, 2-разряд
тұйық конвейерде, айналма құю үстелінде, шпиндель станогында плиткаларға, тіреулерге және басқа да отқа төзімді құрал-жабдықтарға арналған гипстік қалыптарды құю;
каптарды ажырату, құйылған гипстік қалыптарды алу, гипстік қалыптарды тазалау және түзету, қалыптарды кептіруге беру;
гипс ерітіндісі мен майлы-сабынды май дайындау;
каптардың ішкі бөлігін тазалау және майлау, каптарды құрастыру;
қалыптарды қатарлау.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
гипстік қалыптарға сапасына қойылатын талаптар;
каптар мен гипстік қалыптардың түржиынын;
гипстік қалыптарды құюдың амалдары мен қағидаларын;
мөлшерлегіш құрылғы мен араластырғышты пайдалану қағидаларын;
майларды дайындау рецептурасын;
гипстік қалыптарды құю кезіндегі ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
60-параграф. Гипстік қалыптарды құюшы, 3-разряд
тұйық конвейерде, айналма құю үстелінде, шпиндель станогында салынған бөлшектерге және өзге де ұсақ бұйымдарға арналған гипстік қалыптарды құю;
каптарды ажырату, құйылған гипстік қалыптарды каптардан шығару, гипстік қалыптарды тазалау және түзету, қалыптарды кептіргішке орналастыру;
дайын гипстік қалыптарды қатарлау.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
гипстік қалыптардың сапасына қойылатын талаптар;
гипстік қалыптарды құю қағидалары мен амалдарын;
майларды дайындау рецептурасын;
мөлшерлегіш құрылғы мен араластырғышты пайдалану қағидаларын;
гипстік қалыптарды құю кезіндегі ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
61-параграф. Гипстік қалыптарды құюшы, 4-разряд
тұйық конвейерде, айналма құю үстелінде, шпиндель станогында бес бөлікке дейін ажырайтын гипстік қалыптарды құю;
бөліктерді тазалау және түзету және олардан қалыптар жинақтау;
каптардың бөліктерін тазалау, қосу құлыптарына келтіру, майлау, қажетті арматураны орнату және арнайы ерітіндімен сіңдіру арқылы құрастыру.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
майлау және гипс ерітіндісінің құрамын және қасиеттерін;
гипстік қалыптардың сапасына қойылатын талаптарды және олардың құйылатын және қалыпталатын бұйымдарға әсерін.
Бес бөліктен артық ажырағыштары бар гипстік формалардың қалыптарды құю кезінде – 5-разяд.
62-параграф. Декалькоманияларды кесуші, 2-разряд
арнайы машинаның көмегімен немесе қол қайшымен жекелеген «мүсіндеу-суреттер» декалькомания парақтарын кесу (пішу);
канифольды-скипидарлы мастиканы декалькомания табақтарына жағу;
өзара жабысып қалған «жапсырма-суреттерді» арнайы барабанда үрлеу әдісімен ажырату;
ажыраған суреттерді барабаннан шығару;
суреттерді сұрыптау және пачкаларға салу.
декалькомания парақтарын кесу (пішу) тәсілдерін;
механикаландырылған кесуде қолданылатын құралдарды;
декалькомания парақтарына май жағу тәсілдерін;
жекелеген «жапсырма-суреттерге» қойылатын талаптар;
барабаннан шығару қағидаларын;
пачкаларға салу және сұрыптау қағидаларын.
63-параграф. Каптарды жасаушы, 3- разряд
барлық фасонды және өлшемді гипстік қалыптар үшін кап жалғамаларын модельдер бойынша қолмен жасау;
каптардың жалғамаларын түзету және өңдеу, оны лакпен және олифамен жағу;
каптардың өлшемдерін тексеру және оларды әзірлеу барысында пайда болған ақауларды жою.
барлық фасонды және өлшемді гипстік қалыптарға арналған кап жалғамаларының конструкциясын;
кап жалғамаларын құю және түзету амалдарын.
64-параграф. Каптарды жасаушы, 4-разряд
4 бөлікке дейін ажырайтын гипстік қалыптарға арналған каптарды қолмен жасау;
ажырамайтын гипстік қалыптар үшін тік-шпиндель станоктарда каптар жасау;
каптардың жалғамаларын түзету және өңдеу, оны лакпен және олифамен жағу;
каптарды әзірлеу барысында пайда болған ақауларды жою;
мөлшерлегіш құрылғының, механикалық араластырғыштың көмегімен немесе қолмен белгіленген рецепт бойынша май мен гипс ерітіндісін дайындау;
кап өлшемдерін тексеру.
төрт бөлікке дейін ажырайтын гипстік формаларға арналған кап модельдерінің конструкциясын;
қолмен және тік-шпиндель станоктарда каптарды әзірлеу амалдарын;
гипстің қасиеттерін, майдың және гипстік ерітіндінің құрамы мен қасиеттерін;
гипс бұйымдарын құю және түзету амалдарын;
мөлшерлегіш құрылғылар мен араластырғыштарды тезникалық пайдалану қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
65-параграф. Каптарды жасаушы, 5-разряд
бес және одан көп ажырағыш бөліктері бар гипстік қалыптарға арналған каптарды қолмен жасау;
екі және үш ажырағыш бөліктен тұратын каптарды тік-шпиндель станоктарда жасау;
каптарды түзету және өңдеу, оларды лакпен және олифамен жағу, кап өлшемдерін тексеру;
көтеріп тасымалдау жабдықтарының көмегімен жүктерді ауыстыру;
каптарды жасау процесінде пайда болған ақауларды жою.
бес және одан көп ажырағыш бөлігі бар гипстік қалыптарға арналған кап модельдерінің конструкциясын;
каптарды қолмен және тік-шпиндель станоктарында жасау амалдарын;
гипстің қасиеттерін, бұйымның өлшемі мен қалыпына масса шөгіндісінің әсерін;
гипс бұйымдарын құю және түзету амалдарын;
көтеріп тасымалдау жабдықтарының, араластырғыштың мөлшерлегіш құрылғысын техникалық пайдалану қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
66-параграф. Каптарды жасаушы, 6-разряд
барлық фасондар мен өлшемді гипс қалыптарына арналған модельдер бойынша бір орынды және көп орынды каптарды жасау;
үш бөлікке ажырайтын каптарды тік-шпиндель станоктарда жасау;
каптарды түзету және өңдеу, оларды лакпен және олифамен жағу;
каптарды өлшемдерін тексеру;
көтеріп тасымалдау жабдықтарының көмегімен жүктерді ауыстыру;
каптарды жасау процесінде пайда болған ақауларды жою.
барлық фасонды және өлшемді гипстік қалыптарға арналған бір орынды және көп орынды каптар модельдерінің конструкцияларын;
тік шпиндельді станоктарда және қолмен каптарды жасау амалдарын;
гипстің қасиеттерін, көтеріп тасымалдау жабдықтарының, араластырғыштың мөлшерлегіш құрылғысын техникалық пайдалану қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
67-параграф. Кептіргіштерді тиеп-түсіруші, 2-разряд
конвейер кептіргіштерді тиеп-түсіру;
бұйымдарды кептіргіштердің сөрелеріне белгіленген тәртіппен және санда орналастыру;
кептіргеннен кейін бұйымдарды кептіргіш сөрелерінен түсіру;
бұйымдарды кептіргенге дейін және кептіргеннен кейін орналастыру.
кептіргенге дейін және кептіргеннен кейін бұйым сапасына қойылатын талаптар;
бұйымдардың түржиынын;
бұйымдарды орналастыру қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
68-параграф. Кептіргіштерді тиеп-түсіруші, 3-разряд
бұйымдарды туннельді, камералы, жалпақ, көрік, вакуумды және басқа да кептіргіштерге тиеу және түсіру;
бұйымдарды вагонеткаларға орналастыру сапасын бақылау;
вагонеткаларды көтергіштерге, түсіргіштер мен кептіргіштерге тасымалдау;
итергіштің көмегімен вагонеткаларды кептіргіштерге итеріп кіргізу және итеріп шығару;
кептіргіштердің есіктерін тексеру және ауа сорғыларын ликвидациялау;
қатынас және қызмет көрсететін жабдықтардың жағдайын қадағалау;
түсірілетін бұйымдардың ылғалдылығын бақылау;
кептірілген материалдарды арбаларға немесе вагонеткаларға тиеу, тасу және белгіленген жерге түсіру;
вагонеткаларды майлау;
кептірілген бұйымдарды есепке алу журналын жүргізу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
бұйым сапасына және кептіру режиміне қойылатын технологиялық регламенттің талаптарын;
кептіргіштерді тиеу және түсіру қағидаларын;
кептіргіштерге бұйымдарды тиеу схемасын;
вагонеткаларды кептіргіштерге итеру кестесін.
69-параграф. Кептіргіштерді тиеп-түсіруші, 4-разряд
конвективтік кептіргіштерден ірі габаритті оқшаулағыштарды ось бойынша орталықтаумен механизмдер мен аспаптардың көмегімен тиеу және түсіру.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
кептіргіштерді тиеу және түсіру қағидаларын;
кептіріліген бұйымдарға қойылатын талаптарын;
бұйымды кептіргішке орнату кезінде қолданылатын әртүрлі құралдарды пайдалану қағидаларын.
70-параграф. Керамика материалдарын мөлшерлеуші, 2-разряд
қалыптау массасын дайындауға арналған керамикалық бұйымдар мен шикізат материалдарын престеу үшін ұнтақтарды өлшеу;
тиелетін материалдарды есепке алу журналын жүргізу.
техникалық таразыларды пайдалану қағидаларын;
пресс-ұнтақтардың және шикізат материалдарының түрлерін.
71-параграф. Керамика материалдарын мөлшерлеуші, 3-разряд
шикізат материалдарын мөлшерлеу процесін жүргізу;
белгіленген шекке дейін бункердің толуын қадағалау;
мөлшерлеуішке құйылғанда саз бен шамот ұнтақтарының үйінділерін жою;
ұнтақтардан ірі кесектер мен бөгде заттарды алып тастау;
мөлшерлеуіш құрылғыларды теңшеу.
мөлшерлеуіштердің құрылғысын және оларды теңшеу қағидаларын;
мөлшерлейтін шикізат материалдарының құрамын.
72-параграф. Керамика өндірісін модельдеуші, 4-разряд
төртке дейін ажырағыш бөлігі бар модельдер мен күңгірт қалыптарды қолмен жасау;
тік-шпиндельді станоктарда ажырамайтын және қарапайым конфигурациялы модельдерді, күңгірт қалыптарды қолмен жасау;
гипстік шликер мен майды дайындау;
керамикалық бұйымдардың шөгуін есептеу;
модельдерді өлшемі бойынша сызбаларға сәйкестігіне тексеру;
ақауларды түзету;
модельдер мен модельді қалыптарға лак пен олифаны сіңдіру.
тік-шпиндельді станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
модельдер мен күңгірт қалыптарды жасаудың технологиялық процесін;
күңгірт қалыптардағы ажырағыш бөліктердің қажетті санын;
гипстік шликер мен майды дайындау тәсілдерін;
бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
Төрттен артық ажырағыш бөлігі бар модельдер мен күңгірт қалыптарды қолмен жасау, сондай-ақ төртке дейін аралығы және қабысуы бар орташа күрделі, конфигурациялы модельдерді тік-шпиндель станоктарда жасау кезінде – 5-разряд.
Төрттен артық аралығы және қабысуы бар орташа күрделі, конфигурациялы модельдер мен күңгірт қалыптарды тік-шпиндель станоктарда жасау кезінде – 6-разряд.
73-параграф. Керамика өндірісінің жабдықтарын баптаушы, 4-разряд
ағынды желі жабдықтарының, механизмдерінің және көлік құралдарын баптау, реттеу және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету;
автоматтандырылған желілерді баптаумен байланысты қарапайым есептерді орындау;
жабдықты жұмысқа дайындау, тораптар мен механизмдердің дұрыстығын тексеру, жабдықтауды және құралдарды ауыстыру, пресс-қалыптарды орнату, жаңа қалыптарды сынау, жабдықтың жұмыс істеу процесінде механизмдерді теңшеу, бұйым өлшемдерін сызбаларға сәйкестігіне тексеру;
құрастырудан кейін тораптардың жұмысын реттеу, жабдықтарды алдын ала тексеру, тозығын анықтау, механизмдердің тозған бөліктері мен тораптарын ауыстыру;
күрделі емес бөлшектерді жасау, жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою;
жабдықты жөндеуге, сынауға және қабылдауға қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын, жұмыс істеу принципін, майлау, блоктау схемаларын;
тораптар мен механизмдерді реттеу, баптау, құрастыру және бөлшектеу қағидаларын;
қызмет көрсетілетін учаскеде өндірістің технологиялық процесін;
сызбалар мен схемаларды оқу қағидаларын;
жабдықтардың жұмысындағы ақаудың себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін.
74-параграф. Керамика өндірісінің жабдықтарын баптаушы, 5-разряд
автоматтандырылған желі жабдықтары мен механизмдерін баптау, реттеу және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету;
жабдықтарды баптаумен байланысты күрделі есептеулерді орындау;
берілген конфигурацияда және өлшемде бұйымдарды жасау үшін технологиялық желілерді және жабдықтардың жекелеген түрлерін баптау және қайта баптау;
престеу жылдамдығын, меншікті қысымын және басқа да параметрлерді реттеу;
жабдықтарды жұмыстың әр түрлі режимдеріне ауыстырып қосу;
гидравликалық және пневматикалық жүйені баптау;
жабдықты алдын ала тексеру, тозығын айқындау, механизмдердің тозған бөліктерін және тораптарын ауыстыру;
жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою;
жабдықты жөндеуге, сынауға және қабылдауға қатысу.
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен жұмыс істеу принципін, майлау, блоктау схемаларын, кинематикалық және автоматты схемаларын;
қызмет көрсететін жабдықтардың конструкциясын, оларды құрастыру және орнату тәртібін;
өндірістің технологиялық процесін;
тораптар мен механизмдерді реттеу, баптау, құрастыру және бөлшектеу қағидаларын;
сызбалар мен схемаларды оқу қағидаларын;
ақаулардың себептерін және оларды жою тәсілдерін.
