«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру

Объявление о проведении конкурса по отбору независимых директоров в состав Совета директоров акционерного общества «Центр развития трудовых ресурсов»

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Директорлар құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Жалғыз акционері Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар лауазымына (1 бірлік) конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс. Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Тәуелсіз директорларды іріктеу комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) хатшысы Н.М. Омаровқа қолма-қол немесе электрондық түрде n.omarov@enbek.gov.kz электрондық почта мекенжайына ұсынылуы тиіс. Қоғамның орналасқан жері: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70-ғимарат. ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 1. Қоғам қызметінің негізгі мәні еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық қолдау, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту және сүйемелдеу болып табылады. 2. Қоғам қызметінің түрлері: 1) электрондық ақпараттық ресурстарды, Ақпараттық жүйелерді, телекоммуникация желілерін және басқа да ақпараттандыру объектілерін қорғау; 2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, деректерді өңдеу және сақтау орталықтарын ұйымдастыру, Әлеуметтік-еңбек саласы объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру; 3) пайдаланушыны тіркеу (есептік жазба жасау) және оған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне, интернет-ресурстарына және дерекқорларына қол жеткізу құқықтарын беру (немесе оны өзгерту); 4) әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттандыру объектілерін сүйемелдеу, дамыту жөніндегі жобаларды басқару, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және олардың қолжетімділігін бақылау, бағдарламалық-аппараттық құралдар мен телекоммуникация желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауды ұйымдастыру; 5) «Электрондық еңбек биржасы» Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын дамыту жөніндегі жобаларды сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету және басқару; 6) уәкілетті мемлекеттік органға қызмет көрсету: еңбек нарығының жай-күйін бағалау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау; мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер мәлімдеген техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің бағаларына талдау жүргізу мәселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету; Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету; кәсіби стандарттарды сараптау; жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың дербестендірілген дерекқорын, бірыңғай жиынтық төлемді және бірыңғай төлемді төлеушілерді қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының іске асырылу барысын мониторингілеу, оларды бағалау және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша ведомстволық және әкімшілік статистикалық есептілікті жинауды ұйымдастыру; электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыссыздарды кәсіптік оқыту үшін оқыту курстарын сатып алу; Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ Жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша еңбек ұтқырлығы орталықтарын (мансаптық орталықтарды) әдіснамалық қолдау; зейнетақы жүйесіне, міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысушыларға, жергілікті атқарушы органдар көрсететін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары мен әлеуметтік көмек алушыларға, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін, жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді көрсету тетіктерін дамыту; 7) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша тиімділікті талдау және ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде мониторингті жүзеге асыру және талдамалық материалдарды дайындау, еңбек нарығындағы ахуал туралы зерттеу және талдамалық жұмыс жүргізу; 8) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дерекқорын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған және (немесе) ұзартқан адамдар, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттары тоқтатыла тұрған және кері қайтарып алынған адамдар; экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлері) талап етілетін кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын; 9) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыз отбасы мүшелері ретінде тіркеуді және есептен шығаруды; 10) тағайындауды, есептеуді (айқындауды), қайта есептеуді және жүзеге асыруды есепке алуды және мониторингті қамтамасыз ету: зейнетақы төлемдерінің, әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрлерінің және республикалық бюджеттен біржолғы төлемдердің; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдері; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер; 11) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-еңбек саласында ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету; 12) алушылар санын және республикалық бюджеттен және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің, сондай-ақ МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдердің сомаларын есепке алуды және мониторингтеуді қамтамасыз ету; 13) МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу туралы ақпаратты ай сайын беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын талдау және талдамалық материалдарды дайындау; 14) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы, оның ішінде мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша тиімділікті талдау және ұсыныстар әзірлеу: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдері; 15) мүгедектігі бар адамдардың дербестендірілген дерекқорын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту; 16) мүгедектікті электрондық («сырттай») белгілеу процесін сүйемелдеу; 17) Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен қосымша әлеуметтік көмек алушылардың дербестендірілген дерекқорын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту; 18) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды, есептеуді (айқындауды), қайта есептеуді және жүзеге асыруды есепке алуды және мониторингтеуді қамтамасыз ету; 19) тарихи отанына оралған және қандас мәртебесін алған адамдардың, сондай-ақ қандас мәртебесі ұзартылған адамдардың дербестендірілген дерекқорын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту; 20) еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша тиімділікті талдау және ұсыныстар әзірлеу; 21) ақпараттық-талдамалық материалдарды, нормативтік-анықтамалық әдебиеттерді және басқа да баспа өнімдерін, оның ішінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі журналдарды, газеттерді, брошюраларды өз қажеттіліктері үшін шығару; 22) қуғын-сүргіннің құрбаны болудан негізделген қорқыныштың салдарынан пана іздеген адамдар мен босқындардың және өз елінің қорғанысын пайдалана алмайтын өзінің азаматтық тиесілілігі бар елден тыс адамдардың дербестендірілген дерекқорын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту; 23) әлеуметтік қызметтер порталында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар тіркелімін және мамандар тізілімін қалыптастыру; 24) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың дербестендірілген дерекқорын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту; 25) тіркелген еңбек шарттары бар жеке тұлғалардың дербестендірілген деректер базасын қалыптастыру, сүйемелдеу және дамыту; 26) әлеуметтік-еңбек саласының деректерін талдау және өңдеу; 27) Жергілікті атқарушы органдар мен еңбек ұтқырлығы орталықтары (мансаптық орталық) мамандарының біліктілігін арттыру. Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлығына кандидаттарға қойылатын талаптар: Кандидат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 28 наурыздағы № 92 бұйрығымен бекітілген «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келу қажет. Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде: 1) ұйымның тиісті бейінінде экономикалық қызмет түріндегі мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда еңбек өтілінің болуы, кемінде 15 жыл, оның ішінде, қаржылық есептілікті дайындау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау салаларындағы жеке секторда, компанияларда жұмыс тәжірибесі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында немесе ұйымның тиісті бейінінде мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі және (немесе) ІТ қызметтері саласында өтілінің және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық салаларында жұмыс тәжірибесінің болуы, басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, кемінде 5 (бес) жыл; 2) ДК мүшесі ретінде кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі; 3) кандидаттың өзі сайланатын ДК құрамына Қоғамның қызметіне тән негізгі мәселелер туралы білімінің болуы; 4) білімі: - Қоғам қызметі саласын реттеу бөлігіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы; - сыртқы орта, ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік ортаны; - Қоғамның ДК тиісті комитетіне мүше болған кезде сараптамалық пікірді қамтамасыз ету үшін бизнес-жоспарлау, ішкі бақылау және аудит, стратегия, адам ресурстарын басқару саласындағы негіздер мен ерекшеліктер; 5) Тәуелсіз директордың функционалдық міндеттерімен байланысты белгілі бір салаларда арнайы дағдыларға, ДК комитеттеріндегі мүшелікке, жеткілікті деңгейде дамыған коммуникативтік дағдыларға ие болу, жұмыста ашықтық, объективтілік, конструктивтілік және кәсібилік қағидаттарына негізделу; 6) үміткерде іскерлік және/немесе салалық ортада мінсіз беделінің болуы, жоғары әдептілік нормаларын сақтау. Үміткердің өмірбаянында экономикалық қызмет саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстар, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар, кәсіпкерлік қызметтегі құқық бұзушылықтар және/немесе әдептілік нормалары мен тәртіпті бұзу әрекеттері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орындарынан теріс себептермен жұмыстан босатылу фактілерінің болмауы; 7) үміткер талдамалық және коммуникативтік дағдыларға, командада жұмыс істеу, сендіру және ықпал ету, заңдылық, әділеттілік және барлық мүдделі тараптарға тең көзқарас қағидаттары негізінде мәселелер бойынша ұстаным әзірлеу, тіпті егер ол көпшілік пікірінен ерекшеленсе де, өз көзқарасын білдіре алу, өзінің мамандығы немесе тәжірибесі шеңберімен шектелмей жағдайды объективті бағалай білу қабілетіне ие болуға тиіс; 8) кандидаттың басқа компаниялардың 4 (төрттен) астам директорлар кеңесінде мүшелігінің болмауы. Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш; 2) кандидаттың түйіндемесі; 3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқ екенін растайтын құжаттар; 7) оның еңбек және әлеуметтік қорғау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар (бар болса); 8) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер; 9) «Тәуелсіз директор» сертификатынан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі. Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.. Іріктеуге қатысушы (кандидат) жоғарыда көрсетілген құжаттарды конвертке: «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ тәуелсіз директорына іріктеуге қатысу үшін деген белгіні көрсете отырып, «Кандидаттың материалдары___ _ (Т. А. Ә.) және/ немесе құжаттарды қолма-қол ұсынады/ Министрлікке жібереді, не хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ тәуелсіз директорына іріктеуге қатысу жөніндегі белгіні көрсете отырып, Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға жолдайды. Іріктеуге қатысушы (кандидат) құжаттарды қолма-қол ұсынған кезде (не құжаттарды Министрлікке почтамен жолдаған кезде) осы конвертте қатысушының (кандидаттың) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынады. Ішкі және сыртқы конверттер: 1) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша Министрлікке жолдануға құқылы; 2) «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының ДК тәуелсіз директорларын іріктеу» деген сөздерді қамтуға міндетті. Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімді құжаттармен бірге электрондық поштаға жіберген кезде іріктеуге қатысушы (кандидат) олардың дұрыстығына, сондай-ақ ұсынылатын құжаттардың сапалы бейнесіне жауапты болады. Бұл ретте Комиссия құжаттардың сапасы төмен: оқылмайтын, бұлыңғыр не толық сканерленбеген құжат негіздері бойынша құжаттарды ұсынған қатысушының өтінімін қабылдамауға құқылы. Қажет болған жағдайда Комиссия көшірмесімен салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын сұратуға құқылы. Құжаттарды электрондық почтаға жіберген жағдайда: 1) барлық құжаттарды бір хабарламамен жіберу керек; 2) қоса берілген әрбір файлдың мазмұнына сәйкес келетін нақты атауы болуға тиіс; 3) электрондық хабарлама тақырыбында «Тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидаттың құжаттары (Т.А.Ә.)» көрсетілу керек. Байланыс телефондары: (7172) 74-33-58, 8-702-420-01-36. Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - Министрліктің интернет-ресурсында конкурс өткізу жөнінде хабарландыру орналастырылған күн. Кандидаттың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Министрлікте әңгімелесу өткізіледі. Комиссия Іріктеуге қатысушылармен (кандидаттармен) әңгімелесу жүргізу кезінде олардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Тауар биржалары туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Банктер және және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодекстерін, Қоғамның Жарғысын, Қоғамның корпоративтік басқару кодексі бойынша білімдері тексеріледі. Іріктеуге қатысатын және әңгімелесуге жіберілген қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда, техникалық байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін. 1- қосымша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорлығына кандидаттарға қойылатын талаптар I. Қоғамның Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін Кандидат мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс: 1. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 20-тармағына сәйкес тәуелсіз директор мәртебесіне сәйкес келеді, оның ішінде: 1) қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды және өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш) жыл ішінде ондай болмаған (оның Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда); 2) Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды; 3) Қоғамның лауазымды адамдарымен немесе қоғамның үлестес тұлғаларымен бағыныстылығы жоқ және Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш) жыл ішінде осы тұлғалармен бағынысты болмаған; 4) мемлекеттік қызметші болып табылмайды; 5) Қоғамның аудиторы болып табылмайды және ол Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш) жыл ішінде ондай болмаған; 6) аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитіне қатыспайды және оның Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы 3 (үш) жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған. 2. Халықаралық сертификаттардың немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімнің болуын қоса алғанда, жоғары білімі (және/немесе «магистр» дәрежесі) бар. Өзге де тең жағдайларда қоғамның негізгі қызметіне сәйкес келетін салада немесе қаржы немесе басқару (менеджмент) саласында білімі бар кандидаттарға артықшылық берілуге тиіс. 3. Компанияларда жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде: ұйымның тиісті бейінінде экономикалық қызмет түріндегі мамандық бойынша жұмыс тәжірибесінің немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда еңбек өтілінің болуы, кемінде 15 жыл, оның ішінде, қаржылық есептілікті дайындау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау салаларындағы жеке секторда, компанияларда жұмыс тәжірибесі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында немесе ұйымның тиісті бейінінде мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі және (немесе) ІТ қызметтері саласында өтілінің және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық салаларында жұмыс тәжірибесінің болуы, басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы, кемінде 5 (бес) жыл. 4. ДК мүшесі ретінде кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар. 5. Тәуелсіз директордың функционалдық міндеттеріне, ДК комитеттеріне мүшелікке байланысты белгілі бір салаларда арнайы дағдылары, жеткілікті дамыған коммуникативтік дағдылары бар, жұмыста ашықтық, объективтілік, конструктивтілік және кәсібилік қағидаттарына негізделеді. 