Еңбек мобильділігі орталықтары және мансап орталықтары қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру (2025 жыл)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың тамыз айында қоса берілген кестеге сәйкес еңбек мобильділігі орталықтары және мансап орталықтары қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігін бастапқы аттестаттаудан өткізуді бастайтынын хабарлайды.
Аттестаттау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 422 бұйрығымен бекітілген еңбек мобильділігі (мансап) орталықтары қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігін аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Еңбек мобильділігі орталықтары және мансап орталықтарының қызметкерлері үшін онлайн-кәсіптік даму платформасындағы жеке кабинетінде аттестаттаудан өту мерзімдері, қолжетімділігі және мәртебелері көрсетіледі.