«Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    1. «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32992 болып тіркелді)  мынадай өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларына:

    32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «32. Алушы порталда өнім берушіні таңдау кезінде қызмет көрсету форматын таңдайды: көзбе-көз (қызмет көрсету орнында ымдау тілі маманының жеке қатысуы арқылы) немесе осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, қашықтықтан (нақты уақыт режимінде ымдау тілі қызметтерін онлайн ұсынуға мүмкіндік беретін интернет-технологияларды пайдалана отырып)»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Қазақстан Республикасы Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

              1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
    2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

                   Қазақстан Республикасының

                 Еңбек және халықты

            әлеуметтік қорғау министрі                                          С. Жақыпова

     

     

     

     

     

     

     

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ

     

    Қазақстан Республикасы  

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

               

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

     

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

Дата публикации
09 сентября 2025