«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

баспасөз-хабарламасы

 

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ұйғарымымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 шілдедегі № 326 бұйрығымен бекітілген Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережеге (бұдан әрі - Үлгілік ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізу тапсырылды.

Негізгі өзгерiстер мен толықтырулар  жарғылық капиталына қатысу үлесінің елі пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшы жұмыскерлерін енгізу, оның ішінде аталған жұмыскерлерге еңбегіне ақы төлеу және сыйлықақы беру шарттарын айқындау болып табылады.

Үлгілік ережеге жоғарыда көрсетілген өзгерістерді енгізгенге дейін бұл құзыретті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ережесімен айқындау қажет, осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау, Министрліктің функцияларын нақтылау және акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және жарғылық капиталына қатысу үлесінің елі пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшы жұмыскерлеріне еңбегіне ақы төлеу және сыйлықақы беру шарттарын белгілеуде бірыңғай және ашық тәсілді қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

Дата публикации
06 августа 2025