Жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын
бекіту туралы
Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе, әйелдер мен балалар саудасының алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне 2022 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жыл сайын, 2023 – 2024 жылдардағы 20 қаңтардан кешіктірмей Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин