1-қосымша
Есепті кезең: 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1182 қаулысымен бекітілген.
Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат
|
№ |
Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы |
Аяқтау нысаны /өлшем бірлігі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы туралы ақпарат |
Бөлінген қаражаттың игерілуі |
Түсініктемелер
|
||
|
жоспар |
факт |
жоспар |
факт |
|||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
2-нысаналы индикатор. Еңбек қызметіне байланысты адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың 1000 жұмыскерге шаққандағы жиілік коэффициенті (2024 жылы – 0,035, 2025 жылы – 0,033, 2026 жылы – 0,031, 2027 жылы – 0,029, 2028 жылы – 0,027, 2029 жылы – 0,025, 2030 жылы – 0,023) |
|
|
0,035 |
0,026 |
|
|
Орындалды |
|
|
3-нысаналы индикатор. Өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды жасырып қалу деңгейі (2024 жылы – 12:1, 2025 жылы – 13:1, 2026 жылы – 14:1, 2027 жылы – 15:1, 2028 жылы – 16:1, 2029 жылы – 17: 1, 2030 жылы – 18:1) |
|
|
12:1 |
13:1 |
|
|
Орындалды |
|
|
7 |
«Шахталардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» халықаралық еңбек ұйымының №176 конвенциясын ратификациялау, сондай-ақ қолданыстағы еңбек заңнамасына ілеспе өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қажеттілігі туралы мәселені қарау |
ХГҚ жөніндегі ВАК-қа ұсыныс
|
Еңбекмині, ӨҚМ, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері (келісу бойынша), республикалық кәсіподақтар бірлестіктері (келісу бойынша)
|
|
|
|
|
Орындалды Халықаралық еңбек ұйымының «Шахталардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» №176 конвенциясы (бұдан әрі – Конвенция) 1995 жылғы 22 маусымда ХЕҰ бас конференциясында қабылданды. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2024 жылы мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктерімен бірлесіп Конвенция ережелерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізді және оны ратификациялаудың ықтимал құқықтық салдарын айқындады. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша Министрлік ратификациялаудың орындылығы негіздемесін, құқықтық талдау мен алдағы қадамдар бойынша ұсыныстарды қамтитын Конвенция қорытындысының Тұжырымдамасын дайындады. Аталған Тұжырымдама 2024 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасының 2026-2028 жылдарға арналған халықаралық шарттар жасасудың перспективалық жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) жобасын қарау және енгізу үшін жіберілді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 11-1-4/214 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларының 4 тармағына сәйкес В соответствии с пунктом 4 Правил разработки текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан, утвержденных приказом и.о. Министра иностранных дел от 5 мая 2023 года №11-1-4/214, Конвенцияны жоспарға енгізу туралы мәселе Сыртқы істер министрлігі жанындағы халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатын болады. Комиссия отырысын өткізу 2026-2028 жылдарға арналған перспективалық жоспарды қалыптастырудың белгіленген мерзімдерінде жоспарлануда. Конвенцияны ратификациялау жөніндегі одан әрі іс-қимылдар оны бекітілген перспективалық жоспарға енгізгеннен кейін жүзеге асырылатын болады. |
|
8 |
Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдармен бірлесіп технологиялық қайта жарақтандыру арқылы, қауіпті өндірістік объектілердің олардың авариялық деңгейін төмендету жұмысын жүргізу |
есеп |
ТЖМ, ӨҚМ, Еңбекмині, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері (келісу бойынша), республикалық кәсіподақтар бірлестіктері (келісу бойынша)
|
|
|
|
|
Орындалуда Орындалу кезеңі 2024-2030 жылдар Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ҚР ТЖМ) моральдық ескірген және физикалық тозған технологиялық жабдықты пайдаланудан шығару мақсатында қауіпті өндірістік объектіні техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарына сәйкес оны кезең-кезеңімен ауыстыру жүргізеді. ҚР ТЖМ жабдықтың уақтылы ауыстырылуын қадағалауға мүмкіндік беретін Жиынтық жоспарды жыл сайын қалыптастыруды жүзеге асырады. ҚР ТЖМ деректері бойынша 2024 жылы 2343 технологиялық жабдық (техникалық құрылғылар мен технологиялық желілер) ауыстырылды. 2015 жылдан бастап барлығы 19 798 бірлік технологиялық жабдық ауыстырылды (2015 ж. – 2 184, 2016 ж. – 1 514, 2017 ж. – 2 081, 2018 ж. – 1 933, 2019 ж. – 1 580, 2020 ж. – 1 727, 2021 ж. – 1 883, 2022 ж. - 1 712, 2023 – 2 841, 2024 – 2 343). |