75-параграф. Керамика, фарфор және фаянс бұйымдарын күйдіруші,
3-разряд
жоғары білікті күйдірушінің басшылығымен белгіленген режимге сәйкес әртүрлі типті пештерде керамикадан жасалған бұйымдарды күйдіру процесін жүргізу;
вагонеткалардың күйдіруге жарамдылығын тексеру;
бұйымдарды вагонеткаларға отырғызу схемасының сақталуын бақылау.
қызмет көрсететін пештердің жұмыс істеу принципін;
бұйымдарды күйдірудің температуралық және газды режимін;
бұйымдарды вагонеткаларға немесе пеш камераларына отырғызу схемасын;
күйдірілетін бұйымдардың түржиынын.
76-параграф. Керамика, фарфор және фаянс бұйымдарын күйдіруші,
4-разряд
әртүрлі типтегі пештерде капсельдер мен отқа төзімді жарақтарды күйдіру процесін жүргізу;
жоғары білікті күйдірушінің басшылығымен кезеңді және үздіксіз жұмыс істейтін пештерде фарфор, фаянс және майлок бұйымдарын күйдіру процесін жүргізу;
пештердің, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аппаратураларының жағдайын тексеру;
температуралық режимді қадағалау және пештегі температураның бір қалыпты таралуын және температураның көтерілу жылдамдығын қадағалау;
пештің берілген режимін қамтамасыз ету;
вагонеткаларға тиелуін, муфельді плиткалардың жағдайын, отын мен электр энергияның үнемді шығындалуын қадағалау;
пештердің жұмысындағы ұсақ ақауларды жою;
журналға жазбалар жүргізу.
қызмет көрсететін пештердің, олардың механизмдері мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
күйдіру режимін, температураны реттеу тәсілдерін;
күйдіру кезінде газ бен ауаны қосу және сөндіру қағидаларын және тәртібін;
күйдірілетін бұйымдардың түржиынын және бұйымдардың физикалық-химиялық қасиетіне күйдіру сапасына қойылатын талаптар;
брактың пайда болу себептерін және оларды жою тәсілдерін.
77-параграф. Керамика, фарфор және фаянс бұйымдарын күйдіруші,
5-разряд
белгіленген режимге сәйкес әр түрлі типтегі пештерде керамика, фарфор, фаянс және майлок бұйымдарын күйдіру процесін жүргізу;
пештегі жылу режимінің: оттық температурасы, газ ортасының сипаты, пеш арналарының тиісті зоналарындағы температура және өзгелерді нақты сақталуын қадағалау;
жанарғылардың жұмысын бақылау және оларды мерзімді тазарту;
аспаптар бойынша ауаның, будың қысымын және отынның температурасын қадағалау;
пештің берілген гидравликалық қамтамасыз ету;
күйдірудің әр түрлі сатысында газ режимдерін реттеу;
күйдіру процесінің аяқталу сәтін және күйдірілген бұйымдарды пештен түсіру айқындау;
бұйымдардың түсірілуін қадағалау;
анағұрлым біліктілігі төмен күйдірушілердің жұмысын басқару.
қызмет көрсететін пештердің, олардың механизмдері мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
отын жағатын құрылғылар мен жабдықтардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін амалдарын;
бұйымдарды күйдірудің температуралық және газ режимін;
отын шығының нормаларын;
отынның түрлерін және сипаттамасын;
жанарғылардың түрлері мен құрылғысын;
бұйымдардың түржиынын және оларды күйдіру сапасына қойылатын талаптар.
Әртүрлі типті пештерде химиялық қышқылға төзімді аппаратураларды және канализациялық құбырларды күйдіру процесін жүргізу кезінде – 6-разряд.
78-параграф. Керамикалық құбырларды жиектеуші, 3-разряд
диаметрі 550 миллиметрге дейін керамикалық канализациялық құбырларды аудару және оны алаңға орнату жолымен жиектеу;
аударылатын құбырларды орнату үшін алаңдар дайындау;
құбырларды бағаннан муфтыға аудару дайындығын айқындау;
еденді тазалау және оған арнайы қалқандарды орнату;
құбырларды алаңға орнату.
аударылатын құбырлардың түржиынын;
құбырлардың сапасына қойылатын талаптар;
құбырларды аудару амалдарын;
құбырлардың дымқылдығын көзбен байқау амалдарын.
Диаметрі 550 миллиметрден астам керамикалық канализациялық құбырларды аудару және оны алаңға орнату жолымен жиектеу кезінде – 4-разряд.
79-параграф. Конвейерде санитарлық-құрылыс бұйымдарын құюшы,
4-разряд
құрамды тәсілмен керамикалық қол жуғыштар құю;
гипс қалыптарын шұңқырларды орнату және алу, жіктерді массамен майлау арқылы тазалау және сүрту;
қалыптарды бекіту, қалыптарға шликер құю және оны қалыптардан ағызу;
гипстік қалыптардың төгу тесіктерінен тығындарды алып тастау;
қалыптарды ажырату, бұйымдарды шығару және қақтау орнына апару;
бұйымның ішкі бетін тазалау;
монтаждау саңылауларын тесу және тазалау;
тіреу сақиналарын орнату, нысандар толық ажыраған кезде бұйымдарды қабылдау;
бұйымдардың бетін алдын ала өңдеу және түзету;
ұсақ жарықтар мен өзге де ақауларды тиісті материалмен және құралмен бітеу;
бұйымдағы қол жетпейтін жерлерді жұмсақ ысқышпен және өзгелер материалдармен өңдеу;
бұйымға жұмыс нөмірін басу және бұйымдарды вагонеткаларға орнату.
конвейердің құрылғысын;
шликер мен гипстік қалыптардың қасиеттерін;
брак түрлерін, оның пайда болу себептерін және оны жою тәсілдерін;
қалыптарды құрастыру, бекіту, құю және ажырату амалдарын;
қалыптардан шликерді төгу қағидаларын;
бұйымдарды түзету тәсілдерін.
80-параграф. Конвейерде санитарлық-құрылыс бұйымдарын құюшы,
5-разряд
төгу және құю тәсілдерімен унитаздар құю;
унитаздың гипстік қалыптарын және қосымша бөлшектерін шликермен құю;
гипстік қалыптардың, унитаз бен қосымша бөлшектердің кепкен бөлшектерін тазалау;
гипстік қалыптарды құрастыру және оларды бекіту;
конвейерден гипстік қалыптарды түсіру және оларды ажырату;
қалыптарды бекіткіштерден босату, тостаған мен сифон жасайтын қалыптар бөлшектерін шығару, қажетті бөлшектерді қосу;
унитаздарды массадан тазарту және оларды конвейерге орнату;
унитаздардың бетін сылау, түзету және жарықтарды бітеу, унитазды құрғатуға беру, монтаждау тесіктерін тесу және төгу тесіктерін бітеу.
конвейердің конструкциясы мен жұмыс істеу режимін;
шликер мен гипстік қалыптардың қасиеттерін;
қалыптарды құрастыруға арналған құралдардың құрылғысын;
қалыптарды құрастыру, бекіту және бөлшектерді қосу амалдарын;
ақаулардың себептерін және оларды жою тәсілдерін.
81-параграф. Корборундтан жасалған қару-жарақтарды таптаушы,
3-разряд
пневматикалық және басқа да құрылғылардың көмегімен карборунд шикі құрамынан жасалған плиталарды таптау;
массаның тығыздығын айқындау;
қалыптарды бөлшектеу және бұйымдарды шығару;
берілген дәлдікті және шөгіндінің массасын ескеріп, өлшемді сақтай отырып бұйымдарды талап етілетін сапаға дейін түзету және өңдеу;
дайын бұйымдарды кептіруге жіберу.
пневматикалық таптағыштың құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
шикі құрам мен плиталардың сапасына қойылатын талаптар;
ақаулардың себептерін және оларды жою тәсілдерін.
Плиталарды жартылай автоматта таптау кезінде – 4-разряд.
82-параграф. Күйдіруші пештерді тиеуші-түсірушісі, 2-разряд
капсельдегі немесе капсельсіз күйдірілетін материалдарды вагонеткаларға немесе өзге де көлік түріне тиеу;
тиелген вагонетканы пеште ауыстыру;
вагонеткаларды босату және материалдарды пешке қатарлау;
күйдірілген материалдарды шығару және оларды вагонеткаларға тиеу;
вагонетканы тасыған жеріне апару және оны босату.
күйдірілетін материалдардың түрлерін және оның мақсатын;
тиелетін және күйдірілетін материалдардың сапасына қойылатын талаптар;
пеш камераларына тиеу және түсіру тәртібін.
83-параграф. Күйдіруші пештерді тиеуші-түсірушісі, 3-разряд
әртүрлі типтегі пештерге материалдарды тиеу;
скиптік көтергішке немесе пешке брикетті немесе саз кесектерін вагонеткалармен, арбалармен немесе өзге де көлік құралдарымен тасу;
көлік механизмдерін жұмысын қадағалау және олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою;
күйдірілген материалдарды пештерден түсіру.
пештің, скиптік көтергіштердің, элеватордың, тасымалдағыштың және өзгелер қызмет көрсететін материалдардың құрылғысын;
материалдарды пешке тиеу және күйдірілген материалдарды пештен түсіру қағидаларын;
тиелетін материалдарға қойылатын талаптар.
84-параграф. Кілемдерді теруші, 2-разряд
керамикалық плиткаларды «Брекчия» типті кілемдерге теру;
матрицаларға шынылы өрнекті плиткалардан бір түсті кілемдер теру;
плиткалар теру үшін тиісті өлшемдегі матрицаларды даярлау;
шаблон ұяшықтарын тиісті түстегі ұнтақпен толтыру;
шаблонға төселген ұнтақты тегістеу;
шаблондар мен рамаларды түсіру;
тиісті суреттің шаблонын рамкаға салу;
бос қалқандарды вагоншадан түсіру және оларды қатарлап салу;
су мен желімді жеткізу;
қағазға желім жағу және қағазды терілген матрицаларға жабыстыру;
ағаш қалқанды кілем бар матрицаға орнату, қалғанды матрицамен бірге айналдыру;
дайын кілемдерді вагонеткаға немесе қатарға орнату.
қолданылатын материалдар мен дайын өнімге нормативтік құжаттардың талаптарын;
суреттер-өрнектердің типтерін;
матрицаларға қағаздарды жабыстырудың амалдары мен тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және олардың басталу себептерін.
85-параграф. Кілемдерді теруші, 3-разряд
суреті күрделі емес кілемдерге керамикалық және шынылы плиткаларды теру;
плиткаларды өлшемдері, сорттары, түстері, өңдері бойынша сұрыптау;
плиткаларды матрица (кассета) торлары бойынша кілемнің сурет-өрнегіне сәйкес салу;
желімнің қағазға жағылу механизмін, плиткалардың қағаздарға дұрыс жабысуын, кілемнің кебуін және кесілуін қадағалау;
кілемді алу және оны табандыққа (табанға) салу.
плиткаларға және терілетін кілемдерге қойылатын талаптар;
желім жағу механизмінің құрылғысын;
кілемдердің терудің және кептірудің технологиялық регламентін;
плиткаларды кілемдерге теру амалдарын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
Эскиздер бойынша күрделі суреттердің көркем панельдерін теру кезінде - 4-разряд.
86-параграф. Кірмелердің оқшаулағыш арқауларын ораушы, 3-разряд
кірмелердің оқшаулағыш арқауларын 110 киловольт кернеуде қолмен майланған қағаз лентамен орау;
алюминий және мыс фольгалардан жасалған қоршауларды салу, өлшегіштерді дәнекерлеу, қоршау шеттерін манжеттің көмегімен тегістеу;
алюминий және мыс фольгалардан қоршаулар жасау;
оқшаулау қабатын орауға арналған қағаз лентаны бір қалыпты беру;
оқшаулау қабатының қалыңдығын бақылау.
цилиндрлік конденсаторлар мен оқшаулағыш арқаудың типтері мен конструкциясын;
оқшаулағыш майланған қағазды салу технологиясын;
конденсаторларды өңдеу амалдарын;
қолданылатын қағаз бен фольгаға қойылатын талаптар.
87-параграф. Кірмелердің оқшаулағыш арқауларын ораушы, 4-разряд
кірмелердің оқшаулағыш арқауларын 110 киловольттан астам 220 киловольтқа дейін кернеуде лакталмаған қағаздың тұтас төсемімен орау;
тегістеуші қоршауларды салу;
қағазды кептіру температурасын және қағаз төсемін тежегіш құрылғылармен тарту шамасын реттеу;
оқшаулау қалыңдығын бақылау;
дайын арқауларды оқшаулау ыдыстарын аралықпен өлшеу.
орау станоктарының құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
оқшаулағыш арқауларды орау технологиясын;
сыйымдылықты реттеу әдістерін;
көтергіш механизмдерді, өлшегіш көпірлер мен микрометрлерді пайдалану қағидаларын.
88-параграф. Кірмелердің оқшаулағыш арқауларын ораушы, 5-разряд
кірмелердің оқшаулағыш арқауларын 220 киловольттен астам 750 киловольтқа дейін кернеуде құрғақ қағазбен орау;
әртүрлі өткізгіш материалдардан жасалған тегістеуші қоршауларды салу;
қоршау шеттерін манжеттің көмегімен экрандау;
кареткада тежегіш қондырғымен қағаздың тартылу шамасын, каретка қозғалысы мен жылдамдығын реттеу;
тегістеуші қоршаулар арасындағы арқау мен оқшаулау қабаты қалыңдығының диаметрін бақылау.
орау станогының құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
құрғақ қағаз оқшаулағышты орау технологиясын;
сызбаларды оқу;
білікшелердің қозғалыс және айналу жылдамдығын реттеу қағидаларын.
89-параграф. Кірмелердің оқшаулағыш арқауларын ораушы, 6-разряд
кірмелердің оқшаулағыш арқауларын 750 киловольттан астам кернеуде құрғақ қағаз лентамен орау;
май толтырғыш кірмелерге бір және екі секциялы арқаулар жасау;
әр түрлі өткізгіш және жартылай өткізгіш материалдардан тегістеуіш қоршауларды салу;
қағаз лентаның тартылу және осылу шамасын реттеу;
оқшаулау қабатымен қоршаулар арасындағы қалыңдығын бақылау.
орау станогының құрылғысы және жұмыс істеу принципін;
кірмелердің оқшаулағыш арқауларын орау технологиясын;
экспортты және тропикалы орындалған кірмелерге қойылатын талаптар;
өткізгіш және жартылай өткізгіш материалдардың қасиеттерін.
