Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2029 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Аға буын азаматтарының  жағдайын жақсарту жөніндегі

2029 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

Аға буынның өзін-өзі танытуы және елдің қоғамдық-экономикалық өміріне етене араласуы үшін жағдай жасауға кешенді тәсілдерді айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2029 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
  2. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты жергілікті атқарушы органдар (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері:
  • Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
  • жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей
    Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын.
  1. Әлеуметтік көмек департаменті жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

С. Жақыпова

 

Дата публикации
15 сентября 2025