Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің ХАТТАМАСЫ
Отырыс өтетін орын: Астана қ., Мәңгілік ел к-сі 8, 6 кіреберіс, 848 каб.
Отырысты өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы «11» тамыз, 14 сағат: 30 мин.
Қатысты:
Комиссия төрағасы:
- Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Комиссия мүшелері:
- Ертаев Асқарбек Маратұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі;
- Шегай Виктория Вильгельмқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
- Төлеев Нұрдәулет Төлеұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы;
- Беркамалов Серік Нұртазаұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің заң қызметі департаментінің директоры;
- Ибрагимов Азиз Тілепжанұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры;
- Райымбекова Маржан Мұхамедрахимқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры;
- Сүлейменова Толғанай Қапсалямқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы департаментінің директоры;
- Татыбаев Марат Келдімұратұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры.
Комиссия хатшысы:
Керімбаев Самат Абылқасымұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің бас сарапшысы.
МАТ Кеңесінің шешімдерін қабылдауға арналған Кворум заңды болып табылады
Шақырылғандар:
- Мұрзашев Бауыржан Жеңісұлы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;
- Ахметова Эльмира Ақылбекқызы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
- Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы (онлайн форматта).
КҮН ТӘРТІБІ:
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Шымкент қ. бойынша департаменті) 2025 жылғы 3 шілдедегі №5 тиімділік аудиті бойынша аудиторлық есебіне (бұдан әрі – №4 аудиторлық есеп) қатысты 54 тармақта көрсетілген бұзушылық пункті бойынша (№№ 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 60, 61, 62, 63, 68, 69, 72, 73, 74, 75, 77 және 81) 2025 жылғы 18 шілдедегі №01-07/548-И және 2025 жылғы 28 шілдедегі №02-07/567-И қарсылығын қарау;
2) Қарсылықтың әрбір тармағы бойынша МАТ кеңес мүшелерімен дауыс беру арқылы шешім қабылдау.
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларының 103-тармағына сәйкес, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – МАТ Кеңесі) негізгі міндеттерінің бірі – ішкі мемлекеттік аудит мәселелері бойынша (ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеу туралы мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы) туындаған келіспеушіліктерді шешу болып табылады.
МАТ Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелерін және № 5 аудиторлық есепке ұсынылған қарсылық материалдарын зерделей отырып, сондай-ақ МАТ Кеңесі мүшелері мен шақырылғандардың ақпаратын тыңдап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) №5 Аудит есебіне қатысты 54 тармақ (№№ 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 60, 61, 62, 63, 68, 69, 72, 73, 74, 75, 77 және 81) бойынша қарсылықтарды заңды негіздердің болмауына байланысты қарсылықтарды қабылдамауға;
2) Министрліктің Ішкі аудит департаменті (Татыбаев М.Г.) Шымкент қ. бойынша департаменттің атына қарсылыққа жауап жолдасын және Министрліктің интернет-ресурсында қарсылықты қарау қорытындыларын жарияласын.
Кеңес Төрағасы С. Жақыпова
Кеңес Хатшысы С. Керімбаев