90-параграф. Қалып ұстағыштарды жасаушы, 4-разряд
қалыптаушы станоктарға арналған қалып ұстағыштарды құю;
қалып ұстағыштарды жөндеу, түзету және салыстырып тексеру;
түзетуге сақиналарды жасау;
қалып ұстағыштар мен сақиналарды станокқа әкелу;
гипс ерітіндісін дайындау.
қалыптағыш және түзеткіш станоктардың құрылғысын;
гипс ерітіндісінің қасиеттерін;
гипс ерітіндісі мен қалып ұстағышқа қойылатын талаптарын;
қалып ұстағыштар мен сақиналарды орнатудың оңтайлы амалдарын.
91-параграф. Қалыптарды майлаушы, 2-разряд
капсельдерді, каптарды, кружкаларды, плиталар мен өзге де отқа төзімді қондырғыларды майлау;
белгіленген консистенцияда ерітінді дайындау;
майлаудан кейін бұйымдарды орнату, капсельдерді іріктеу.
майлау құрамын және оны дайындау қағидаларын;
бұйымдарды майлау тәсілдерін;
бұйымдарды орнату қағидаларын;
капсельдерді іріктеу амалдарын.
92-параграф. Құрамында алтын бар препараттарды
қабылдаушы-таратушы, 3-разряд
бұйымдарды безендірумен айналысатын жұмысшыларға белгілі әшекейлеу үшін көзделген нормалар бойынша алтын, күміс препараттарын және құрамында алтын бар бояуларды беру, қабылдау және сақтау;
сынамаларды іріктеу алдында препаратты шайқау;
құрамында алтын бар препараттарды талдау таразыларында өлшеу;
құрамында алтын бар материалдардың (сүртетін шүберектердің, өңделген шашақтардың және өзгелер) арнайы ыдысқа қозғалысы туралы құжаттаманы жүргізу;
құрамында алтын бар қалдықтарды пештерге жағу;
құрамында алтын бар күлді қоймаға тапсыру.
бағалы металдарға есеп жүргізу қағидаларын;
алтын және күміс препараттарға қойылатын талаптар;
әшекейлеудің түрлерін және алтын және күміс препараттарды әртүрлі әшекейлеуге шығындау нормаларын;
сынамалады іріктеу тәсілдерін;
сыртқы түрі бойынша алтын және күміс препараттарды айқындау тәсілдерін;
құрамында алтын бар қалдықтарды пешке салу қағидаларын.
93-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын глазурьлеуші, 2- разряд
бұйымдардың жабылған және глазурьленбей қалған жерлерін глазурьлеу;
глазурьлеу ақауларын жою үшін ерітінді дайындау;
жарылған және ұсақталған жерлерді тазалау және оларды ерітіндімен бітеу;
бұйымды глазурьленгеннен кейін тексеру.
бұйымдардың түржиынын;
ақауларды бітеу үшін ерітінділердің құрамын және оны дайындау тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
94-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын глазурьлеуші, 3-разряд
қолмен салынған бөлшектерді және ұсақ химиялық аппаратты малтып, бүркіп глазурьлеу және жаққышпен қайта глазурьлеу;
глазурьлеу машинасында ішкі қабығаны қаптауға арналған керамика плиткаларын глазурьлеу;
глазурьлеу машинасының даярлығын тексеру;
пропеллер араластырғышты қосу және сөндіру;
глазурьді елек арқылы сүзу, бакқа глазурьді толтыру және глазурьленетін бұйымның түржиынына қарай қажет етілетін тығыздыққа дейін араластыру;
глазурьлерді бұйымдарға берілуін реттеу;
глазурьлеу алдында бұйымдарды салқындату, оларды сүрту және парафиндеу;
стопкалы бөлгіштерге плиткаларды тиеу;
глазурьленген бұйымдарды түзету және стеллаждарға орналастыру немесе капсельдерге заборлау;
глазурьлеу машиналарын жуу.
қызмет көрсетілетін жабықтың жұмыс істеу принципін;
глазурьдің құрамы мен тығыздығын;
глазурьлеу тәсілдерін;
бұйымдарды глазурьлеуге қойылатын сапалы талаптары;
глазурь қабатының қалыңдығы мен глазурьді шығындау нормаларын;
бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану қағидаларын.
95-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын глазурьлеуші, 4-разряд
су сеуіп, ваннаға салып, аэрографтың, жаққыштың көмегімен, құрамды тәсілмен және глазурьлеу машинасында диаметрі 300 миллиметрге дейін керамикалық канализациялық құбырларды және санитарлық керамикалық бұйымдарды глазурьлеу;
берілген тығыздықты сақтай отырып, глазурьлеу машинасының ваннасына глазурьды толтыру;
артық глазурьлердің ағып кетуі үшін бұйымдарды торларға немесе кептіру үшін стеллаждарға қою;
құбырлар тиелген монорельсті вагонеткаларды глазурьлеу орнына ауыстыру;
қолмен вагонеткалардан құбырларды түсіру және оны глазурьлеу машинасының қабылдағыш құрылғыларына қатарлау;
будың калориферге берілуін реттеу;
бос вагонеткаларды қосалқы монорельске ауыстыру.
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын;
глазурьдің құрамын, қасиеттерін және тығыздығын;
глазурьлеу тәсілдерін;
глазурьлеуге қойылатын талаптар;
глазурь жабынының қалыңдығын және глазурьді шығындау нормаларын;
глазурьлеу кезіндегі ақауларды және оларды алдын алу тәсілдерін.
96-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын глазурьлеуші, 5-разряд
бір рет күйдірген кезде су сеуіп, ваннаға салып, аэрографтың, жаққыштың көмегімен, құрамды тәсілмен және глазурьлеу машинасында диаметрі 300 миллиметрден астам керамикалық канализациялық құбырларды, керамика ванналарын және ішкі қабырғаны қаптауға арналған плиткаларды глазурьлеу;
тасымалдау құрылғыларының жұмыс істеп тұрғанын және жұмысқа дайындығын тексеру;
кептіру-глазурьлеу машиналарына қызмет көрсету;
арнайы құрылғылардың көмегімен қаптау плиткаларына глазурь қабатын жағу;
шығыс бассейінде глазурьдің тығыздығын айқындау;
глазурьлеуге дейін және кейін бұйымдардың кебуін қадағалау;
глазурьдің белгіленген шығынын сақтау;
жылудың кептіргішке берілуін реттеу, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша кептіру режимімен белгіленген температураны ұстау;
журналда жазба жүргізу.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың және қосалқы механизмдердің конструкциясын;
глазурьлеу тәсілдерін;
глазурь жабынының қалыңдығын және глазурьді шығындау нормаларын;
глазурьлау кезінде бұйымдардағы ақаулардың алдын алу тәсілдерін.
97-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын қалыптаушы, 2-разряд
бір шпиндельді станоктарда, кірістіру сақиналарын престерде, химиялық аппаратураға арналған тұғырықтарда, диаметрі 190 миллиметрге дейінгі капсельдерді, санитарлық бұйымдарға бөлшектерді қолмен қалыптау;
қалыптарды массамен толтыру, таптау, жазу, тегістеу және артық массаны алып тастау;
престерді жұмысқа дайындау, қалыптарды тексеру және тазалау, құрастыру және майлау;
қалыптарды бөлшектеу және бұйымдарды шығару (қағымдау);
бұйымдарды вагонеткаларға, табандықтарға, рамалар мен қалқандарға, қатарларға қалау, бұйымдарды түзету және оны маркалау, табандықтарды, рамаларды, қалқандарды тазалау.
қызмет жасайтын жабдық жұмыс істеу принципін;
бұйымдарды қалыптаудың технологиялық процесін;
үлгілерді орнату және тексеру қағидаларын;
бұйымдарды қатарлау схемаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
98-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын қалыптаушы, 3-разряд
қолмен, қалыптау станоктарында, сондай-ақ төлкенің қыш шеңберлерін, қышқылға төзімді ванналарды, диаметрі 80 миллиметрге дейін крандарды, фасон тастары мен салмағы 10 килограмға дейін плиталарды, сапталған сақиналарды, диаметрі 190 миллиметрден астам 260 миллиметрге дейін капсельдерді, капсельсіз күйдіруге арналған тұғырықтарды қалыптау;
массаны шамотты құрал-жабдықтарды қалыптау орнына апару;
жабдықтар мен қалыптарды жұмысқа дайындау, қалыпталған массаның ылғалдылығын және сапасын бақылау, бөрененің ылғалдылығын реттеу, вакуум-камерада ыдырауды бақылау;
қалыпталған бұйымдарды түсіру, бөлшектерді қалыптау, тесіктер тесу, жалғамалы бөліктерді жалғау, капсельдерді қалыптардан шығару;
аспаптар мен өлшегіш құралдарды қолдана отырып, бұйымдарды түзеу, тегістеу, жазу, сүрту және тазалау;
бұйымдарды вагонеткаға, конвейерге табандықтарға, ағаш қалқандарға орнату және оларды қақтауға және кептіруге беру;
мундштук пен торкөздерді тазалау, мундштуктарды ауыстыру бойынша жұмыстарға қатысу;
жабдықтың жұмысындағы келеңсіздіктерді жою.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
міндеті бойынша әртүрлі бұйымдарды қалыптаудың технологиялық процесін және параметрлерін;
қолмен қалыптау амалдарын, қалыптау параметрлерін реттеу тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
Салмағы 80 миллиметрден астам фасон тастары мен плиталарды, диаметрі 260 миллиметрден астам капсель қораптарын, қышқылға төзімді плиткаларды, сыйымдылығы 50 литрге дейін ыдыстарды, қаптау блоктарын, отқа төзімді құрал-жабдықтарды, диаметрі 300 миллиметрге дейін канализациялық құбырларды, капсельсіз күйдіруге арналған қалқаларды қалыптау кезінде – 4-разряд.
99-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын қалыптаушы, 5-разряд
қолмен, ленталы престерде, сондай-ақ қыш шеңберлерін пайдалана отырып, қышқылға төзімді құбырларды, колонналарды, үтіктерді, шибер айқастырмаларын, бұруларды, өткелдерді, сыйымдылығы 50 астам 500 литрге дейін қышқылға төзімді ыдыстарды, мұнара звеноларын, нутч-сүзгі коллекторларын, абсорбциялы мұнараларды, царгтарды, вакуум-турилдерді, иіртүтіктерді, аккумуляторлар бактарын, салмағы 25 астам 45 килограмға дейін фасон плиталары мен тастарды, кеуекті керамиканы, диаметрі 300 миллиметрден астам канализациялық құбырларды, тіреулер мен этажеркалы плиткаларды капсельсіз күйдіру үшін қалыптау;
сүзгі-пресс желілерін жұмысқа дайындау;
массаның келіп түсуін және вакуумдалуын қадағалау;
шығатын бөрененің ылғалдығын, жұмыс қысымын реттеу;
қалыпталатын бұйымдардың сапасын бақылау;
штампты, мундтштукты, пластинаны тазалау.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
қалыптаудың технологиялық процесін;
технологиялық параметрлерді реттеу тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
Сыйымдылығы 500 литрден астам қышқылға төзімді ыдыстарды, автоматты монжустардың басқарушы қалпақшаларын, эксгаустерлерді, сорғылар мен аппараттарды, салмағы 45 килограмнан астам фасон плиталары мен тастарды қалыптау кезінде – 6-разряд.
100-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын престеуші, 3-разряд
көп түсті еденге арналған (парафин тәрізді, мәрмәр тәрізді, өрнекті) керамикалық плиткаларды престеу;
үш-төрт колонналы престерде бір түсті еденге арналған керамикалық плиткаларды престеу;
сыртқы және ішкі диаметрі 22х18 миллиметрге дейін фарфор құбырларын престеу;
дайындамаларды престеуге дайындау;
саз балшықты пресс-қалыпқа себу;
жартылай дайын өнімдерді рұқсат етілетін сопақтыққа, қабырғалардың әр түрлігіне және қажетті өлшемдерге ішінара тексеру;
престі мерзімді тазалау, кареткалардың матрицаларын жабысып қалған саздан және шаң-тозаңнан щеткамен тазалау;
престелген бұйымдарды түсіру, тексеру, бракқа шығару және қаттамдарға немесе қатарлап салу.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және жұмыс істеу принципін;
престеу режимін;
шикізатты пресс-қалыптарға төгу қағидаларын;
кареткаларды пресстен итеріп шығару тәсілдерін;
престелген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.
101-параграф. Құрылыс керамикасы бұйымдарын престеуші, 4-разряд
гидравликалық, фрикциялық, иінді және басқа типті престерде ұнтақты массадан жасалған керамикалық, қышқылға төзімді бұйымдардан, кеуекті керамикадан, пештабаннан және басқа да бұйымдардан жасалған плиткаларды престеу;
диаметрі 150-300 миллиметрдегі канализациялық керамикалық құбырларды, қаптау блоктарын, капсельдерді, отқа төзімді жарақтарды, сыртық және ішкі диаметрі 22х18 миллиметрден астам фарфор құбырларын, қышқылға төзімді және басқа да бұйымдары және пластикалық массадан жасалған дайындамаларды престеу;
пресс пен сіңдіргіш бункерді, кескіш жартылай автоматты және басқа да жабдықтарды жұмысқа дайындау;
престелуді, вакуум-сорғының жұмысын, престердің матрицалары мен пуансондарды электрмен қыздыруын қадағалау;
престеуге түсетін массаның сапасын бақылау;
валюшкаларды пресс бункерге тиеу;
кіретін бөренелердің ылғалдылығын, вакуумды камералардың бәсеңдеуін, қысымды және престеудің басқа да параметрлерін реттеу;
сыртқы түрі бойынша (бұрыштарының өлшемі, айқындығы, болмауы және тағы өзгелер) бұйымдарды түсіру және бракқа шығару;
бұйымдарды қор жасау үшін қаттамдармен жылжымалы ленталы конвейерге, қатарға, үстелге қатарлау және қажетіне қарай бұйымдарды жарылған жерлердегі сызықтарға төсеу, капсельдерге заборлау;
вакуумды камераларды, штампыларды, мундштуктерді, шектерді, торкөздерді, престердің кареткаларын жабысқан массадан тазалау;
пресс қалыптарды тазалау және жуу;
плитканың бетін тазалау машинасының жұмысын қадағалау;
мундштукты ауыстыру бойынша жұмыстарға қатысу, пресс жұмысындағы ақауларды жою, жөндеуге қатысу.
