|
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
_______________ А. Әлназарова
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
___________________Ж. Мәдиев
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
_______________ С. Жақыпова
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2025 жылғы ___ ______
№____
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2025 жылғы ___ ______
№ ____
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2025 жылғы ___ ______
№ ____
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаның іске қосылу мерзімдері
|
№ |
Субъект (мемлекеттік орган) |
Пилоттық жобаның іске қосылу мерзімі |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері |
2025 жылғы маусымнан бастап
|
|
2 |
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
3 |
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
4 |
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы |
2025 жылғы шілдеден бастап*
2025 жылғы тамыздан бастап**
|
|
5 |
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
6 |
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
7 |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
8 |
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
9 |
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
10 |
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
11 |
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
12 |
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
13 |
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
14 |
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
15 |
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
16 |
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
17 |
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
18 |
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
19 |
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
20 |
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы |
|
|
21 |
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы |
*«ДАМУ» Ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-да ақпараттық жүйесін пайдаланатын медициналық ұйымдар.
**«Жетісу» ЖШС, «Надежда» ЖШС, «Infomed Kazakhstan» ЖШС, «Авиценна МАЖ» ЖШС ақпараттық жүйелерін пайдаланатын медициналық ұйымдар.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы ___ ______ №____
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы ___ ______ № ____
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы ___ ______ № ____ бірлескен бұйрығына 2-қосымша
|
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, медициналық ұйымда құрылатын комиссия еңбекке уақытша қабілетсіздігін сараптау үшін пациентті жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет көрсетуге жіберу, адамның ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) трансплантаттау, пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу, аурудың бар-жоғын анықтаған кезде баланы үйге оқытуға жіберу, бақылау, мониторинг, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау және негізділігі мәселелерін шешу;
2) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау;
4) медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны) – «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінде толтырылатын және дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған № 031/е нысаны бойынша құжат;
5) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
6) «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «МОДБ» ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Барлық өзге де ұғымдар және қысқартулар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – МӘС Қағидалары) сәйкес қолданылады.
2-тарау. № 031/е нысанын қалыптастырудың ерекшелігі
Осы Алгоритмнің 1-қосымшасына сәйкес пилоттық жоба жүргізілетін жекелеген нозологиялық нысандар тізбесіне кіретін жағдайлар бойынша № 031/е нысанын қалыптастырған кезде, деректер Алгоритмнің 2-қосымшасына сәйкес міндетті зерттеп-қарау және объективті деректер тізбесіне сәйкес міндетті түрде көрсетіледі.
3-тарау. МӘС жүргізу тәртібі
МӘС актісі жобасы сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда, сараптамалық қорытынды шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Сараптамалық қорытынды МӘС сарапшының ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін, «МОДБ» ААЖ-дағы «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модуліне түседі.
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритміне 1-қосымша
Пилоттық жобаны жүргізу кезінде
жекелеген нозологиялық нысандар тізбесі
|
№ |
Нозологиялық нысандар |
АХЖ-10 коды |
|
1. |
Туа біткен және жүре пайда болған қалпына келмейтін кемістіктер – аяқ-қолдың болмауы және (немесе) ампутациясы: |
Q71.0 - Q71.3
Q72.0 - Q72.3
S48, S48.0, S48.1, S48.9
S58, S58.0, S58.1, S58.9
S68 - S68.9 S78, S78.0, S78.1, S78.9
S88, S88.0, S88.1, S88.9
S98, S98.0, S98.1, S98.2, S98.3
Т05 - Т05.9 |
|
екі қол буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің ампутациясы |
||
|
екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы |
||
|
қолды (иық буынынан) және аяқты (жамбас-сан буынынан) экзартикуляциялаудың ұштасуы |
||
|
біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың барлық фалангы сүйектерінің, екі қол буынының болмауы |
||
|
біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың барлық фалангы сүйектерінің, екі қол буынының болмауы |
||
|
екі қол буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы |
||
|
екі қолдың тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы |
||
|
қолды иық буынынан экзартикуляциялауы |
||
|
Шопар бойынша табан тұқылдары |
||
|
тізе тұқылдары, оның ішінде Пирогов бойынша табанды ампутациясы |
||
|
жамбас сан буынынан экзартикуляциялауы |
||
|
протездеуге келмейтін санның көп бөлігінің (жоғарғы үштен бір бөлігі) ампутациясы |
||
|
екі аяқ жіліншігінің немесе сан буынының протезделген кесілген тұқылдары |
||
|
жіліншік тұқылы немесе бір аяқтың көп бөлігінің ампутациясы төрт саусақ сүйектерінің барлық фалангыларының болмауымен немесе бір қолдың көп бөлігінің ампутациясымен ұштасуы |
||
|
біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың барлық фалангы сүйектерінің болмауы |
||
|
біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың барлық фалангы сүйектерінің болмауы |
||
|
тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың бірінші және екінші саусақтарының болмауы |
||
|
тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың үш саусағының болмауы |
||
|
екі қолдың бірінші саусақтарының болмауы |
||
|
бір қолдың ампутациялық тұқылы |
||
|
Пирогов бойынша ампутациядан кейінгі табан тұқылы, Шопар буыны деңгейіндегі ақаулы тұқыл және бір аяқтың неғұрлым көп бөлігінің ампутациясы |
||
|
Шарп бойынша табан сүйектері бастарының резекциясы бар табанның екіжақты тұқылдары |
||
|
2. |
Даун (ауруы) cиндромы |
Q90, Q90.0, Q90.1, Q90.2, Q90.9 |
|
3. |
Балалардағы мукополисахаридоз |
E76, E76.0, E76.1, E76.2, E76.3, E76.8, E76.9 |
Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритміне
2-қосымша
№ 031/е нысанын толтыру үшін міндетті зерттеп-қараулар мен
объективті деректердің тізбесі
1) міндетті зерттеп-қарау әдістері:
стационарлық науқастың тарихынан үзінді;
травматолог-ортопед (ересек, бала) және (немесе) хирург дәрігерінің қорытындысы (тұқылдың жағдайын, ампутация деңгейін көрсете отырып, жергілікті статустың толық толтырылуы);
зақымдалған аяқ-қолдың рентгенографиясы;
ампутация деңгейі көрсетілген рентгенолог қорытындысы;
аяқ-қолдың хирургиялық ампутациясы кезінде – «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес «Стационарлық пациенттің медициналық картасы» № 001/е нысаны бойынша стационарлық пациенттің медициналық картасына 10-қосымша парағы.
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша):
мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
1) міндетті зерттеп-қарау әдістері:
перифериялық қан лимфоциттерін кариотипті зерттеу – диагнозды белгілеген кезде;
генетиктің қорытындысы – диагнозды белгілеген кезде;
невропатолог қорытындысы;
психиатрдың қорытындысы – психикалық функцияларының бұзылу дәрежесін анықтау үшін;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
амбулаторлық пациенттің және (немесе) стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінділер көшірмелері – бар болса.
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша):
мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
1) міндетті зертеп-қарау әдістері:
молекулалық-генетикалық зерттеу әдісімен ДНК мутациясын анықтау;
амбулаторлық науқастың және (немесе) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінділер көшірмелері – бар болса;
2) қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша):
мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
____________________________________________________