6. Қоғаммен жасалатын операциялардың көлемі мен сипатына ұқсас, бірақ ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпаратқа ие болуға, оның ішінде мынадай түсінікті көрсетуге тиіс: 1) реттеушілік міндеттемелер; 2) ұлттық және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік орта; 3) Қоғамның ДК тиісті комитетіне мүшелік кезінде сараптамалық пікірді қамтамасыз ету үшін корпоративтік қаржы, аудит және ішкі бақылау, стратегия және/немесе тағайындау және/немесе сыйақы мәселелері саласындағы ерекшеліктер. 7. Ұсынылған ақпаратты жан-жақты талдауға және объективті бағалауға және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең көзқарас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз ұстанымды қалыптастыруға қабілетті. Үміткер көпшіліктің пікірінен өзгеше болса да, өз пікірін білдіруге және оны ұстануға қабілетті. 8. Іскерлік және/немесе салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие, жоғары әдептілік нормаларын ұстанады. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілері жоқ. 9. ДК жұмысына қатысу үшін ДК отырыстары кезінде ғана емес, сонымен қатар ДК отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеу үшін жеткілікті уақыт бар. 10. Тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болмауы. 11 Бір уақытта 4 (төрттен) астам компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі бола алмайды. II. Мынадай адам тәуелсіз директорға кандидат бола алмайды: 1. Белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның ДК төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайланбайды. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу, консервациялау немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады. 2. Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар. 3. Қоғаммен Директорлар кеңесінде жұмыс істеуден басқа, акцияларға иелік ететін акционерлермен, Басқарма мүшелерімен қандай да бір қатынастармен байланысты. 4. Бәсекелес ұйымның лауазымды адамы немесе жұмыскері болып табылатын адам кандидат бола алмайды. 2- қосымша Өтініш «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға өз келісімімді растаймын. Сондай-ақ, мен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының үлестес тұлғасы болып табылмайтынымды және соңғы үш жыл ішінде ол болып табылмағанымды, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды тұлғаларымен - «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның үлестес тұлғаларымен бағынысым жоқ екенін; мемлекеттік қызметші болып табылмайтынымды; осы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ аудиторы болып табылмайтынымды және соңғы үш жыл ішінде ол болып табылмағанымды, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспағанымды және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспағанымды растаймын. __________(қолы) __________ (Т. А. Ә.) Күні 202___жылғы «___» ______ 3- қосымша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының Тәуелсіз директор лауазымына кандидат туралы мәліметтер 1. Жалпы мәліметтер Аты, әкесінің аты ,тегі Туған күні және туған жері Тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірлері Азаматтығы Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері 2. Үлестестігі туралы мәліметтер: Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інісі, апа-сіңлісі (қарындасы), балалары), сондай-ақ жекжаттары (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі (қарындасы), ата-анасы, балалары) туралы мәліметтер № Т.А.Ә. Туған күні, айы, жылы Туыстық қатынастығы Жұмыс орны, қызметі 1 2 3 4 5 6 7 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы туралы мәліметтер: № Заңды тұлғаның атауы, БСН Қызмет түрлері Жарғылық капиталдағы сома және үлес 1 2 3. Кәсіби деректер Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіптік білімі Қосымша білім беру, оның ішінде жұмыс істейтін саладағы біліктілікті арттыру курстары, ғылыми дәрежелері Қаржылық қызметтерді көрсету және (немесе) реттеу саласындағы, оның ішінде жұмыс істеуге ниеттенген саладағы жұмыс тәжірибесі (ішкі аудит қызметінің басшылары, бас бухгалтерлер толтырады) (қаржы ұйымдарында жұмыс істеген жылдарының санын, қызмет түрлері бойынша аудитор, бухгалтер лауазымдарын атқарғанын көрсету) Жұмыс істеуге ниетті саладағы басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі (қолда бар жұмыс тәжірибесін сипаттау: лауазымдық міндеттері, кәсіби дағдылары) Директорлар кеңесінің құрамындағы жұмыс тәжірибесі Тілдерді білуі Қоғам қызметінің бейініне ұқсас бизнесті білу Шетелдегі жұмыс тәжірибесі Тәуелсіз директордың жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі Листингтен өткен/ өтіп жатқан компаниялардағы жұмыс тәжірибесі Директорлар кеңесінің комитетін басқару мүмкіндігі Жетістіктері Кәсіби ұйымдарға мүшелігі Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат 4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер: № Жұмыс кезеңі (айы, жылы) Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары мен лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары 1 2 3 4 5 6 7 5. Басқа мәліметтер: Экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар, Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығының болуы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттету туралы деректердің болуы Бұрын банкрот деп танылған не оған катысты мәжбүрлеп тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшы қызметкері болған Осы мәселеге қатысы бар басқа ақпарат Мен, _____________________________, осы ақпаратты мұқият тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын және мен ұсынған дәйексіз мәліметтердің болуы менің тағайындауыма (сайлануыма) келісімді қайта қарау (кері қайтарып алу) үшін негіз болып табылатынын мойындаймын. (қолы, күні)
Дата публикации
20 мая 2025