|
4-нысаналы индикатор. Жұмыс істеп тұрған жеке меншік нысанындағы белсенді заңды тұлғаларды жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесімен қамту (2024 жылы – 60 %, 2025 жылы – 65 %, 2026 жылы – 70 %, 2027 жылы – 75 %, 2028 жылы – 80 %, 2029 жылы – 85 %, 2030 жылы – 90 %) |
|
|
60 % |
56,9 % |
|
|
Орындалды Жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесімен жеке меншік нысаны бар жұмыс істеп тұрған белсенді заңды тұлғаларды қамту жөніндегі нысаналы индикатор 2024 жылы белгіленген мәні 60% құрағанда 56,9% көрсетті. Жоспарлы мәнге қол жеткізбеудің негізгі себебі жасасқан сақтандыру шарттары санының салыстырмалы түрде ұлғаюымен қатар жүрмейтін жұмыс істеп тұрған белсенді заңды тұлғалар санының озық өсуі болып табылады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша белсенді заңды тұлғалардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,5% - ға өсті (198 516-дан 221 784 бірлікке дейін). Сонымен бірге, Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, заңды тұлғалар жасаған жазатайым оқиғалардан сақтандырудың қолданыстағы шарттарының саны 114 146 бірлікті құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,1% - ға көп (108 285 бірлік). Сақтандыру шарттарын қамту динамикасы мен өсу қарқынын ескере отырып, 2023 жылы жұмыс істеген заңды тұлғалардың санымен салыстыру кезінде 2024 жылғы нысаналы көрсеткішке іс жүзінде қол жеткізілгенін атап өтуге болады. Бұл бұрын қабылданған шаралардың тұрақты оң үрдісі мен тиімділігін растайды. |
|
|
11 |
ЖОМС шарты шеңберінде сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен кәсіптік тәуекелді төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын және зардап шеккен жұмыскерлерді оңалту бағдарламаларын енгізу |
РСКҚ (Еңбек министрінің бұйрығы қабылданды) |
Еңбекмині, ҚНРДА (келісу бойынша), республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері (келісу бойынша),
|
|
|
|
|
Орындалды Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен зардап шеккен қызметкерлерге кәсіптік тәуекелді төмендетуге бағытталған алдын алу іс-шараларын және оңалту бағдарламаларын енгізу үшін 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 49-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен (бұдан әрі - 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 49-VIII ҚРЗ Заңы) жұмыс берушінің алдын алу шараларын жүргізуге жұмсаған шығындарын сақтандыру сыйлықақысының 6% – нан аспайтын («Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру» Заңының 19-бабының 6-тармағы (бұдан әрі - ЖОМС Заңы) және оңалту шараларына жұмсалған шығыстарды өмірді сақтандыру компаниялары өтеу жөніндегі нормалар енгізілгені сақтандыру сыйлықақысының 6% - дан аспайтындығы (ЖОМС туралы Заңның 10-бабының 9) тармақшасы) енгізілген. Заңды іске асыру үшін «Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге арналған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 20 бұйрығы қабылданды.
|
|
6-нысаналы индикатор. Іске асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар саны (2024 жылы – 3, 2025 жылы – 4, 2026 – 4, 2027 жылы – 5, 2028 жылы. – 5, 2029 жылы – 6, 2030 жылы – 6) |
|
|
3 |
3 |
274 484 мың. теңге |
274 484 мың. теңге |
Орындалды |
|
|
15 |
Кәсіптік тәуекел дәрежесін (жарақат алу қаупі бар салалар бойынша) ескере отырып, салалар бойынша арнаулы кәсіптік құзыреттерді дамыту жөніндегі үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және салалық қауымдастықтардың тиісті құзыретін бекіту |
Еңбек министрі м.а.-ның бұйрығы қабылданды
|
Еңбекмині, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері (келісу бойынша), республикалық кәсіподақтар бірлестіктері (келісу бойынша)
|
|
|
|
|
Орындалды Кәсіптік тәуекел дәрежесін (жарақат алу қаупі бар салалар бойынша) ескере отырып, салалар бойынша арнаулы кәсіптік құзыреттерді дамыту жөніндегі үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және салалық қауымдастықтардың тиісті құзыретін бекіту бойынша «Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 21 тамыздағы № 323 бұйрығы қабылданды.
