ХАТТАМА Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің сырттай отырысы бойынша

ХАТТАМА

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің сырттай отырысы бойынша

 

Отырыс өткізілген орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, 6-подъезд.

Сырттай отырыстың күні мен уақыты: 2025 жылғы 18 шілде.

 

Сырттай дауыс беруге қатысқандар:

Комиссия төрағасы:

- Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Комиссия мүшелері:

- Ертаев Асқарбек Маратұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі;

- Шегай Виктория Вильгельмқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

- Төлеев Нұрдәулет Төлеұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы;

- Серік Нұртазаұлы Беркамалов - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментінің директоры;

- Райымбекова Маржан Мұхамедрахимқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры;

- Сүлейменова Толғанай Қапсалямқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қаржы департаментінің директоры;

- Татыбаев Марат Келдімұратұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры.

 

Қатыспаған:

- Ибрагимов Азиз Тілепжанұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры - жыл сайынғы еңбек демалысында.

 

Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі - МАТ Кеңесі) шешімдерін қабылдауға арналған Кворум заңды болып табылады

КҮН ТӘРТІБІ:

1) «RUSGuard» және «PERCo-S – 20» бағдарламалық қамтамасыз етулерінің функционалдық мүмкіндіктері мәселесін зерделеуге қатысты 2025 жылғы
08 шілдедегі МАТ Кеңесінің ұсынымы бойынша дайындалған Министрліктің ішкі аудит департаментінің 18.07.2025ж. №03-1-0/2571-ВН хатымен (бұдан әрі-18.07.2025ж. Талдамалық анықтама) жіберілген Талдамалық анықтамасын қарау;

2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Қарағанды облысы бойынша департаменті) 2025 жылғы 23 мамырдағы №4 тиімділік аудиті бойынша аудиторлық есептің 11 тармағына қатысты 2025 жылғы 05 маусымдағы № 1-4/4001 және 2025 жылғы 09 маусымдағы № 1-4/4006 (бұдан әрі- қарсылық) қарсылығына шешім қабылдау;

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларының 103-тармағына сәйкес МАТ Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі ішкі мемлекеттік аудит мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешу, атап айтқанда Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеу туралы Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығын қарау.

2025 жылғы 08 шілдедегі МАТ Кеңесі сырттай отырысының қорытындысы бойынша МАТ Кеңесінің ұсынымы негізінде дайындалған 18.07.2025 жылғы Талдамалық анықтамаға материалдарды зерделеп, «RUSGuard» және «PERCo-S-20» бағдарламалық қамтамасыз етулерінің функционалдық мүмкіндіктері мәселесін зерделеуге қатысты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1) 18.07.2025ж. Талдамалық анықтамада көрсетілген фактілер бойынша Министрліктің ішкі аудит департаменті (М.К. Татыбаевқа) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен аясында шаралар қабылдасын;

2) № 4 аудиторлық есептің №11 тармағы бойынша Заңды негіздердің болмауына байланысты Қарағанды облысы бойынша департаментінің қарсылықтарын қабылдамауға;

3) Министрліктің ішкі аудит департаменті (М.К. Татыбаевқа) Қарағанды облысы бойынша департаментіне аудиторлық есептің 11-тармағына қатысты қарсылыққа жауап жолдасын және Министрліктің интернет-ресурсында қарсылықты қарау қорытындысы жарияласын.

 

Кеңес Төрағасы                                                                           С. Жақыпова

 

Кеңес Хатшысы                                                                           С. Керімбаев

Дата публикации
22 июля 2025