«Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен

қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

         «Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.

         Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларының (бұдан әрі – БС) жобасы бюджеттік ұйымдардағы барлық қызмет салаларына ортақ жұмыстарға санаттар бойынша 13 лауазымның біліктілік сипаттамаларын қамтиды.

БС-ның мазмұны Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес толықтай қайта қаралды, лауазымдар мемлекеттік тілдегі алфавиттік тәртіппен көрсетілген.

Пайдалануға ыңғайлы болу мақсатында БС санаттар бойынша лауазымдардың атаулары, беттердің нөмірленуі бар алфавиттік көрсеткішті (қосымша) көздейді.

БС ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, уәкілетті еңбек органның ведомстволық веб-сайтында орналастырылған, барлық мүдделі тараптармен келісілген, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алған.

БС қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек қатынастарын реттеумен, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда персоналды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу үшін қолданылады.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Анықтама: Бұрын қолданыста болған «Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 1428 болып тіркелді.

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің

Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті

 

Дата публикации
29 октября 2020