|
|
16
|
Салалық біліктілік шеңберін және «Еңбекті қорғау» кәсіптік стандартын қайта қарау |
Еңбек министрінің бұйрығы қабылданды |
Еңбекмині, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері (келісу бойынша), республикалық кәсіподақтар бірлестіктері (келісу бойынша) |
|
|
|
|
Орындалды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 490 бұйрығымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіптік стандарты бекітілді. Кәсіптік стандарт білім беру бағдарламаларын, оқу курстарын әзірлеу үшін: – білім беру бағдарламаларын өзекті және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес етуге; – еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылары бар оқу орындарының түлектерін шығаруға пайдаланылатын болады. Кәсіптік стандартта келесі кәсіптік карталар бар: 1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі басшы – СБШ 8 деңгейі; 2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі сарапшы (кеңес беруші) – СБШ 7 деңгейі; 3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі аға инженер – СБШ 7 деңгейі; 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер – СБШ 6 деңгейі (6.2. – 1 санат, 6.1. – 2 санат, 6.0 – санаты жоқ); 5) денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы/өндірістік медицина жөніндегі маман - СБШ 6-деңгейі (6.2. – 1 санат, 6.1. – 2 санат, 6.0 – санаты жоқ) 6) еңбек жағдайлары және кәсіптік тәуекелдерді бағалау жөніндегі маман – СБШ 6-деңгейі (6.2. – 1 санат, 6.1. – 2 санат, 6.0 – санаты жоқ) 7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту жөніндегі маман (дәріскер) – СБШ 6 деңгейі (6.2. – 1 санат, 6.1. – 2 санат, 6.0 – санаты жоқ) 8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техник – СБШ 4 деңгейі (4.2. – 1 санат, 4.1. – 2 санат, 4.0 – санаты жоқ). |
|
17 |
Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп «Қауіпсіз еңбек: кәсіп және мансап» тақырыбында 11-сынып оқушыларына арналған онлайн кәсіптік бағдар беру көрмесін ұйымдастыру және өткізу |
кәсіптік бағдар беру көрмесі |
Еңбекмині, ҒЖБМ, жұмыс берушілердің республикалық |
|
|
|
|
Орындалуда Орындау кезеңі 2024-2030 жылдар. 2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының, еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының, жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен еліміздің 32 мектебінде 11-сыныптардың 608 оқушысының қатысуымен «Қауіпсіз еңбек: кәсіп және мансап» тақырыбында кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.
|
|
19 |
Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың бірлескен, оның ішінде диссертациялар, ғылыми гранттар дайындау жөніндегі ынтымақтастығы шеңберіндегі ғылыми және білім беру әлеуетін интеграциялауды қамтамасыз ету |
келісімдер, меморандумдар |
Еңбекмині, ҒЖБМ |
|
|
|
|
Орындалуда Орындалу кезеңі 2024-2030 жылдар 2024 жылы еңбекті қорғау бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалды: Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті; Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті; Торайғыров университеті (Павлодар). Меморандумдар шеңберінде «ҚР ЕХӘҚМ еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК базасында ғылыми тағылымдамадан Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің магистранттары өтті. |
|
20 |
Еңбекті қорғау саласында зерттеулерді іске асыратын және мамандарды, сарапшыларды даярлауды жүзеге асыратын шетелдік ғылыми зертханалармен, білім беру орталықтарымен және әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастықты кеңейту |
келісімдер, меморандумдар |
Еңбекмині, ҒЖБМ |
|
|
|
|
Орындалуда Орындалу кезеңі 2024-2030 жылдар 2024 жылы шетелдік ғылыми және (немесе) білім беру ұйымдарымен келісімдер жасалмаған. Бұл ретте, 2025 жылы ILO – Халықаралық еңбек ұйымымен, APOSHO – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Азия-Тынық мұхиты ұйымымен, Euroshnet - еңбекті қорғау жөніндегі Еуропалық желімен ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту жоспарлануда. |
|
24 |
«Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасының сақталуын жұмыс берушілердің өздерінің бақылауын жүзеге асыру функционалын енгізу |
пайдалануға беру актісі
|
Еңбекмині, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері (келісу бойынша), республикалық кәсіподақтар бірлестіктері (келісу бойынша) |
|
|
|
|
Орындалды Еңбек заңнамасының сақталуын өзін өзі бақылау функционалы hr.enbek.kz. порталында іске асырылды. |