престің, вакуумды сорғының, кескіш автоматтың және өзге де қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
престтеуді технологиялық регламентін;
қалыптау массалары мен жайын бұйымдарға қойылатын талаптар;
массаның ылғалдылығын, престеудің қысымын, бәсеңдеу дәрежесін және престеудің өзге параметрлерін реттеу тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
Диаметрі 350-600 миллиметрдегі канализациялық керамикалық құбырларды престеу кезінде – 5-разряд.
102-параграф. Қышшы, 3-разряд
қыш станоктарында және қолмен қарапайым керамикалық бұйымдарды қалыптау;
саздан жасалған массаны жұмысқа даярлау: массаны елек арқылы себу және оны араластыру;
қалыптау үшін массаның жарамдылығын сыртқы түрі бойынша айқындау;
қалыпталған бұйымдарды жөндеу, бұйымдарды келесі операцияларға тапсыру үшін белгіленген орындарға қатарлау.
қалыптаудың технологиялық процесін;
қыш бұйымдарын қалыптау үшін қолданылатын массалардың құрамы мен қасиеттерін;
жұмыста қолданылатын құрал;
қыш станоктарында керамикалық бұйымдарды жасау тәсілдері мен амалдарын.
1) шыныдан балқытылған құмыра – өңдеу;
2) науалар, плиталар, қалқалағыштар – жиналмалы қалыптарда жасау;
3) кухтар, илектер, алжапқыштар – қалыптау;
4) лерлерге арналған тақталар, қабырға брустары - белгілеумен және жетілдірумен дайындау;
5) тиглдер, муфельді қораптар, шерберлер, капельдер – жасау.
103-параграф. Қышшы, 4-разряд
қыш станоктарында және қолмен қарапайым қалыптар үлгісі бойынша көркемдік, керамикалық, майоликті бұйымдарды қалыптау және өңдеу;
қалыпталған бұйымдарды кептіру және өлшемдерді жетілдіре отырып қалыпталған бұйымдарды өңдеу;
бұйымдарды түзеу;
қалыпталған бұйымдарды келесі технологиялық қайта бөлулерге тапсыру;
қыш бұйымдарды пешке салу.
қалыптаудың технологиялық процесін;
массаның құрамы мен қасиетіне технологиялық регламенттің талаптарын;
жұмыста қолданылатын құрал;
әртүрлі әдістермен керамикалық бұйымдарды жасаудың амалдары мен тәсілдерін;
бұйымға рельефті жағу технологиясын;
композиция негіздерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
1) үлгі бойынша диаметрі 200 миллиметрге дейін және биіктігі 300 миллиметрге дейін көркемдік майоликті және керамикалық бұйымдар – дайындау және қалыптау;
2) алундалы және көп арналы құбырлар, муфельдерге арналған жалғамалар, фасонды білеулер, кранецтер, мундштуктар – жасау.
104-параграф. Қышшы, 5-разряд
қыш станоктарында үлгі бойынша күрделі қалыптағы көркемдік керамикалық бұйымдарды қалыптау және өңдеу.
пештер мен кептіргіштердің құрылғысын;
күрделі нысанды бұйымдарды қалыптаудың технологиялық процесін;
массаны қосу амалдарын;
композицияның негіздерін;
кептіру және күйдіру кезінде қалыптау материалдарының өзгеруін;
пештерді қыш бұйымдарымен толтыру амалдарын.
1) шыныдан балқытылған құмыралар және боттар – жасау;
2) биіктігі 300 астам 500 миллиметрге дейін және диаметрі 200 астам 300 миллиметрге дейін көркемдік керамикалық бұйымдар – қалыптау;
3) муфельдер, конденсаторлар, реторталар – жасау.
Өз композициясы бойынша жалғамалы бөлшектері бар көркемдік керамикалық бұйымдарды және биіктігі 500 миллиметрден астам және диаметрі 300 миллиметрден астам бұйымдарды қалыптау және өңдеу кезінде – 6-разряд.
105-параграф. Масса дайындаушы, 2-разряд
салқын және ыстық құйма үшін штампылау, вилитті және құйма массаларын, сондай-ақ арматуралау үшін цемент ерітіндісін дайындау;
диірмендер мен араластырғыштардың материалдарын тиеу, бастапқы материалдарды ұнтақтау;
жабдықтың жұмысын қадағалау;
дайындалған массаны шығару.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс істеу принципін;
масса мен цементтеуші қоспаларды дайындау рецептурасын;
байламдардың, керамикалық массалар мен шликерлердің физикалық қасиеттері мен араластыру температурасын.
106-параграф. Масса дайындаушы, 3-разряд
қоспалағыштар мен вакуум-престерде шамотты және өзгелер массаларды дайындау;
қоспалағыштардың, саз араластырғыштардың, вакуум-престердің дұрыстығын тексеру және жұмысқа дайындау;
ұнтақты елеу, оған шликер құю және араластыру, бастапқы материалдарды ұнтақтау;
қоспалағыштардың, араластырғыштардың, тасымалдағыш пен өзге де қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау;
берілген рецептураға сәйкес материалдарды өлшеу;
вакуум-престі қалыптау массасына салу, оның елеуін және вакуумдалуын бақылау;
пресс мундштугынан немесе саз араластырғышынан шығып тұрған бөренелерді валюшкаларға кесу;
валюшканы шамот ұнтағымен қайта себе отырып қатарлап қою;
вакуумдау камералары мен қайта қалпына келтірілген торкөздерді тазалау;
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
шикізаттың түрлерін, қолданылатын массаның құрамы мен қасиеттерін;
массаның ылғалдылығын және оның бұйымдар мен отқа төзімді материалдардың сапасына әсерін;
материалдарды тиеу қағидаларын;
массаны булаудың ұзақтығы мен температуралық режимін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
107-параграф. Материалдар мен бөлшектерді дайындаушы, 2-разряд
материалдарды, соғылмаларды және құйылған қарапайым бөлшектерді дайындау;
тесіктер мен ойықтарды белгілеу;
материалдарды жинақтау орнына тасымалдау;
дайындалатын бұйымдарға арналған материалдар мен шыңдауларды жинақтау.
материалдардың қасиеттерін;
бұйымдардың түржиынын;
құралдарды қолдану қағидаларын.
108-параграф. Материалдар мен бөлшектерді дайындаушы, 3-разряд
материалдарды, соғылмаларды және құйылған орташа күрделі бөлшектерді даярлау;
сымдарды кесу, престер мен арнайы қондырғыларда тесіктер тесе отырып, шиналарды шабу;
сымдарды, шыбықтарды, ленталар мен шиналарды түзету;
бөлшектерді пісіру және жалғасуын дәнекерлеу;
бұйымдардың габаритті өлшемдері мен типтері бойынша дайын бөлшектерді іріктеу.
металдар мен оларды алмастырушылардың марқалары мен қасиеттерін;
престер мен қондырғылардың құрылғысын және қызмет көрсету қағидаларын;
дәнекерлеу әдістерін.
109-параграф. Материалдар мен бөлшектерді дайындаушы, 4-разряд
соғылмалар мен құйылған күрделі бөлшектерді даярлау;
арнайы құрылғыларды, шаблондар мен әмбебап бақылау-өлшеу құралдарын қолдана отырып, бөлшектердің тораптарын өлшеп құрастыру;
герметикалықты және механикалық беріктікті қамтамасыз ете отырып, керамикамен дәнекерлеген бөлшектерді монтаждау;
бөлшектерді күйдіру, бөлшектер мен тораптарды аргонды пісіру;
қажетті бөлшектерді құрастыру сызбалары бойынша іріктеу.
материалдар дайындаудың технологиялық процесін;
жиынтықтаушы бөлшектерді құрастыру амалдарын;
сызбаларды оқу.
110-параграф. Пештен алынған бұйымдарды қоюшы-таңдаушы, 3-разряд
жоғары білікті қоюшы-таңдаушының басшылығымен пештен алынған бұйымдарды қою және таңдау;
қою алдында мерзімдік пештің оттығын дайындау;
пешке кіру алдындағы жылжымалы ленталы тасымалдағышты және өзгелер механизмдерді орнату және қосу;
бұйымдарды пешке беру үшін лента тасымалдағышқа салу.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын;
бұйымдарды пештен пешке тиеу және салу амалдарын;
қою-таңдау кезінде бұйымдардағы ақаулардың түрлерін және оларды алдын алу тәсілдерін.
111-параграф. Пештен алынған бұйымдарды қоюшы-таңдаушы, 4-разряд
капсельдерді, отқа төзімді керек-жарақты, салмағы 20 килограмға дейінгі электрокерамикалық бұйымдарды және транспортер құрылғысынан көркем керамика бұйымдарын мөлшерлеу және іріктеу және оларды пеш камерасына орнату;
капсельдерді температура аймақтары бойынша пеш ішіне орналастыра отырып, колонналарға орнату;
бұйымдарды пештен түсіру және оларды тіктеуіштерді пайдалана отырып, тасымалдағышқа немесе вагонеткаларға орналастыру;
вагонеткаларды түсіру алаңына ауыстыру, оларды түсіру;
бұйымдарды, жарамсыздарын алып тастап, қатарлау;
камераларды сынған бұйымдардан тазарту;
тиелген және түсірілген бұйымдарға есеп жүргізу.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
бұйымдардың түржиынын және пеш камерасына салу схемасын;
әртүрлі бұйымдарға қойылатын талаптар және оларды температура аймақтары бойынша орналастыру тәртібін;
күйдіру процесінде бұйымдары бар капсельдер колонналарын опырылып құлауын болдырмау тәсілдерін;
дұрыс салынбағаннан болатын ақаулардың түрлерін.
112-параграф. Пештен алынған бұйымдарды қоюшы-таңдаушы, 5-разряд
санитарлық керамикалық бұйымдарды, қабырғалар мен едендерді ішкі қаптауға арналған глазурленген қыш плиткаларды, керамикалық кәріз құбырларын, қышқылға төзімді қыш бұйымдарды, химиялық аппаратураларды, шамотизацияланған ванналарды, салмағы 20 килограмнан асатын фарфор, фаянс және электр керамикалық бұйымдарды көтеру-тасымалдау механизмдері мен айлабұйымдарды қолдана отырып, мөлшерлеу және іріктеу;
пеш камерасына қажетті отқа төзімді керек-жарақты пайдалана отырып және көп қабатты салындыға арналған этажеркалар салу арқылы бұйымдарды салу;
бұйымдарды пештерден түсіру және қатарлау.
қызмет көрсететін жабдықтардың, механизмдер мен құрал жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
салындыға қажетті отқа төзімді құрал-жабдықтардың түржиынын;
этажеркаларды құру тәсілдерін және оларға бұйымдарды салу және түсіру қағидаларын;
дұрыс салынбағаннан болатын ақаулардың түрлерін.
113-параграф. Профильді дайындамаларды жасаушы, 1-разряд
кесектеуші машинада төмен вольтті фарфор бұйымдарын престеуге арналған профильді дайындамаларды жасау;
масса кесектерін, кесектің бір шет жағын конусқа қолмен кесе отырып, кесек кескіште кесу.
престелетін бұйымдар дайындамаларының қалыптары мен өлшемдерін;
кесек машиналары мен кесек кескіштердің құрылғысын;
жұмыста қолданылатын аспаптар мен құралдарды пайдалану қағидаларын.
114-параграф. Профильді дайындамаларды жасаушы, 2-разряд
дайындау машиналарында жоғары вольтті бұйымдарды престеуге арналған профильді дайындамаларды жасау;
белгіленген ұзындықтағы дайындамаларды машинаға тиеу;
машинаның жұмысын қадағалау;
дайын профильді дайындамаларды престейтін-қалыптайтын станоктарға беру;
жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.
дайындау машиналарының құрылғысын және қызмет көрсету қағидаларын;
дайындамаларды әзірлеуге келіп түсетін массалардың қасиеттерін;
дайындамалардың формалары мен өлшемдерін.
115-параграф. Раклист, 4-разряд
жанышқыш престерді суреттердің оттисктерін әзірлеу;
бояуды дайындау және қалақшаның көмегімен оюланған тақтайларға жағу;
папирос қағаздарының табақтарын, фетрлі, киіз немесе керзілі жапсырмаларды дайындау;
оюланған тақтайларды шүберекпен сүрту;
жанышқыш престердің дұрыстығын тексеру;
оюланған тақтайлардың тозғандығын және жұмысқа жарамдылығын айқындау;
ленталық конвейерге оттисктері бар табақтарды салу;
жабдықтарды пайдалану процесінде ақауларды анықтау және өздігінен ұсақ ақауларды жою.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
суреттердің оттисктерін әзірлеудің технологиялық процесін;
сурет оттисктерінің және оюланған тақтайлардың сапасына қойылатын талаптар;
брак түрлерін және оны алдын алу шараларын;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау амалдарын.
116-параграф. Санитарлық-құрылыс бұйымдарын ангобирлеуші, 5-разряд
санитарлық-құрылыс бұйымдарына ангобаны кистьпен бірнеше қабат жағу;
бұйымның беткі қабатын қырғышпен алу;
бұйымды зімпара қағазбен тазалау және ылғал ысқышпен жуу;
тығыз ауамен үрлеу.
ангобаның құрамы мен қасиеттерін;
бұйымдарды ангобирлеу тәсілдерін және олардың сапасына қойылатын талаптар;
қолданылатын зімпара қағаздың сипаттамасын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
117-параграф. Стендте санитарлық-құрылыс бұйымдарын құюшы,
3-разряд
стендте унитаздарға салынатын бөлшектерді, қосылатын бөліктерді, барлық маркалы вентиль корпустарын құю және түзету;
гипстік қалыптарға шликер құю және қалыптан артық шликерді төгу;
қалыптарды жиналған массадан және шаңнан тазалау, оларды құрастыру және жуу;
қалыптарды ажырату және қолмен немесе тельфердің көмегімен олардан құйылған бөлшектерді шығару;
ұсақ бөлшектерді бұйымдарға келтіру және қосу;
вентильдің әр жарты корпусын бұдырлап және желімдетін затты жағып қалыптарды ажырату;
вентильдің екі жарты корпусын жабыстыру және қалыптарды қапсырмалармен бекіту;
вентиль корпусын орау және қалыптарды қапсырмалармен бекіту;
вентиль біркелкі кептіру үшін қағазбен орау және кептіруге арналған сөреге апару.
