«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
5) аппараттар, туторлар;
6) балдақтар: бір тіректі және көп тіректі;
7) таяқтар: шынтақ бір тіректі, шынтақ көп тіректі, қолтық асты;
8) жетек арбалар: дөңгелектері жоқ, адымдайтын, екі деңгейлі, қолтық асты тірегімен, дөңгелектерде, білекке тіреумен;
9) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
10) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;
11) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);
12) аппараттарға арналған аяқкиім;
13) жейде киюге арналған құрылғы;
14) колготки киюге арналған құрылғы;
15) шұлық киюге арналған құрылғы;
16) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);
17) белсенді ұстағыш;
18) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;
19) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;
20) кілтке арналған ұстағыш.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы жүріп-тұру құралдары:
1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар/қол жетегі бар серуендеуге арналған негізгі;
2) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар/бір қолмен басқаруға арналған қол жетегі бар серуендеуге арналған;
3) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар/қосымша қолдаумен қол жетегі бар серуендеуге арналған;
4) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар/рычагты жетегі бар серуендеуге арналған;
5) әмбебап белсенді түрдегі кресло-арбалар;
6) бір қолмен басқаруға арналған әмбебап белсенді түрдегі кресло-арбалар;
7) электр жетегі бар кресло-арба (әмбебап);
8) сал ауруымен ауыратын балаларға арналған кресло-арба (әмбебап балалар);
9) кресло-каталка.»;
5-тармақта:
7), 8)тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) стома айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған қорғаныс кремі;
8) стома айналасындағы теріні қорғауға және күтуге арналған сіңіргіш ұнтақ (опа);»;
10)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) стома айналасындағы немесе бұтаралығы аймағындағы теріні күтуге және өңдеуге арналған теріні тазартқыш;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі А. Мамин