Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің ХАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің ХАТТАМАСЫ

 

 

Отырыс өтетін орын: Астана қ., Мәңгілік ел к-сі 8, 6 кіреберіс, 848 каб.

Отырысты өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы «8» шілде, 11 сағат: 30 мин.

 

Қатысты:

Комиссия төрағасы:

- Жақыпова Светлана Қабыкенқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Комиссия мүшелері:

- Ертаев Асқарбек Маратұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі;

- Шегай Виктория Вильгельмқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

- Төлеев Нұрдәулет Төлеұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы;

- Серік Нұртазаұлы Беркамалов - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;

- Ибрагимов Азиз Тілепжанұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры;

- Райымбекова Маржан Мұхамедрахимқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры;

- Сүлейменова Толғанай Қапсалямқызы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы департаментінің директоры;

- Татыбаев Марат Келдімұратұлы - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры.

 

МАТ Кеңесінің шешімдерін қабылдауға арналған Кворум заңды болып табылады

 

Шақырылғандар:

- Блялов Нұркен Аманбайұлы – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ басшысы;

- Халикова Фардана Талғатқызы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің медициналық-әлеуметтік сараптама басқармасының басшысы.

 

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-нің (бұдан әрі – Қарағанды облысы бойынша департаменті) 2025 жылғы 23 мамырдағы №4 тиімділік аудиті бойынша аудиторлық есепке (бұдан әрі – №4 аудиторлық есеп) 43 бұзушылық пункті бойынша 2025 жылғы 05 маусымдағы № 1-4/4001 және 2025 жылғы 09 маусымдағы № 1-4/4006 қарсылығын қарау.

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларының 103-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі - МАТ Кеңесі) негізгі міндеттерінің бірі ішкі мемлекеттік аудит мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді шешу, атап айтқанда Ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеу туралы Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығын қарау.

МАТ Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелерін және № 4 аудиторлық есепке қарсылықтың ұсынылған материалдарын зерделеп, сондай-ақ МАТ кеңесі мүшелері мен шақырылғандардың ақпаратын тыңдап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1) отыз жеті тармақ бойынша қарсылық қабылдамауға (№№ 1-6, №12, №№15-20, №№23-24, №№29-30, №№32-34, №36-48, №51, №53, №60, №74), бұл ретте, қарсылықтың төрт тармағы бойынша ішінара қарсылықтар қабылдансын (№ 1, №3, №4 және №34);

2) бес тармақ бойынша қарсылықтар қабылдансын (№21, №26, №27, №28 және №50);

3) Министрліктің ішкі аудит департаменті (М.К. Татыбаев) қарсылықтың бір тармағы бойынша (№11) «RUSGuard» және «PERCo-S-20» бойынша функционалдық мүмкіндіктер мәселесін қол жеткізуді басқару жүйесінің  (ҚЖБЖ) жабдықтарын жеткізушілерге сұрау салу жолымен қосымша зерделесін.

4) Министрліктің ішкі аудит департаменті (М.К. Татыбаева) Қарағанды облысы бойынша Департаменттің атына қарсылыққа жауап жолдасын және Министрліктің интернет-ресурсында қарсылықты қарау қорытындыларын жарияласын.

 

 

Кеңес Төрағасы                                                                           С. Жақыпова

Кеңес Хатшысы                                                                  С. Керімбаев

Дата публикации
14 июля 2025