тельфердің жұмыс істеу принципін;
гипстік қалыптардың түржиынын;
шликердің қасиеттерін;
гипстік қалыптардың сапасына қойылатын талаптар;
қалыптарды құрастыру және ажырату амалдарын;
бұйымдарды қосу және түзету амалдарын.
118-параграф. Стендте санитарлық-құрылыс бұйымдарын құюшы,
4-разряд
стендте 3 және 4 көлемді барлық маркалы керамикалық қол жуғыштарды, шаю бөшкелерін, писсуарларды, қақпақтар мен сорғы корпустарын және өзгелерді құю және түзету;
бұйымдардан масса подливін кесу және жарықтарды бітеу;
тесіктерді тесу және бітеу, бұйымдарды жуу және сүрту, құрғатуға орналастыру;
керамикалық сорғылардың ішкі жағының корпустарын түзету;
табандықтарды әкелу және қалыптарды аудару;
бұйымдарды кептіру үшін лампаларды орнату;
бұйымдарды құрғату және кептіру процесін қадағалау;
тельфердің көмегімен бұйымдарды ауыстыру.
кептіру лампаларының жұмыс істеу принципін;
берілген өлшемдегі бұйымдарды түзету қағидаларын;
гипстік қалыптардың және оларға құйылатын бұйымдардың түржиынын;
қалыптарды құрастыру және ажырату, қалыптарды құю және құйылған бұйымдарды түзету амалдарын;
бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
бұйымдарды құрғату және кептіру режимдерін.
119-параграф. Стендте санитарлық-құрылыс бұйымдарын құюшы,
5-разряд
стендте барлық маркалы керамикалық унитаздарды, 1 және 2 көлемді қол жуғыштарды, жоғары қойылатын медициналық, шаштараз, хирургиялық шаю бөшкелерін, сорғы қалақшаларын құю және түзету;
ұсақ бөлшектерді қиыстырып келтіру және бұйымдарға жалғау;
бұйымдарды құрғату үшін орналастыру;
қанатшалардың өту тесіктерін түзету және тазалау;
қалыпталған «кептіріндіні» өту тесіктеріне салу;
қалақшалардың (қанатшалардың) әрбір бөлігіне қалыптар дайындау;
бұйымдарды кептіру үшін лампаларды орнату;
бұйымдарды құрғату және кептіру процесін қадағалау;
тельфердің көмегімен бұйымдарды ауыстыру.
гипстік қалыптардың және оларға құйылатын бұйымдардың түржиынын;
гипстік қалыптар мен бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
бұйымдарды құрғату және кептіру режимдері мен шарттар;
қалақшалардың (қанатшалардың) өту тесіктерін түзету және тазалау қағидаларын;
қалыпталған «кептіріндіні» өту тесіктеріне салу амалдарын;
бұйымдардағы өзгеру түрлерін және олардың алдын алу тәсілдерін;
кептіретін лампаларды пайдалану қағидаларын.
Стендте шамотталған ванналарды, еден писсуарлары мен унитаздарды құю және түзету кезінде – 6-разряд.
120-параграф. Суреттерді аударушы, 2-разряд
бұйымның бетіне қолмен букетті және ысырмалы декалькомания суреттерінің қарапайым оттисктерін аудару;
бұйымдардың бетіне жібек графикасы әдісімен суреттерді салу;
бұйымдарды өңдеудің келесі операцияларына (жуу, кептіру және өзгелер) беру;
бұйымдарды қозғалмалы конвейердің лентасына қою.
бұйымдардағы суреттердің сапасына қойылатын талаптар;
бұйымдардың бетін суреттерге аударуға дайындау тәсілдерін;
суреттерді аудару амалдарын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
121-параграф. Суреттерді аударушы, 3-разряд
бұйымдардың сыртқы және ішкі бетіне тұтас ою-өрнекті суреттерді аудару;
суреттерді баспа машиналары мен жартылай автоматтар арқылы салу;
жібек графикасы әдісімен және жылжымалы декалькомания жапсырмаларымен безендіру;
суреттер аударылған бұйымдарды қозғалмалы конвейерге беру;
жабдық жұмысындағы ақауларды жою.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
бұйымдардың бетін суреттерді салуға дайындау тәсілдерін;
суреттерді аудару амалдарын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
122-параграф. Суреттерді аударушы, 4-разряд
бұйымдардың біраз бөлігіне немесе барлық бетіне салынатын күрделі тұтас ою-өрнекті суреттерді аудару;
жабыстырмалардан тұратын күрделі суреттерді формасы бойынша ірі және күрделі бұйымдарға салу;
бұйымдарды келесі операцияларға тапсыру.
бұйымдардың бетін суреттерді салуға дайындау тәсілдерін;
күрделі суреттерді аудару амалдарын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
123-параграф. Суретші, 2-разряд
мөртабанның көмегімен берілген үлгі бойынша бұйымның бетіне қарапайым суреттер жағу;
күрделі емес суреттердің жекелеген элементтерін немесе детальдерін бояулармен, сұйық алтын немесе күміс препараттарымен салып бітіру;
суреттерді жағуға: тексеру, сүрту, майсыздандыру бұйымдарды дайындау;
суретті калькаға аудару және оны калькадан бұйымға көшіру.
суреттер мен бояулардың сапасына қойылатын талаптар;
бояғыштардың рецептурасын;
әртүрлі қарапайым суреттерді жағы бойынша операцияларды орындау амалдарын;
жекелеген мөртабандарды қолдану жүйелілігін;
бір түспен бояудан екінші түске ауыстыру амалдарын;
бұйымдарды суреттерді жағу үшін тазалау және дайындау амалдарын.
124-параграф. Суретші, 3-разряд
фарфор және фаянс бұйымдарының, қаптау тақтайшалардың, көркемдік керамика бұйымдарының бетін қарапайым суреттермен көркемдік әшекейлеу және түсті безендіру;
бұйымдарды, суреттің бөлшектерін ішінара әзірлеп, бояулармен, сұйық алтын немесе күміс препараттармен безендіру;
жазық және қуыс бұйымдарға бір түсті және бір тонды тұтас жабынның массалық түржиынын жағу;
мүсінді сурет салмай, қабаттап бояу;
бұйымдарға мөртабан жиынтығының көмегімен, сондай-ақ әртүрлі машиналарда және жартылай автоматтарда үлгі бойынша ою оттисктерін, сопақ, дөңгелек, ысырмалы, бортты және өзге де сурет түрлерін қолмен жағу.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
суреттер мен бояулардың сапасына қойылатын талаптар;
бұйымды көркемдік әшекейлеу бойынша операцияларды орындау амалдарын;
машиналар мен жартылай автоматтарда ою-өрнек бедерлерін және суреттердің өзге де түрлерін салу тәсілдерін;
бұйымдарға бір түсті немесе бір тонды жабынды жағу тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
125-параграф. Суретші, 4-разряд
фарфор және фаянс бұйымдарының бетін күрделілігі орташа суреттермен, суреттің жекелеген бөлшектерін әзірлеп, глазурь астынан және үстінен бояйтын бояуларды қолданып көркемдік әшекейлеу;
тондарды және жартылай тондарды жағып, оюлы және гүлді мотивтерге салынған тегіс беті немесе рельефті кескін бойынша суретті орындау;
дайын контур бойынша тазалау;
бұйымдарда кобальтпен көп ауысып жабу;
жабындарға әртүрлі комбинацияда төмен түсетін немесе жоғары көтерілетін күрделі көп түсті жабындарды жағу.
бұйымдарды күрделілігі орташа суреттермен көркемдік безендіру операцияларын орындаудың технологиялық процессін;
суреттер мен бояулардың сапасына қойылатын талаптар;
суретті орналастыру және бөлу амалдарын;
бояуларды іріктеу тәсілдерін;
түрлі түсті бояулардың жанасатын жерлерінде нақты шекараны сақтай отырып, бұйымдарды күрделі жабу амалдарын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
126-параграф. Суретші, 5-разряд
фарфор, фаянс және нысаны бойынша күрделі көркемдік керамиканың майолик бұйымдарын, санитарлық-құрылыс бұйымдарын (бөшкелер, қол жуғыштар, унитаздар, тұғырлар) глазурь астынан және үстінен бояйтын бояуларды, алтын немесе күміс препараттарын қолдана отырып, үлгі бойынша күрделі суреттермен құрамды көркемдік әшекейлеу;
жекелеген бөлшектерді одан әрі әзірлеп, күрделі көп түсті гүлді бұйымдарды әшекейлеу;
суреттерді кобальтпен, алтын, күміс препараттарымен әрлеу, тазалау, цировка, алтын және күміс бойынша жұқа ажурлы нақыштау, көркем жазулармен, мүсіндер – тұздармен, түрлі-түсті жартылай реңктер жағылатын түрлі-түсті бояулармен безендіру;
майолик бұйымдарына әртүрлі тәсілдермен түсті күңгірттерді, кристалды тамшыларды және өзге де декоративтік глазурьлерді, эмальдарды жағу.
көркемдік бояулардың физикалық-химиялық қасиеттерін;
суреттер мен бояулардың сапасына қойылатын талаптар;
бояулардың, алтын мен күміс препараттардың рецептурасын;
суреттердің күрделі емес эскиздерін орындау тәсілдерін;
фарфор, фаянс және майолик бойынша суреттердің негіздерін.
127-параграф. Суретші, 6-разряд
көрмелерге, сарайларға, мұражайларға, мәдениет үйлеріне арналған және күрделі графикалық шешімдерді, бұйымның бетіне суреттің жекелеген бөліктерін және барлық композициясын өздігінен бөліп, әртүрлі бояу жағуларды талап ететін басқа да нысаны бойынша ерекше күрделі және сирек кездесетін декоративтік фарфор және фаянс бұйымдарын жоғары көркемдік әшекейлеу;
автормен шығармашылық ынтымақтастықта пейзаждарды, кейіпкерлерді, сюжеттерді, портреттерді, ертегі бейнелерін, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің стильдендірілген бейнелерін бір ансамбльде, алтын мен күмістен ең жақсы нақышталған ұлттық ою-өрнектерді жасайтын көркем суреттердің нысандарын орындау.
сурет және түстану негіздерін;
сурет композициясының негіздерін;
көлеңкелердің түсу заңдарын;
көркемдік бояулардың физикалық-химиялық қасиеттерін;
ерекше күрделі және сирек кездесетін бұйымдарын жоғары көркемдік әшекейлеу амалдарын;
әртүрлі ауқымды түпнұсқаларда суреттерді көшіру тәсілдерін;
алтын мен күміс бойынша жұқалап ою амалдарын;
суреттердің бөлшектерін мәнерленген және бояулардың талап етілетін қанығына дейін әзірлеу амалдарын;
қалыптардың авторымен бірлескен жұмыс кезінде эскиздерді салу амалдарын.
128-параграф. Сүзгі-престеуші, 3-разряд
жоғары білікті сүзгі-престеушінің басшылығымен шликерді құрғату процесін жүргізу;
сүзгі-прессті жұмысқа дайындау;
гидравликалық жапқыштың көмегімен дискілерді қысу;
сорғыны қосу және сүзгі-престе шликерді тартып шығару;
дискілерді ажырату және қабықшаларды төсемнен бөлу.
сүзгі-пресстің жұмыс істеу принципін;
шликерді құрғатудың процесінің технологиясын;
сүзгі-престерді дайындау қағидаларын;
дискілерді қысу және ажырату тәсілдерін;
сорғылардың мақсатын.
129-параграф. Сүзгі-престеуші, 4-разряд
шликерді құрғату процесін жүргізу;
сүзгі-престерді және өзге де қосалқы жабдықтарды жұмысқа дайындау;
сүзгі-пресс төсемдерінің тұтастығын тексеру, жабысып қалған массадан тазалау;
зақымдалған және тозған төсемдері жаңамен ауыстыру;
дискілерді құрастыру, престерді майлау, шығыс бассейнінде шликерді жылыту;
сорғыны қосу және фильтр престе шликерді тартып шығару;
фильтр престердің төсемдері жарылған жағдайда шликердің ағып кетуін болдырмау.
қызмет көрсететін жабдықтар механизмінің құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
шликерді құрғатудың технологиялық процесін;
шликер мен қабықшалардың сапасына қойылатын талаптар;
жабдықтың жұмысындағы келеңсіздіктерді жою тәсілдерін.
130-параграф. Түзетуші-тазалаушы, 2-разряд
қарапайым құралдарды қолдана отырып, бұйымдарды түзету, қабыршақтарды түсіру, жарықтарды бітеу және бұйымдарды тазалау;
өндірістің кез келген сатысында бұйымдардағы ақауларды жою;
бұйымдарды салқындатуға қою;
бұйымдарды тығыз ауамен салқындату.
түзету амалдарын;
бұйымдардың ақауларын жою әдістері мен тәсілдерін;
аспаптар мен құралдарды пайдалану қағидаларын.
131-параграф. Түзетуші-тазалаушы, 3-разряд
аспаптар мен өлшеу құралдарының көмегімен бұйымдарды түзеу, тегістеу, ысқылау, сүрту, жуу және тазалау.
бұйымдардың ақау түрлерін;
аспаптар мен өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын.
132-параграф. Түзетуші-тазалаушы, 4-разряд
арнайы құрылғыларды қолдана отырып, бұйымдарды қолмен түзеу және өңдеу;
бұйымдарды қажетті қалыпқа және тиісті түріне дейін (монтаж тесіктерін тесу, майлау, тегістеу, түзету, ысқылау, жуу және өзгелер) жетілдіру.
түзетілетін бұйымдардың түржиынын және оларға қойылатын талаптар;
арнаулы аспаптарды пайдалану қағидаларын.
133-параграф. Түзетуші-тазалаушы, 5-разряд
конвейерлерде немесе арнайы машиналардың көмегімен құю немесе штампылау әдісімен қалыпталған бұйымдарды түзеу және өңдеу.
қызмет көрсетілетін жабдықтарды пайдалану қағидаларын және жұмыс істеу режимін.
