«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7), 9) және 12) тармақшаларына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты азаматтардың жекелеген санаттарының жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар "халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР Заңына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттары үшін квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Алайда, квоталау жұмыспен қамту деңгейін арттыру құралы ретінде жеткілікті тиімді болмай отыр.

Осыған байланысты, тиісті жұмысты ұйымдастыру үшін мыналар ұсынылады:

1) бас бостандығынан айыру және пробация орындарынан босатылған адамдар үшін белгіленген квота мөлшерін көрсете отырып, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындары санының бір пайызынан үш пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгіленсін;

2) белгіленген квота мөлшерін көрсете отырып, ұйымдар бөлінісінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының жыл сайынғы квотасын белгілеу;

3) жұмыс беруші квота шеңберінде мүгедек адамдарды жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша немесе өз бетінше жұмысқа орналастыруға құқылы;

Қосымша редакциялық өзгерістер енгізіледі.

Дата публикации
30 ноября 2020