2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 49 мемлекеттік қызмет айқындалған, оның ішінде 45 қызмет түрі электрондық форматта ұсынылады («электрондық үкімет» порталы, «Электрондық еңбек биржасы» платформасы, «eGov mobile» және екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары, проактивті форматта), оның ішінде 28 қызмет (57%) проактивті түрде, ал 4 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 3,6 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 2,4 млн. немесе 67,1%-ы электрондық форматта (оның ішінде 1 млн. (29%) проактивті түрде), сондай-ақ 1,2 млн немесе 32,9%-ы қағаз жүзінде көрсетілді.