134-параграф. Уақтаушы (ұнтақтаушы), 3-разряд
конструкциясы әртүрлі уатқыштарда тасты және сазды материалдарды бөлшектеу;
уатқыш қондырғыларын материалдармен біркелкі толтыру және уақтау торабына кіретін барлық механизмдердің жұмысын қадағалау.
уатқыш жабдығының және өзге де қызмет көрсететін механизмдердің құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
материалдарды уақтау әдістерін.
135-параграф. Уақтаушы (ұнтақтаушы), 4-разряд
шикізат компоненттерін әр түрлі типті құрғақ және дымқыл дирмендерде немесе құрамды агрегаттарда уақтау және тарту;
жабдықтарды жұмысқа дайындау;
тартқыш немесе араластырғыш агрегаттарға, бассейндерге шикізат компоненттерін, кішкене сілемелерді тиеу, су, электролиттерді, сұйық шыны құю және ұнтақ себу;
материалдардың бір қалыпты келіп түсуін реттеу, тартудың сапасын және берілген жіңішкелігін тексеріп тұру;
электр өлшегіште бақылау өлшеулер жүргізу;
рецептурада берілген технология бойынша шликер дайындау;
сынамаларды іріктеу;
елек, феррофильтрлер арқылы шликерді араластырғыш-шығын бассейндерге құю;
тартқыш немесе араластырғыш қондырғыларды, діріл електерін, сорғыларды, ойықтарды, элеваторларды, фрезерлі-ырғытушы диірмендердің ұстағыштарын және басқа да жабдықтарды тазалау;
электр магнитті металл қосындыларынан тазарту;
шар тәрізді диірмендерді тексеру;
жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
өңделетін материалдардың түрлері мен қасиеттерін;
дайындалатын құрамның рецептурасын;
технологиялық регламенттің тартылу сапасына қойылатын талаптар;
материалдарды өлшеу қағидаларын;
тарту және араластыру режимдерін;
жабдықты техникалық пайдалану қағидаларын;
жабдық жұмысындағы ақаулардың себептерін және оларды жою әдістерін.
136-параграф. Уатқыш-ұнтақтағыш жабдықтарды тиеуші, 2- разряд
қолмен үлкен кесектерді бөліп және бөгде қоспаларды алып тастап материалдарды тиеуге дайындау;
арбада немесе вагонеткада материалдарды уатқыш-ұнтақтағыш агрегаттар мен кабельге тасу;
қабықшалар мен валюшкаларды пресске тасу;
қызмет көрсететін жабдықты тазалау.
қызмет көрсететін жабдықтардың жұмыс істеу принципін;
ұнтақталатын материалдардың түрлері мен мақсатын және бункерлердің орналасу орнын;
материалдарды тиеуге дайындау қағидаларын.
137-параграф. Уатқыш-ұнтақтағыш жабдықтарды тиеуші, 3-разряд
уатқыш-ұнтақтағыш агрегаттарға материалдарды тиеу;
түрлі жүйедегі қоректендіргіштер мен престерді, вакуум-сорғыларды қосу және ажырату және олардың жұмысын бақылау;
штабельден немесе жылжып келе жатқан көліктен, рұқсат етілетін ылғалдылықта массаны бірқалыпты тиеу;
пресс пен электр қозғалтқыштың артық тиелуін болдырмау мақсатында амперметрдің көрсеткішін қадағалау;
пресс пен электр қозғалтқыштың үстіңгі бетін сүрту;
пресс пен ваккум-сорғының үстіңгі бетін сүрту.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын;
тиелетін материалдардың түрлері мен саны және олардың сапасына қойылатын талаптар;
тиеу режимдерін;
вакуумметр и амперметр көрсеткіштерін;
сыртқы белгілері бойынша массаның түрлерін, мақсатын және ылғалдылығын;
жабдықты тазалау қағидаларын.
138-параграф. Фарфор және фаянс бұйымдарын глазурьлеуші, 2-разряд
қарапайым бұйымдар мен күрделілігі орташа бұйымдарды қолмен, машинада немесе жартылай автоматта глазурьлеу;
майолик бұйымдарының қылқаламымен бір және екі тонды ағынды глазурьмен безендіру;
қыл жаққыштың көмегімен тұтқаларға глазурь жағу;
қажетті рецептураға дейін глазурь суспензиясын дайындау;
бұйымдарды глазурьлеуге (тексеру, тазалау, ысқылау, ылғалдау және оқшаулау) дайындау;
жабынның сапасын тексеру, шығанақтарды, ағындарды және өзгелер ақауларды тазалау;
глазульленген бұйымдарды конвейердің жылжымалы лентасына қою.
қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципін;
күрделілігі орташа мен қарапайым бұйымдар мен бұйымдарды глазурлеудің технологиялық процесін;
глазурьлеу қасиеттерін;
бұйымдарды глазурьлеу кезінде ақауларды алдын алу және жою амалдарын;
тамшы глазурьмен көркемдеп безендіру тәсілдерін.
глазурьлеу:
1) барлық өлшемдегі табақшалар, диаметрі 175 миллиметрге дейін тарелкалар;
2) бокалдар, сыйымдылығы 1,2 литрге дейін сорпа құйғыштар, кружкалар, барлық өлшемдегі кеселер, стандартты шыны аяқтар;
3) соусқа арналған вазалар, май салғыштар, күл салғыштар, шайғыштар, қаймақ салғыштар, жұмыртқаға арналған рюмкалар, қақпақтар;
4) қыша сауыттар, ақжелек салғыштар, бұрыш салғыштар;
5) бір ұяшықты және көп ұяшықты сауыттар;
6) қуыршақ сервиздері;
7) екі буыны бар тік және қисық сызықты түтіктер.
139-параграф. Фарфор және фаянс бұйымдарын глазурьлеуші, 3-разряд
күрделі бұйымдарды қолмен, машинада немесе жартылай автоматта глазурьлеу;
майлок бұйымдарын көп түсті тамшы глазурьлермен және глазурь астына жағатын бояулармен жаққышпен көркемдеп безендіру;
жабын сапасын тексеру;
глазурьлеу ақауларын жою.
қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципін;
нысаны бойынша күрделі бұйымдарды глазурьлеудің технологиялық процесін;
қолмен глазурьлеу әдістерін;
ақауларды алдын алу және жою амалдарын;
көп түсті тамшы глазурьмен көркемдеп безендіру тәсілдерін.
глазурьлеу:
1) портретті және пейзажды барельефтер, диаметрі 300 миллиметрге дейін барлық фасондағы табақшалар, сыйымдылығы 1,2 литрден астам сорпа құйғыштар, биіктігі 300 миллиметрге дейін бюсттер;
2) компотқа арналған сыйымдылығы 2 литрге дейін вазалар, тосап пен жемістерге арналған вазалар, гүл салғыш және декоративтік вазалар, биіктігі 300 миллиметрге дейін;
3) жұқа қабатты шай сервиздерінің бұйымдары;
4) рельефті және шеттері кесілген май салғыштар сүт құйғыштар;
5) тұздық құйғыштар, рельефті шайғыштар;
6) салат салғыштар, сыйымдылығы 1,2 литрге дейін, дөңгелек және төрт бұрышты, қант салғыштар, селедка салғыштар, кепкен нан сауыттары;
7) ұсақ анималистикалық мүсін;
8) диаметрі 175 астам 200 миллиметрге дейін тарелкалар;
9) екеуден артық буындары бар қисық сызықты түтіктер;
10) сыйымдылығы 0,75 литрге дейін шәйнектер, сыйға тартатын шыны аяқтар мен кружкалар, рельефті ақжелек салғыштар.
140-параграф. Фарфор және фаянс бұйымдарын глазурьлеуші, 4-разряд
ерекше күрделі, декоративтік және сирек кездесетін бұйымдарды қолмен және механикаландырылған жабын құралдарының көмегімен глазурьлеу;
майлок бұйымдарын көп түсті тамшы глазурьлермен және глазурь астына жағатын бояу жаққышпен көркемдеп безендіру;
жабындардың сапасын тексеру және ақауларды жою.
ерекше күрделі, ірі, декоративтік және сирек кездесетін бұйымдарды бір түсті және түсті глазурьмен күрделі әрі экспериментальды глазурьлеудің технологиялық процестерін;
жоғары көркемдік бұйымдардың жабындардың құрамы және қойылатын талаптар;
қолданылатын жабын құралдарын.
глазурьлеу:
1) диаметрі 300 миллиметрден астам барлық фасондағы табақшалар, биіктігі 300 миллиметрден астам бюсттер;
2) компотқа арналған 2 литрден астам вазалар, көже мен сорпаға арналған вазалар, гүл салғыш және декоративтік вазалар, биіктігі 300 миллиметрден астам;
3) бір рет күйдіруге арналған бұйымдар;
4) кофейниктер, сыйымдылығы 0,75 литрден астам шәйнектер;
5) салат салғыштар, сыйымдылығы 1,2 литрден астам төрт бұрышты, рельефті кепкен нан сауыты;
6) ірі анималистикалық және көп фигуралық мүсіндер;
7) диаметрі 200 миллиметрден астам тарелкалар.
141-параграф. Фарфор және фаянс бұйымдарын өңдеуші, 3-разряд
боялған бұйымдардың барлық түрлерінің және типтерінің бетін әр түрлі қалдық дақтардан, кірлерден, бояулардан, алтын мен күміс препараттардан, бояу шетін бұзбай тазалау және кетіру мақсатында қышқылмен, пастамен және код ерітіндісімен өңдеу;
ақау жерлерін бітеу;
қалған ақауларды өңдеу.
өнім бетінен дақтар мен дақтарды кетірудің технологиялық процесін;
қолданылатын қышқылдар мен ерітінділердің қасиеттерін және олармен жұмыс істеу қағидаларын;
өңдеудің қауіпсіздік амалдарын.
142-параграф. Фарфор құбырларын дәнекерлеуші, 2-разряд
әртүрлі бейінді құбыр дайындамаларын аспаптарға дәнекерлеу;
құбыр дайындамаларын көтеру және дәнекерлеуге дайындау;
шеттерін түзету, кесетін құралдар мен аспаптарды қолдана отырып, құбыр шеттерін шабу, кесу, тазалау және бітеу;
түржиын өлшемдерін сақтай отырып, дайын құбырларды штабельдерге орнату.
құбырлардың түржиыны мен мақсатын;
құбырларға және дәнекерлеу сапасына қойылатын талаптар;
құбырларды дәнекерлеу және өңдеу амалдарын;
қолданылатын құралдар.
143-параграф. Фарфор құбырларын илектеуші, 3-разряд
әртүрлі бейінді, қималы, диаметрлі және ұзындықты құбыр дайындамаларын қолмен және станоктарда салқын түрінде илектеу;
илектеуге дайындау және дайындамаларды көтеру, илектелген құбырлардың сапасын таңдап тексеру, тасымалдау және арнайы ыдысқа салу.
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен жұмыс істеу принципін, қолданылатын құрал;
шығарылатын құбырлардың түржиынын;
құбырларды илектеу тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
144-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын ажарлаушы,
2-разряд
нысаны бойынша қарапайым бұйымдарды тік, көлденең ажарлайтын станоктарда және жартылай автоматтарда ажарлау және жылтырату;
құрылыс керамикасы бұйымдарын күйдіруден кейін ажарлау;
фарфор және фаянс бұйымдарының жиектерін және аяқтарының үстіңгі жағын қолмен ажарлау;
ажарлағыш абразивтерді іріктеу;
станоктың дұрыстығын тексеру;
ажарлағыш шеңберлерді орнату және түзету;
өңделетін бұйымдар мен абразивтерді бекіту;
бұйымның бетінен ақауларды жою;
өңделетін бұйымдарды дәл бақылау-өлшеу құралдарымен өлшеу;
өңделген бұйымдарды түржиыны мен тип өлшемдері бойынша қатарлау.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
қолданылатын эмульсия мен абразивтік материалдарды түрлерін;
абразивтік материалдар мен дайын бұйымдарға қойылатын талаптар;
ажарлағыш шеңберлерді орнату және түзеу амалдарын;
өлшеу құралдарын қолдану қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
1) фарфор және фаянс бұйымдары: тосапқа арналған табақшалар, қыша сауыттар, жұмыртқаға арналған рюмкалар, қуыршақ сервиздері, сауыттар, сия сауыттары – ажарлау;
2) құрылыс керамикасы бұйымдары: қабырғалардың ішкі қаптамасына арналған санитарлық, глазурьленген плитка, фасад плиткалары және кеуекті бұйымдары – үстіңгі бетін және шетжақтарды ажарлау.
145-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын ажарлаушы,
3-разряд
күрделілігі орташа фарфор және фаянс бұйымдарын тік, көлденең ажарлайтын станоктарда және жартылай автоматтарда ажарлау және жылтырату;
берілген шектер бойынша крандар мен желдеткіштерді ажарлау және сүрту;
тегістеу және жылтырату таспаларының дұрыс орнатылуын реттеу;
тегістеу және жылтырату таспаларының жай-күйін тексеру;
жартылай автоматтың, станоктың жарамдылығын және жұмысқа дайындығын, желдеткіштің жарамдылығын тексеру;
тегістелген бұйымдарды конвейерге немесе жәшіктерге түр-түрі және үлгі өлшемдері бойынша салу;
жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
бұйымдарды өңдеудің технологиялық процесін;
бұйымдарды өңдеу режимдерін;
шектеу жүйесін;
сызбаларды оқу қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
ажарлау:
1) барельефтер, шыны аяқ табақшалары, бокалдар, биіктігі 300 миллиметрге дейін бюсттер;
2) сорпаға гүлдерге, тосапқа арналған вазалар және декоративтік вазалар, биіктігі 300 миллиметрге дейін;
3) кофейниктер, кружкалар, құмыралар;
4) сүт құйғыштар;
5) күл салғыштар, кеселер, шайғыштар;
6) қант салғыштар, қаймақ салғыштар, ұсақ анималистикалық скульптура;
7) диаметрі 175 миллиметрге дейін тарелкалар;
8) шәйнектер, шыны аяқтар.
146-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын ажарлаушы,
4-разряд
конфигурациясы күрделі фарфор және фаянс бұйымдарын тік, көлденең ажарлайтын станоктарда және жартылай автоматтарда ажарлау және жылтырату;
химиялық аппаратура өндірісінде күйдіруден кейін берілген шектеулер бойынша орталықтан тепкіш және вакуумды сорғыларды ажарлау, жетілдіру және ысқылау;
жиынтықтарды ажарлау немесе өңдеу, жекелеген жерлерді ажарлау;
бұйымға белгілі бұрышта абразивтің кескіш жиектерін орнату;
станокты шпинделдің соқпауына, дәл орталықтауға және патрондардың мықты бекітілгеніне тексеру;
судың шеңберге берілуін реттеу;
абразивтерді алмас тастармен қайрау;
қызмет көрсететін станокты баптау.
әртүрлі ажарлағыш шеңберлердің конструкциясын, пайдалану және баптау қағидаларын;
ажарлағыш шеңберді беріктікке тексеру қағидаларын;
абразивтерді қайрау қағидаларын;
бұйым бетінен ақауларды жою амалдарын.
ажарлау:
1) барлық фасондағы табақшалар, биіктігі 300 миллиметрден астам бюсттер;
2) компотқа, жемістерге, сорпаға, гүлдерге арналған және декоративтік вазалар, биіктігі 300 миллиметрден астам;
3) май салғыштар, тұздық құйғыштар;
4) салат салғыштар, селедка салғыштар, ірі анималистикалық скульптура, кепкен нан салғыштар;
5) диаметрі 175 миллиметрден астам тарелкалар, ақжелек салғыштар.
147-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын заборлаушы,
2-разряд
ұсақ фарфор, фаянс бұйымдарын, тіреусіз техникалық фарфор, электр керамикалық бұйымдарды және майлокті бұйымдарды капсельдерге, пеш вагонеткалардың этажеркаларына, отқа төзімді пештабандарға және олардың көлемін тиімді пайдаланып, жарамсыз бұйымдарды бракқа шығарып конвейерлі лентамен заборлау;
капселдер мен отқа төзімді құрал-жабдықтарды (тарақша, масса астарлары) заборлауға дайындау;
капсельдерді тазарту және оларға каолинді ерітінді жағу;
бұйымдар бар капсельдерді тасымалдағышқа, арбаға немесе штабельге орналастыру.
бұйымдардың түржиынын;
бұйымдарды заборлау амалдарын;
қондырғыларды пайдалану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
заборлау сапасына қойылатын талаптар.
заборлау:
1) тосапқа арналған табақша, қыша сауыты, бұрыш сауыты, жұмыртқаға арналған рюмкалар, солонкалар, қуыршақ сервиздері;
2) құйғыш, сыйымдылығы 1000 милиграмға дейін мензуркалар, қалпақша диаметрі 60 миллиметрге дейін песталар, диаметрі 180 миллиметрге дейін келілер, тигльдер оларға арналған барлық өлшемдегі қақпақтар, булайтын тостағандар, барлық өлшемдегі шпательдер.
148-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын заборлаушы,
3-разряд
тіреуге алынатын фарфор, фаянс бұйымдарын, орташа өлшемді көркемдік керамиканы, салмағы 1,3 килограмға дейін электр керамикалық бұйымдарды, техникалық фарфорлардың ірі бұйымдарын және құрылыс керамикасының бұйымдарын капсельдерге, пеш вагонеткалардың этажеркаларына, отқа төзімді пештабандарға және олардың көлемін тиімді пайдаланып, жарамсыз бұйымдарды бракқа шығарып конвейерлі лентамен заборлау;
бұйымдарының түржиынын;
бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, заборлау амалдары;
электр қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігінің талаптары;
заборлау сапасына қойылатын талаптар.
заборлау:
1) шыны аяқ табақшалары, кружкалар, шыны аяқтар, шәйнектер;
2) вазалар, күл салғыштар, жайғыштар, селедка салғыш, тарелкалар;
3) салынған бөлшектер;
4) сыйымдылығы 1000 милиграмнан астам мензуркалар, қалпақша диаметрі 60 миллиметрден астам, песталар, диаметрі 180 миллиметрден астам келілер;
5) еденге арналған керамикалық плиткалар, ішкі қабырғаны қаптауға арналған керамикалық глазурь плиткалар, карниздер, плинтустер, бұрыштамалар;
6) өлшемі 300 миллиметрге дейін мүсін.
149-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын заборлаушы,
4-разряд
фарфор, фаянс бұйымдарын, өлшемі ірі көркемдік керамиканы, салмағы 1,3 килограмнан астам электр керамиканы тіреуге капсельдерге, пеш вагонеткалардың этажеркаларына, отқа төзімді пештабандарға және олардың көлемін тиімді пайдаланып, жарамсыз бұйымдарды бракқа шығарып конвейерлі лентамен заборлау.
бұйымдардың түржиынын;
жиналатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
бұйымдарды заборлау амалдарын;
электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарын.
1) табақшалардың барлық түрі, кофейниктер, құмыралар, қант салғыштар – заборлау;
2) декоративтік вазалар, мүсін өлшемі 300 миллиметрден астам – заборлау.
150-параграф. Фарфор, фаянс, керамика бұйымдарын іріктеуші, 2-разряд
капсельдерден, этажерка ұяшықтарынан, табандықтардан, отқа төзімді плиталар мен конвейерлі ленталардан тіреуге, төгуге немесе желімделетін бетке алынатын салмағы 1,3 килограмға дейін ұсақ фарфор және фаянс бұйымдарын, көркемдік керамика және электр механикалық бұйымдарды іріктеу;
күйдіруден кейін салқындатқыш камерасынан вагонеткаларды іріктеу үшін беру;
белгіленген тәртіппен бұйымдар мен капсельдерді, жарамсыздарын бракқа шығарып, орналастыру;
бұйымдарды келесі операцияларға тасымалдау.
салмағы 1,3 килограмға дейін ұсақ фарфор және фаянс бұйымдарын, көркемдік керамика және электр механикалық бұйымдарды түржиыны;
бұйымдар мен капсельдерге қойылатын талаптар;
бұйымдарды іріктеу амалдарын.
іріктеу:
1) шай табақшалары;
2) күл салғыштар;
3) селедка салғыштар;
4) өлшемі 300 миллиметрге дейін мүсін;
5) диаметрі 240 миллиметрге дейін табақшалар;
6) шыны аяқтар мен кружкалар.
151-параграф. Фарфор, фаянс, керамика бұйымдарын іріктеуші, 3-разряд
капсельдерден, этажерка ұяшықтарынан, табандықтардан, отқа төзімді плиталар мен конвейерлі ленталардан тіреуге, төгуге немесе желімделетін бетке алынатын салмағы 1,3 килограмнан атам ұсақ фарфор және фаянс бұйымдарын, көркемдік керамика және электр механика бұйымдарын іріктеу;
күйдіруден кейін салқындатқыш камерасынан вагонеткаларды іріктеу үшін беру;
белгіленген тәртіппен бұйымдар мен капсельдерді, жарамсыздарын бракқа шығарып, орналастыру;
бұйымдарды келесі операцияларға тасымалдау.
ірі фарфор, фаянс бұйымдарының, көркемдік және құрылыс керамикасы бұйымдарының түржиынын;
салмағы 1,3 килограмнан астам электр механика бұйымдарының түржиынын;
бұйымдар мен капсельдерге қойылатын талаптар;
бұйымдарды іріктеу амалдарын.
іріктеу:
1) барлық фасондағы және өлшемдегі табақтар;
2) декоративтік вазалар;
3) салынған бөлшектер;
4) құмыралар;
5) еденге және қабырғаларды ішкі қаптауға арналған керамикалық плиткалар;
6) өлшемі 300 миллиметрден астам мүсін;
7) диаметрі 240 миллиметрден астам табақшалар;
8) шәйнектер;
9) жұқа қабырғалы шыны аяқтар.
152-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын
түсіруші-қалаушы, 2-разряд
валюшкаларды пресс үстелінен немесе көтергіштен, штабельдерге немесе вагонеткаларға түсіру;
сөрелері бар көтергішті іске қосу және тоқтату;
жоғары білікті көтергіштің басшылығымен түсіргіш механизмнің көмегімен жылжымалы тізбекті конвейерден құбырларды түсіру;
тарельдерді құбыр прессінің үстеліне орнату, шамот ұнтағын себу және керосин жағу;
жаңа қалыпталған құбырдың кең қонышынан тарельдерді шығару;
масса кесінділерін жинау.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын;
валюшканы түсіру және қалау қағидаларын;
канализациялық құбырларға арналған тарельдердің өлшемдерін;
муфтаны зақымдамай тарельдерді құбырлардан шығару амалдарын;
кесінділерді құбыр престеріне одан әрі тиеу үшін жарамдылығын.
153-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын
түсіруші-қалаушы, 3-разряд
құрылыс керамика бұйымдарын: жартылай дайын өнімді, санитарлық бұйымдарды, керамика плиталарын, қышқыл бұйымдарын, блоктарды, капсельдерді, фасад керамикасын және диаметрі 300 миллиметрге дейін канализациялық құбырларды, фарфор, фаянс бұйымдары мен көркемдік керамика бұйымдарын вагонеткаларға түсіру және қалау;
электр шығырдың және беріліс электр арбаларының көмегімен бұйымдар тиелген вагонеткаларды жүк түсіру алаңына ауыстыру;
бұйымдарды сорттары мен маркалары бойынша қатарлап қалау;
түсіргіш механизмнің көмегімен жылжымалы тізбекті конвейерден құбырларды түсіру;
құбырды штанга мен тарельден босату үшін құрылғыларға орнату, құбырларды тасу және еденге орнату;
вагонеткаларды сынықтардан және жарамсыз қалдықтардан тазалау, вагонеткалардың мойынтіректерін майлау;
канализациялық құбырларды түсіру және қалау үшін арбалар мен футлярларды дайындау;
бракты арнайы орынға апару.
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын;
бұйымдарды түсіру және қалау тәсілдерін;
канализациялық құбырларды түсіру және қалау үшін арбалар мен футлярларды дайындау қағидаларын;
канализациялық құбырлардың ылғалдылығын көзбен айқындау амалдарын.
154-параграф. Фарфор, фаянс және керамика бұйымдарын
түсіруші-қалаушы, 4-разряд
диаметрі 300 миллиметрден астам канализациялық құбырларды түсіру және қалау;
пресс үстелінен канализациялық құбырларды футлярдың көмегімен арнайы арбаға түсіру;
деформациялануынан сақтау үшін цилиндрлерді салу;
канализациялық құбырларды көлік құралдарында кептіретін алаңнан ауыстыру;
көлік құралдарынан құбыр бар футлярды түсіру және құбырларды еденге немесе қалқандарға қалау.
құбырларды тасымалдау және орнату қағидаларын;
құбырларды тасымалдау және кептіргішке орнату кезінде қолданылатын құрылғыларды;
құбырлардың түржиынын;
құбырлардың сапасына қойылатын талаптар;
ақаулардың түрлерін және оны жою шараларын.
155-параграф. Фотокерамик, 4-разряд
натурадан, суреттерден, репродукциялардан және баспа бейнелерінен фототүсірілімдер жүргізу;
материалдарды айқындап шығару және ақ-қара бейнелерді фарфор және фаянс бұйымдарына аудару;
бұйымдардың бетін тез балқитын материалдармен өңдеу.
суретті айқындап шығарудың технологиялық процесін;
қолданылатын материалдар мен реактивтердің қасиеттерін;
өнім сапасына қойылатын талаптар.
156-параграф. Фотокерамик, 5-разряд
натурадан, суреттерден, репродукциялардан және баспа бейнелерінен ерекше жауапты фототүсірілімдер жүргізу;
материалдарды айқындап шығару және түсті бейнелерді бұйымдарға аудару;
бұйымдардың бетін тез балқитын материалдармен өңдеу.
ерекше күрделі қара-ақ мен түсті бейнелерді жасаудың технологиялық процесін;
материалдар мен бейнелердің сапасына қойылатын техникалық талаптар;
бұйымның бетін тез балқитын материалдармен өңдеу қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
157-параграф. Фриттеуші, 4-разряд
ұзындығы 1,5 метрге дейін фритт пісіретін пеште белгіленген температуралық режим бойынша фритті пісіру процесін жүргізу;
фритт пісіру пештерінің, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының дұрыстығын тексеру;
берілген рецептураға сәйкес материалдарды мөлшерлеу;
материалдарды фритт пісіретін пешке тиеу;
пісірудің технологиялық параметрлерін қолдау;
фриттің даярлығын айқындау;
дайын фритті ваннаға салу немесе кюбельге төгу, оның салқындатылуын және ұсақталуын бақылау;
фриттаны ваннадан түсіру және оны ыдысқа салу;
фритті төгуге арналаған шұңқырлар мен бассейндерді тазалау.
қызмет көрсететін жабдықтың конструкциясы мен принципін;
фритті қайнатудың технологиялық процесін;
тиелетін материалдардың рецептурасын;
отынды шығындау нормаларын;
қайнатудың технологиялық параметрлерін реттеу тәсілдерін.
Ұзындығы 1,5 метрден астам фритті пеште қайнату кезінде – 5-разряд.
158-параграф. Химиялық аппаратуралар мен химиялық жабдықтарды құрастырушы, 4-разряд
жоғары білікті құрастырушының басшылығымен тиісті бөлшектерді, бөліктерді желімдеу, монтаждау және қажетті бөлшектерді (мойынтіректерді, сальниктерді және өзгелерді) желімдеу арқылы химиялық аппаратуралар мен химиялық жабдықтарды құрастыру;
жиынтықтаушы бөлшектерді, құрамды бөліктерді дайындау және оларды белгілеу;
дайын өнімді буып-түю және қоймаға тапсыру.
химиялық аппаратураның мақсатын;
құрастырудың технологиялық процесін;
жиынтықтаушы бөлшектерді, құрамды бөліктерді дайындау және оларды белгілеу қағидаларын;
дайын өнімді буып-түю қағидаларын.
159-параграф. Химиялық аппаратуралар мен химиялық жабдықтарды құрастырушы, 5-разряд
тиісті бөлшектерді, бөліктерді желімдеу, монтаждау және қажетті бөлшектерді (мойынтіректерді, сальниктерді және тағы басқа) желімдеу арқылы химиялық аппаратуралар мен химиялық жабдықтарды құрыстыру;
ажарлағыш станокта бөлшектерді өңдеу;
тесіктерді бұрғылап тесу, бұрандалар кесу;
тиісті дәлдік классы мен тазалық классы бойынша бөлшектерді келтіру;
қышқылға төзімді желімдеуші масса дайындау;
технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес көрсеткіштер бойынша сынақтар жүргізу.
құрастырылатын өнімнің конструкциясын;
құрастырудың технологиялық процесін;
құрастырылатын бөлшек пен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар;
бөлшектерді өңдеу, түзеу және келтіру амалдарын;
аппаратураны құрастыру қағидаларын және сынау әдістерін;
сызбаларды оқу қағидаларын;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
160-параграф. Шикі құрамдаушы, 3-разряд
берілген рецептураға сәйкес шикі құрамды жасау;
шикі құрамның компоненттерін қор бункеріне беру;
шихта компоненттерін алдын ала өлшеп және олардан бөгде қосындыларды алып тастай отырып мөлшерлеу;
шикі құрам компоненттерінің араластырғыш жабдықтарға келіп түсуін қадағалау;
шикі құрамды араластыру;
сіңдіргіш, тасымалдағыш және қоспалауыш жабдықтарға қызмет көрсету;
араластырғыш агрегаттарды тазалау, жабдық жұмысындағы келеңсіздіктерді жою, жөндеуге қатысу.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
шикі құрамның компоненттері мен дайын шикі құрамның сапасына қойылатын талаптар;
шикі құрамның рецептурасын;
сигнал беру және блоктау жүйесін;
жабдықтың жұмысындағы келеңсіздіктерді жою тәсілдерін.
161-параграф. Шикізатты бөлгіш, 3-разряд
қатып қалған немесе нығыздалып қалған сазды белгіленген мөлшердегі кесекке дейін пневматикалық және қол құралымен, бөгде қосындыны салып тастап, бөлу, қопару, жұмсарту;
қоймаға келіп түсетін сазды сұрыптары мен түстері бойынша орналастыра отырып қоймалау;
алаңды сапасыз шикізаттан және бөгде заттардан тазарту.
қолданылатын құралдың құрылғысын және оны пайдалану қағидаларын;
саз бен шикізаттың сорттары мен түрлерін.
162-параграф. Штампыларды жасаушы, 5-разряд
матрицаларды жасау, әртүрлі клишелерден гипстік қалыптарды түсіру;
матрицалар мен гипс қалыптарындағы пресс-вулканизатордың көмегімен кейіннен резеңке губка мен ұстағыш қаламға штамптарды жапсыра отырып, желатинді және резеңке штампыларды жасау.
штампыларды жасау кезінде қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін;
штампыларды жасау амалдарын;
штампы сапасына қойылатын техникалық талаптар.
163-параграф. Электр керамика бұйымдары мен материалдарын күйдіруші, 3-разряд
өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, камералық типті кезеңді істейтін силитті электр пештерде бұйымдарды күйдіру;
жоғары білікті күйдірушінің басшылығымен әртүрлі сазды және тасты материалдарды күйдіру;
электр пештерге бұйымдарды салу;
пештер мен механизациялау және автоматтандыру құралдарының дұрыстығын және тоқтаусыз жұмысын қадағалау.
қызмет көрсету жабдықтарының құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру және механикаландыру жүйелерін пайдалану қағидаларын;
күйдірілетін бұйымдар мен материалдардың түржиынын;
туындайтын ақаулардың түрлерін және оны алдын алу тәсілдерін.
164-параграф. Электр керамика бұйымдары мен материалдарын күйдіруші, 4-разряд
тоқтаусыз істейтін сілтілі типтегі силитті электр пештерінде бұйымдарды күйдіру;
жартылай дайын өнімдерді плиталарға заборлау және плиталарды күйдіруге кіргізу;
берілген режим бойынша әр түрлі сазды және тасты материалдарды күйдіру;
бақылау-өлшеу аспаптары бойынша температуралық режимді айқындау және реттеу;
пеш арнасы бойынша плиталардың үздіксіз өтуін бақылау және үйінділерді жою.
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
бұйымдар мен материалдарды күйдірудің температуралық режимдерін;
күйдіру және салқындату аймақтарын;
күйдірілген бұйымдар мен материалдарға қойылатын талаптар;
пештің жұмыс істеу кезіндегі ұсақ ақауларды жою амалдарын.
165-параграф. Электр керамика бұйымдары мен материалдарын күйдіруші, 5-разряд
вагонеткалы типтегі туннельді электр пештерінде және сумен қызатын кезеңді істейтін пештерде бұйымдарды күйдіру;
жоғары білікті күйдірушінің басшылығымен пештерді жағуға дайындап және оттықтарды тазалап, жылу өткізгіштер мен желдеткіш шаруашылығының дұрыстығын тексеріп, сұйық және көгілдір отындағы үздіксіз және кезеңді істейтін пештерде бұйымдарды күйдіру;
пештің барлық аймақтары бойынша пироскопиялық конустарды қойып шығу, термоэлектрлік пештердің көрсеткіштері бойынша, конустың құлауы бойынша күйдірудің температурасы мен режимдерін қадағалау;
пештегі отын мен ауаның, қысымның берілуін немесе бәсеңдеуін реттеу;
бұйымдарды күйдіру аймақтары бойынша орналасуын қадағалау;
конустардың құлауы және сынама бойынша қыздырудың аяқталуын айқындау.
қызмет көрсету жабдықтарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
күйдіру және салқындату режимдерін;
қолданылатын отынның түрлері мен маркаларын және оның жылу бөлгіш қабілетін;
пештегі қысымды реттеу тәсілдерін.
166-параграф. Электр керамика бұйымдары мен материалдарын күйдіруші, 6-разряд
итеріп шығарылатын оттығы бар үздіксіз істейтін пештерде бұйымдарды күйдіру;
технологиялық карта және нұсқаулық бойынша бұйымдарды техникалық өңдеуге орнату және реттеу;
конустың құлау, сынама және термобулар бойынша күйдірудің аяқталуын айқындау;
күйдіруден кейін бұйымдарды тексеру.
әртүрлі пештердің және отынды-желдеткішті шаруашылықтың құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
бұйымдарды күйдіру процесінде болатын физика-химиялық процестер;
әртүрлі бұйымдар үшін белгіленген күйдіру аймақтары мен режимдерін.
167-параграф. Электр керамика бұйымдарын ажарлаушы, 2-разряд
абразивтік және қол құралдарымен шайбаларда және шетжақты ажарлауға арналған арнайы станоктарда қарапайым бұйымдарды ажарлау, кесу және шетжақтау;
ажарлағыш абразивтерді таңдау;
өңделетін бұйымдар мен абразивтерді буып-түю, салыстырып тексеру және бекіту.
қызмет көрсететін жабдықтар мен қол құралдарының құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
қолданылатын эмульсиялар мен абразивтік материалдар;
ажарланатын бұйымдардың түржиынын;
қарапайым сызбаларды оқу.
1) қару-жарақтар – ажарлау;
2) түтіктер – кесу және шетжақтау.
168-параграф. Электр керамика бұйымдарын ажарлаушы, 3-разряд
берілген шектеулер мен режимдер бойынша радиалды-ажарлағыш, орталықсыз ажарлағыш және токарлық станоктарында күрделілігі орташа бұйымдарды, шетжақтарын абразивтік және алмас құралдармен ажарлау;
абразивтік және алмас бұйымдарды салыстырып тексеру және түзету;
ажарланатын бұйымдарды өлшеу;
салқындатқыш сұйықтықты іріктеу;
көтергіш көлік механизмдерін пайдалану.
қызмет көрсететін жабдықтың және бақылау-өлшеу құралдың құрылғысы мен пайдалану қағидаларын;
алмас кескішті ажарлау режимдерін;
абразивтік және алмас құралдарының маркаларын;
сызбаларды оқу.
1) биіктігі 500 миллиметрге дейін бұйымдар – арнайы құрылғыларды қолдана отырып планшайбаларда, токарлық және жазық ажарлағыш станоктарда ажарлау;
2) биіктігі 900 миллиметрге дейін бұйымдар – радиалды-ажарлағыш станоктарда ажарлау.
169-параграф. Электр керамика бұйымдарын ажарлаушы, 4-разряд
ажарлаудың оңтайлы режимдерін іріктеп, әр түрлі станоктарда күрделі бұйымдарды ажарлау;
бұрыштардың шетжақтарын, фланецтерді ажарлау, жырашықтарды таңдау;
өңделетін бұйымдарды, әртүрлі конфигурациялы абразивтік және алмас құралдарын орнату, салыстырып тексеру және бекіту.
тегістеу станоктардың құрылғысын және олардың әртүрлі типтерін басқару;
абразивтік және алмас құралдарының механикалық беріктігіне қойылатын талаптар;
ажарлау кезіндегі шектеулердің жүйесін.
1) биіктігі 500 миллиметрден астам бұйымдар – орталықсыз ажарлау станоктарында конустың, цилиндрлік бетін ажарлау;
2) биіктігі 900 миллиметрден астам бұйымдар – радиалды-ажарлағыш станоктарда ажарлау;
3) жоғары саз-балшық материалдан жасалған бұйымдар – ажарлау.
170-параграф. Электр керамика бұйымдарын ажарлаушы, 5-разряд
әртүрлі станоктарда ерекше күрделі, жауапты және сирек кездесетін бұйымдарды ажарлау, жетілдіру және жалтырату;
бұйымдарды станоктарға индикатор бойынша орнату, бұйымдардың біліктестігін реттеу;
абразивтік және алмас тастармен ажарлаудың оңтайлы режимін іріктеу.
әртүрлі ажарлағыш станоктардың құрылғысын, пайдалану қағидаларын, баптау және дәлдікке тексеру қағидаларын;
ажарлағыш шеңберлердің беріктігін тексеру қағидаларын;
фарфорды кесу теориясының негіздерін.
1) беті үзік, діңгекті тіректерге арналған стеатитті, герметикалық енгізулерге арналған ультрафарфорлы бұйымдар - ажарлау;
2) арнайы керамикалық бұйымдардан жасалған бұйымдар – жазық ажарлағыш станоктарда ажарлау.
171-параграф. Электр керамика бұйымдарын бұрғылаушы, 2-разряд
керамика бұйымдарында қолмен контур бойынша және жұмыс және өлшеу құралдарын пайдалана отырып, жартылай автоматтарда тесіктер мен ойықтарды бұрғылау және кесу;
кескіш құралды түзету.
қызмет көрсететін жабдықтар мен қолданылатын құралдың құрылғысын және жұмыс істеу принципін;
бұрғыларды қайрау және бекіту қағидаларын;
тесіктерді кесу және бұрғылау тәсілдерін;
ақаулардың түрлерін және оларды жою тәсілдерін.
172-параграф. Электр керамика бұйымдарын бұрғылаушы, 3-разряд
көлденең парланған автоматтарда керамикалық бұйымдардың дайындамаларына бұрандаларды дөңгелете отырып, тесіктерді бұрғылау;
дайындамаларды бұранда дөңгелететін жартылай автоматтарға орнату;
арнайы таңбалардың көмегімен бұрандаларды дөңгелеу;
бұйымдарды тасымалдағыш лентаға орналастыру.
қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы мен жұмыс істеу принципін;
бұрандаларды бұрғылау және дөңгелетудің технологиялық процесін;
таңбаларды қайрау және орнату қағидаларын.
173-параграф. Электр керамика бұйымдарын глазурьлеуші, 2-разряд
қарапайым бұйымдарды бірқалыпты жабынды сақтай отырып, қолмен, жаққышпен немесе қарапайым құрылғыларды қолдана отырып малтып және глазурьлеу машинасында парафиндеу және глазурьлеу;
глазурьдің қажетті тығыздығын ұстану;
глазурьлеуден кейін бұйымдарды тазалау және жуу.
бұйымдарды глазурьлеу амалдарын;
бұйымдардың түржиынын;
парафин мен глазурьдің қасиеттерін;
қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын;
қарапайым құрылғыларды пайдалану қағидаларын;
ақаудың негізгі түрлерін.
1) беті тегіс бөлшектер: кубиктер, цилиндрлер мен платалар - глазурьлеу;
2) төмен вольтты бұйымдар – глазурьлеу.
174-параграф. Электр керамика бұйымдарын глазурьлеуші, 3-разряд
глазурьлеу машинасында бүрку, қолмен малту әдістерімен және арнайы құрылғыларда күрделілігі орташа бұйымдарды парафиндеу және глазурьлеу;
күйдіруден кейін бұйымдарды глазурьлеу;
глазурь мен фриттің қажетті тығыздығын ұстану;
арматуралауға жататын бұйымдардың бетіне фарфор қиқымдарын жағу.
глазурьлеу машинасын, механизмдер мен арнайы құрылғылардың құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
күйдіруден кейін бұйымдарды глазурьлеу әдістерін;
фритт қасиеттерін мен бұйымдарды сонымен жабу амалдарын;
ақаудың түрлерін және оны алдын алу және жою әдістерін.
1) электр қондырғы бұйымдары – конвейерде глазурьлеу;
2) 1 килограмға дейін күйдірілген түрдегі массада жоғары вольтты оқшаулағыштар – глазурьлеу;
3) стеатитті оқшаулағыштар – глазурьлеу.
175-параграф. Электр керамика бұйымдарын глазурьлеуші, 4-разряд
парафинделген беттің өлшемдерін сақтай отырып, малту және механизмдер мен жартылай автоматтарды қолдана отырып, бүрку тәсілімен күрделі бұйымдарды парафиндеу және глазурьлеу;
глазурьлеу кезінде қолданылатын механизмдер мен жартылай автоматтардың құрылғысын және пайдалану қағидаларын;
орындалатын жұмыс көлемінде сызбаларды оқу.
1) электр қондырғы бұйымдары – жартылай автоматтарда глазурьлеу;
2) 1 килограмнан астам 20 килограмға дейін күйдірілген түрдегі массада жоғары вольтты оқшаулағыштар – глазурьлеу.
176-параграф. Электр керамика бұйымдарын глазурьлеуші, 5-разряд
манипуляторлар мен көтергіш көлік механизмдерін пайдалана отырып, экспортты және тропикалық орындауда ерекше күрделі бұйымдарды глазурьлеу.
арнайы құрылғылар мен көтергіш көлік механизмдерінің құрылғысы және пайдалану қағидаларын;
құрамы бойынша әртүрлі глазурьлердің қасиеттерін;
глазурьлеу тәсілдерін.